Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Атырау мұнай өңдеу зауытына 420 млн теңге айыппұл салынды
Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты экологиялық нормаларды бұзғаны үшін 420 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс барысында зауыттан шыққан шығарындылар мен ағынды сулар заң талаптарына сай келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
Астанада «Көктем–2026» шақырылымы жас толымын шығарып салу рәсімі өтті
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен Астана қаласының әкімдігі, қалалық Қорғаныс істері департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Наурыз, 2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылды
Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт киіммен қамтамасыз етудің жаңартылған тәсілі іске асырылып жатқанын хабарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2026
С.Аманжолов университеті ғылымды дамытуға ерекше ден қойған
Осы күнге дейін білім беру сапасын арттыру, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту мәселелері күн тәртібінен түскен жоқ. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университеттер тек білім берумен шектелмей, инновация мен ғылыми ізденістің орталығына айналуы тиіс екенін ерекше атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 31 Наурыз, 2026
Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінде Комор аралдарын жеңді
Қазақстан ерлер құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Комор аралдарына қарсы өткізген матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады
Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ескерту жасаған полиция қызметкеріне бірнеше мас азамат шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 31 Наурыз, 2026
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Базарбайұлы Жазықпаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылында мектеп автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 31 Наурыз, 2026
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды
Елорданың коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Наурыз, 2026
Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?
Уақытша шектеулер аяқталғаннан кейін Үкімет теңгерімді тарифтік саясатты іске асыруды жалғастырады. Қолданылатын тәсіл кезең-кезеңімен және атаулы сипатта жүзеге асырылады, күрт әрі экономикалық тұрғыдан негізсіз шешімдер қабылданбайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті
Бүгін, 31 наурыз күні сағат 14:00 шамасында Батыс Қазақстан облысының Подстепное кентінде маршруттық және мектеп автобустарының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 31 Наурыз, 2026
«Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты
Астанада Наурыз мерекесі аясында ұсынылған «Ұлы дала аруы» атты алып арт-инсталляциясы әлемдік рекорд ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде мәдени мұраны қорғау саласында мамандар даярлауды күшейту көзделген, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 31 Наурыз, 2026
Абай мұрасы мен «Қыз Жібек» операсы: Қазақстан ЮНЕСКО тізіміне қандай жаңа номинацияларды жолдады?
Үкімет ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Оның жеке бөлімі «Әлем жады» бағдарламасы шеңберіндегі деректі мұраға арналған. ЮНЕСКО тізіміне қандай нысандар енгізілгені және Қазақстаннан қандай номинациялар жіберілгені туралы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 31 Наурыз, 2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
Республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция бойынша елімізде тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігі күшейтілді. Бұдан былай тұрғын үйден шығару тек сот шешімі бойынша ғана жол беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2026
Қазақстан жаңа форматтағы ҰБТ-ға қашан көшеді?
Бірыңғай ұлттық тестілеудің (ҰБТ) жаңа форматына көшу бірден емес, кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 31 Наурыз, 2026
Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін
Астана қаласында жылу маусымы жақын күндері тоқтатылуы ықтимал. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 31 Наурыз, 2026
Үкімет мәдени мұраны сақтауға арналған екі жылдық кешенді жоспарды бекітті
Ел Үкіметі ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
5 миллионнан астам адам несие алудан өз еркімен бас тартты
Қазақстанда «Стоп-кредит» қызметі кеңінен танымал бола бастады. Бұл сервис азаматтарға өз атына несие немесе микрокредит рәсімдеуге ерікті түрде шектеу қоюға мүмкіндік береді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, бұл қызметті 5 миллионнан астам адам пайдаланып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2026
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өсе ме?
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметте өткен брифингте стипендия көлемін арттыру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Талдықорғанда ер адам танысын пышақтап өлтірді
Әлеуметтік желілерде Талдықорған қаласындағы «Арафат» кафесі жанында болған жанжалдың бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 31 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдануды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шетелдік шешімдерге тәуелділікті азайту қажеттігін атап өтіп, геологиялық барлау жұмыстарына отандық технологияларды қолдану жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 31 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов: Ғылымға ұзақ мерзімді инвестиция салуды ынталандыру қажет
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді инвестиция тарту мәселесін көтерді. Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұзақмерзімді инвестиция тартудың жаңа тетіктерін әзірлеу тапсырылды, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 31 Наурыз, 2026
Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол
Бүгінде автокөлік өнеркәсібі ел экономикасының маңызды қозғаушы күшіне айналды. Бір кездері сырттан келетін көлікке тәуелді болған нарық қазір өз өндірісін ұлғайтып, жаңа технологияларды игере бастады. Осы тұрғыда саланың жүріп өткен жолын және қай бағытта дамитынын саралау маңызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Наурыз, 2026
Президент «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады
Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 31 Наурыз, 2026
«The National Interest» журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституцияға қатысты мақаласы америкалық «The National Interest» журналында жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 31 Наурыз, 2026
«Бағанашыл» балалар үйінің бірнеше корпусы сүріліп жатыр: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді
Алматы тұрғындары «Бағанашыл» балалар үйі аумағында орналасқан ғимараттардың бірінің бұзылғанын, ал екіншісінің терезесіз қалғанын байқап, видеоға түсіріп алған. Қала әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 31 Наурыз, 2026
Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді
Атырауда биыл масалармен күрес барысында дрондар қолданылады. Бұл технология бұрын қолмен өңдеу қиын болған аумақтарды тиімді қамтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2026
Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та білім алуға ниетті қазақстандық студенттер санының азайғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған визалық шектеулер себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 31 Наурыз, 2026
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірген қылмыстық топқа қарсы арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде 20 адам ұсталып, ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.