Соңғы жаңалықтар
Технология • 27 Наурыз, 2026
Премьер-министр жасанды интеллектіні дамытудың негізгі бағыттарын атады
Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумында Премьер-министр Олжас Бектенов цифрландыру мен жасанды интеллекттің ел дамуындағы шешуші рөлін атап өтті. «Индустрия 5.0: Өзара әрекеттесудің күші» тақырыбындағы жиынға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары, IT-индустрия өкілдері, халықаралық компаниялар мен инвесторлар қатысып, 3 мыңнан астам делегат бас қосты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2026
Еліміздегі 272 елді мекенде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында елдегі су тасқыны жағдайы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Наурыз, 2026
Алдағы күндері қай өңірлерде күн күрт жылынады?
Синоптиктер 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн жылынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2026
Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады
Елордалық полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу жұмыстарын күшейтті. Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камералары арқылы ереже бұзушылар тіркеліп, оларға тиісті әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 27 Наурыз, 2026
Гүлзарлар аумағы 77%-ға ұлғаяды: Биыл Алматыда қандай гүлдер егіледі?
«Eco Almaty» ЖШС 2026 жылы қаланы гүл екпелерімен көгалдандыру және безендіру жұмыстарын бақылауға алады. Мекеме мәліметінше, жоспарланған аумақ 387 мың шаршы метрді құрайды. Оның ішінде: 107 мың шаршы метрге біржылдық гүлдер, 280 мың шаршы метрге көпжылдық гүлдер мен бұталар, сондай-ақ 116 мың шаршы метрге раушан гүлдері егіледі. Нәтижесінде 2025 жылмен салыстырғанда гүлзарлар аумағы 77%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2026
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Қырғызстанда өтеді
Қазақстанның ЕАЭО төрағалығы аясында Шымкентте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кеңейтілген құрамдағы отырысы өз жұмысын аяқтады. Отырыста еуразиялық интеграцияны дамыту, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация, технологиялық даму, кедендік реттеу, экономикалық тұрақтылық, цифрлық трансформация және тұтынушылардың құқықтарын қорғау сияқты кең ауқымды мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты түзетулерді түсіндірді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов зейнетақы қаражатын басқаруға қатысты енгізілгелі отырған екі негізгі түзетудің маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Наурыз, 2026
ХОК мәлімдеме жасады: Енді трансгендерлер Олимпиадаға қатыса алмайды
Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) әйелдер жарыстарына тек биологиялық әйелдердің қатысуына рұқсат беретін жаңа саясат енгізгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды: Мүлікті кімдер сатып ала алады?
Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайраттың Mercedes-Benz S450 көлігін аукционға қою туралы хабарландыру жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Театр • 27 Наурыз, 2026
Аида Балаева Дүниежүзілік театр күнімен құттықтады
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барлық театр өкілдерін Дүниежүзілік театр күнімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды
Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 27 Наурыз, 2026
Көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды
Алматы қаласында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шықты. 4 күнге созылған кешенді шара барысында полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бағытында ауқымды тексерулер жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Наурыз, 2026
Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр
Шымкентте Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Наурыз, 2026
С.Сейфуллин атындағы университет алғаш рет QS WUR by Subject 2026 рейтингіне енді
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚАТЗУ) алғаш рет QS World University Rankings by Subject 2026 халықаралық пәндік рейтингіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін тағы да 10 пайызға көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: Дипфейк видеолар мен жалған сауалнамаларға сенбеңіз
Желідегі дипфейк видеоларда Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерінің бейнесін пайдаланып «жәбірленуші инвестордың» жалған оқиғасы баяндалған видео тарап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 27 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды
Премьер-министр Олжас Бектенов ЖИ базасында ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 27 Наурыз, 2026
Алатау қаласы жаңа мәртебеге ие болды
Парламент Мәжілісі «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, бұл еліміздің урбанизация және инвестициялық саясатында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Алатау қаласы – дербес басқару мен Smart City моделі бойынша жаңа мәртебеге ие болады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Наурыз, 2026
Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара биатлоннан Миланда өткен қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовпен және оның жаттықтырушыларымен кездесті. Кездесу барысында министр отандық спорт саласына қосқан елеулі үлесі мен халықаралық аренадағы жоғары жетістіктері үшін Ербол Хамитовқа «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 27 Наурыз, 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Қазақстан тәжірибесі Францияда таныстырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресті мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. 2026 жылғы 26 наурызда Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа Кеңесінің GRECO (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы) 102-ші пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асу барысын таныстырды. Еуропа Кеңесімен құрылған GRECO ұйымына 51 мемлекет мүшелік етеді, ал Қазақстан Республикасы аталған ұйымның толыққанды мүшесі болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 27 Наурыз, 2026
Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады
9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Наурыз, 2026
АҚШ тарихында алғаш рет: Долларға Трамптың қолтаңбасы қойылады
АҚШ президенті Дональд Трамп ел тарихында алғаш рет өзінің қолтаңбасын америкалық банкноттарға енгізбек. NBC News телеарнасының мәліметінше, бұл бастама АҚШ Қаржы министрлігінің ақпаратында айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 27 Наурыз, 2026
Ламин Ямаль «Алтын доп» иегері атануы мүмкін бе? Жаңартылған рейтинг жарияланды
Футбол әлеміндегі ең беделді жүлде – «Алтын допқа» үміткерлер рейтингінде жаңа көшбасшы анықталды. Score 90 порталының наурыз айындағы жаңартуы бойынша 18 жастағы каталондық «Барселона» және Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль көш бастап тұр, деп жазады Egemen.kz.
Театр • 27 Наурыз, 2026
Театр көрермені көбейді: Былтыр 2 миллионнан астам адам қойылым тамашалаған
27 наурыз – Дүниежүзілік театр күні. Бұл күн Қазақстанда тек театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, сонымен бірге театр өнерінің жүйелі дамуын, көрермен сұранысының артуын және шығармашылық ізденістің кеңеюін айқындайды. Театрға қызығушылықтың артып келе жатқанын – биылғы 3 ай ішінде 170 мың көрерменнің қойылымдарды тамашалағаны айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Наурыз, 2026
Тестілеу кезінде ережелерді бұзған 82 талапкердің нәтижелері жойылды
2026 жылғы 2 наурызда басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) бүгінгі күнге дейін 117 мыңнан астам талапкер тапсырды. Олардың 71,6%-ы – тестілеуді қазақ тілінде, 28,3%-ы – орыс тілінде, ал 111 адам ағылшын тілінде өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Наурыз, 2026
Threads желісінде Қазақстан армиясы туралы жалған мәлімет жариялаған жігіт ұсталды
Астанада 23 жастағы тұрғын алаяқтық және жалған ақпарат тарату күдігімен ұсталды. Ол әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын оқиға жариялап, көпшілікті адастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Полиция басшылары қызметінен босатылды
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына байланысты жасаған мәлімдемесінде бірнеше полиция басшысының қызметінен босатылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 27 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді
Әлемнің екінші ракеткасы атанған отандасымыз, теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Наурыз, 2026
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет берді. 2026 жылғы 27 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша бірқатар бағыттарда қозғалысқа шектеу енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Наурыз, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер 27 наурызда Астана қаласы мен Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.