Соңғы жаңалықтар
Экономика • 20 Наурыз, 2026
Импортқа тәуелділік әлі жоғары: Еліміз қандай кәсіби және техникалық қызметтерді сатып алып отыр?
Соңғы жылдары Қазақстанның қызметтер экспорты мен импорты тұрақты өсім көрсеткенімен, сыртқы сауда теңгеріміндегі теріс айырма толық жойылған жоқ. Ел экономикасында қызмет көрсету саласы кеңейіп жатқанымен, күрделі және жоғары білікті қызмет түрлері бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 20 Наурыз, 2026
Ақтөбеде ұры дүкеннен 18 телефон ұрлап кеткен
Ақтөбеде ұялы телефон сататын дүкеннен 18 құрылғыны қолды еткен күдікті қолға түсті. Жалпы шығын көлемі шамамен 15 млн теңгені құраған, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Наурыз, 2026
Ел тұрғындары қандай дәрілерді көп сатып алады?
2024 жылғы шілдеден бері таңбалау жүйесі Қазақстанда ең көп сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Наурыз, 2026
Енді домбыраны ұшақ салонына алып кіруге болады
Домбыраны ұшақтың жолаушылар салонында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 20 Наурыз, 2026
Kaspi, Toyota, Coca-Cola: Қазақстандағы сауда саласының ең ірі салық төлеушілері кімдер?
Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі саналатын сауда саласы соңғы жылдары елдің ішкі жалпы өніміндегі үлесін арттырып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің маңызды көзіне айналды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша саладағы ең ірі салық төлеушілердің рейтингі жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Наурыз, 2026
Бибігүл Жексенбай: Алаяқтықтан зардап шеккендерді қорғау жүйесінде олқылықтар көп
Сенатор Бибігүл Жексенбай азаматтардың алаяқтардан қорғану мүмкіндігінің аздығы мен жекелеген мемлекеттік органдардың енжар көзқарасы туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Наурыз, 2026
Қолайсыз метеожағдай: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 20 наурызға арналған ауа сапасына қатысты ескерту жариялап, еліміздің бірқатар қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 20 Наурыз, 2026
Қазақстанда қымыз өндірісі артты
Ұлттық статистика бюросы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісіне қатысты деректерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Дәстүр • 20 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкер ұлттық бұйымдар жасаумен айналысады
Жаһандану дәуірі мен технология қарыштаған заманда ұлттық құндылықтарға адал жандардың қатары сиреп барады. Соның бірі – аталған облыстың Теректі ауданына қарасты Федоров ауылының тұрғыны Ұлан Сайтмұхаев. Ол ата-бабадан қалған мұраны көздің қарашығындай сақтап, оны күнделікті өмірімен ұштастырып жүрген шебер, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 20 Наурыз, 2026
Жетісу облысында әкесін ұрып-соққан екі жігіт ұсталды
Жетісу облысы Ақсу ауданының 62 жастағы тұрғыны Бақытбек Қадысұлы балаларының өзін жүйелі түрде қорлап келе жатқанын айтып, қоғам белсендісі Данияр Бейісқалиге жеткізген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2026
Еліміздің қай өңірлерінде жол жабық?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты 3 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 20 Наурыз, 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 20 Наурыз, 2026
Елімізде жасанды интеллект туралы жиі айтылғанымен, саладағы нақты жағдайды бағалау барысында дерекке сүйену маңызды. Осы тұрғыда технологиялық экожүйенің жай-күйін тереңірек бағамдаған «Kazakhstan AI Country Report 2025» зерттеуі жарияланды. Есеп дерегі бойынша еліміз Үкіметтердің жасанды интеллектіге дайындық индексінде 2024 жылмен салыстырғанда 16 саты жоғарылап, 195 елдің ішінде 58-орынға көтерілген. Ал Халықаралық валюта қорының «AI Preparedness Index» көрсеткішінде ел 174 мемлекеттің арасында 48-орында тұр. Бұл еліміздің Орталық Азия кеңістігінде алда екенін білдіреді, бірақ дамыған елдермен иық тіресе қойған жоқ.
Шаруашылық • 20 Наурыз, 2026
Агроөнеркәсібі өркендеген Арқа өңірінің ауыл шаруашылығы саласында табысты өсім бар. Кешенді мемлекеттік бағдарламалар, техника паркін жаңартуға берілетін субсидиялар, арзандатылған жанар-жағар май, тамшылатып суару технологиясы, саладағы цифрлы жаңалықтар Арқа аграрларына серпін беріп отыр.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2026
Табиғаттың оянуын, ынтымақ пен тазалықты білдіретін Жаңару күнінде жаппай ағаш егу, қоршаған ортаны көгалдандыру дәстүрге айналған. Дегенмен бұл игі іс-шараларды көктем ерте шығатын Түркістан өңірінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенді атқарып келеді.
Digital • 20 Наурыз, 2026
Қазір қаржы қызметі бұрынғыдан мүлде өзгеше сипат ала бастады. Банктер мен инвестициялық компаниялар атқаратын бірқатар қызметті цифрлық платформалар алмастырып, жасанды интеллект қаржылық талдаудың жаңа құралына айналды. Мұндай үрдісті бүгінде «финтех» (fintech) деп атайды. Бұл атау ағылшынның financial technology – «қаржылық технология» деген сөзінен шыққан. Аталған сала қазір төлем жүйелерімен ғана шектелмей, инвестициялау, бизнес қаржысын басқару, капиталды талдау секілді бағыттарды да автоматтандырып келеді. Мәселен, «Investbanq», «Finflow», «Paidax» сияқты отандық финтех стартаптар жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр.
Мәдениет • 20 Наурыз, 2026
Астана қаласында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен ұлттық мәдениетті ұлықтауға арналған «Ұлттық киім» шеруі өтті. «MEGA Silk Way» СО орталығындағы тағылымды іс-шара Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылды.
Қоғам • 20 Наурыз, 2026
Ақсақал жасына жетіп,немеренің қызығын көріп, шөберенің қолынан май жалау – өмірдің бір нығметі. Сол бақыттың дәмін енді-енді тата бастаған шақта денсаулықтың қиғылық салатыны қиын екен.
Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2026
Бүгін – ұлттық спорт күні. Әр өңірде кілем төселіп атан жілік, апайтөс балуандар белдеседі. Көлденең жатқан құба жонның топырағын тұяғымен тураған тұлпарлар дүбірі естілер аламан бәйге, бәсі жоғары көкпар ұйымдастырылады. Бойжеткеннің бетінен өбуге құмбыл қунақ жігіттер қыз қууға түседі.
Өнер • 20 Наурыз, 2026
Ұлық мейрам – Наурыз мерекесі қарсаңында елорда аспанын әсем әуен әлдилеп, ерекше бір рухани кештің шымылдығы түрілді. Көктемнің жаңару лебі мен өнердің мәңгілік үні астасқан бұл сәт – шынайы өнер салтанатына айналды. Күмбірлеген күй, сырлы саз, жүрекке жеткен ән – барлығы тоғысып, уақыттың өзін бір мезетке аялдатқандай әсер қалдырды. Бұл – қазақ музыкасының көрнекті өкілі, композитор әрі дирижер Әли Алпысбаевтың мерейтойына арналған тағылымы терең, тағдыры мол шығармашылық кеш.
Экономика • 20 Наурыз, 2026
«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы
Әлімсақтан бері қыс қысылып, жаз жазылатын әдетіміз бар. «Кәрі құдаң» кәріне мінгенде күнделікті тірлігіміз күрделеніп, малдан да, жаннан да маза кетері мәлім. Сумаңдаған суық сүйегіңнен өтер сондай шыңылтыр шақтарда көңіл шіркін ақ қар, көк мұздың көбесін сөгер көктем шуағын көксейді. Даладан дірдектеп кіргенде үйіңнің іші ұядай жылы болып тұрса, жайлы тұрмыстың бір белгісі емес пе?
Саясат • 20 Наурыз, 2026
Жаңа Конституцияны жүзеге асыру міндеттері айқындалды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда депутаттар Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату мәселесін және күн тәртібіне шығарылған бірқатар заңды қарады.
Мереке • 20 Наурыз, 2026
Мұсылман түсінігіндегі айлардың сұлтаны саналатын Рамазанның бүгін – соңғы күні. Отыз күндік парыз түйінделер тұста адамзат баласы айрықша мереке – Ораза айтты қарсы алады. Үш күндік мейрамда барша мұсылман жұрты бір-біріне қонаққа барып, ізгі тілегін айтып, дәмнен ауыз тиеді.
Президент • 20 Наурыз, 2026
Сыртқы сын-қатерлерге берілген жауап
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық мүмкіндіктер» атты жаңа мақаласында халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі трансформацияға терең талдау жасалған. Қазіргі әлем бұрынғы әлемдік тәртіптің жүйелі дағдарысын бастан кешіріп, күштер теңгерімінің жаңа архитектурасының қалыптасу кезеңіне қадам басқаны атап өтіледі.
Саясат • 20 Наурыз, 2026
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі кеңес
Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа аясында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмаларына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде кеңес өткізді.
Университет • 20 Наурыз, 2026
ҚазҰУ-да іске қосылған төрт ірі жоба
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты.
Білім • 20 Наурыз, 2026
Ғылымды өндіріспен барынша ұштастыру – стратегиялық мақсат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастықпен кездесті.
Президент • 20 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады
Мұқым мұсылманның ұлық айы Рамазан аяқталып, айт мейрамы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осынау күнмен барша ел азаматтарын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Мереке • 20 Наурыз, 2026
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән! Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!
Ауа райы • 19 Наурыз, 2026
Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 20 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.