Мәдениет • Бүгін, 08:30

Әсем киім жарасар...

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен ұлттық мәдениетті ұлықтауға арналған «Ұлттық киім» шеруі өтті. «MEGA Silk Way» СО орталығындағы тағылымды іс-шара Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылды.

Әсем киім жарасар...

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мерекелік бағдарлама ұлттық және заманауи этномузыкамен басталып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Концерт барысында «Сарайшық» этноансамблі музыкалық попурри орындаса, мультиинструменталист Еділ Құсайынов этноәуендерімен кештің көркін аша түсті. Сондай-ақ дәстүрлі ән өнерінің өкілдері Айгүл Елшібаева мен Жазгүл Даңыл­баева сахнада өнер көрсетті.

Шеруге дизайнерлер, әншілер, «Qazaqstan» телеарнасының танымал жүргізушілері Нұрбек Бекбау, Армангүл Тоқтамұрат,  Ирина Тен, Бексұлтан Әкімжан, сондай-ақ «Qazaqstan» телерадиокор­порациясының қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Үкілі кәмшат пен бүрмелі көйлек киген арулар, ақ кимешекті әжелер мен шапан жамылған жігіттерден құралған 230 адамдық топ сауда орталығын аралап, халық әндерін шырқады.

Елордадағы ең үлкен сауда ойын-сауық орталығында өткен шара барысында «Ұмай ана» коллекциясы, «Әдемі-ай», «Жарас» сән клубы, «Құралай», «Хан», «Назим», «Дәстүр», «Асах», «Қазақ ордасы» сынды сән орталықтарының ұлттық үлгідегі киімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40