Соңғы жаңалықтар
Қаржы • 07 Қараша, 2025
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билетінің бағасы қымбаттай ма?
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мереке қарсаңында теміржол билеттерінің құны өзгермейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Stadler вагондары климаттық сынақтан сәтті өтті
Қазақстанда құрастырылған жаңа Stadler жолаушылар вагондары елдің әртүрлі өңірлеріндегі күрделі климаттық сынақтардан табысты өтті. Заманауи пойыздар -30°C суықта да, аптап ыстықта да сенімді жұмыс істей алатынын дәлелдеп, қазақстандық теміржол жүйесіне бейімделгенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 07 Қараша, 2025
Жаппай тарап жатқан вирустан қалай емделеміз?
Қазір елімізде тұмау мен түрлі вирустық инфекциялар белең алып тұр. Мамандар, әдетте мұндай вирустық толқын қазаннан наурызға дейін жалғасатынын айтады. Себебі бұл кезеңде жылы ауа райы салқын лепке ауысып, балалар мен ересектер басым уақытын жабық нысандарда өткізеді. Өз кезегінде жүйелі түрде таза ауамен тыныстамау да ағзаның вирустардан қорғану әлеуетін әлсіретіп жібереді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
Биыл «111» орталығына қанша бала көмек сұрап жүгінді?
2025 жыл басталғалы бері 111 бірыңғай байланыс орталығына балалардан 110 мың 999 өтініш түскен. Нақты атағанда, 108 987 өтініш мектептер мен колледждерде орналастырылған QR кодтар арқылы, ал 2012 қоңырау телефон арқылы қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Атырау облысына жыл басынан бері 300-ге жуық қандас қоныс аударды
Биыл Атырау облысына шетелден 173 отбасы немесе 259 этникалық қазақ қоныс аударып, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мақсатында «қандас» мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Қаржылық алаяқтықтан қалай қорғануға болады?
Қаржы ұйымдары атынан жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеген шақта азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында әрбір қазақстандық банк пен микроқаржы ұйымдарынан несие алуға өз еркімен тыйым қоя алады. Бұл «Стоп-кредит» деп аталатын қызмет Egov.kz порталында және Egov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Семсерлесуден әлем кубогі басталды
Қазіргі уақытта Алжирде семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қараша, 2025
«John Deere, Starlink, Boeing және OpenAI»: Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына жасаған сапарының нәтижесінде жалпы құны шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайтын 29 келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Қараша, 2025
Қазақстан ҰБТ жүйесін түрлендіру процесін бастайды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және ETS білім беру және таланттарды дамыту саласындағы халықаралық ұйымы еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге арналған негізгі құралы – Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) трансформациялауға бағытталған стратегиялық әріптестікті бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қараша, 2025
«Калмаэги» тайфуны Вьетнамға жетті, қаза тапқандар бар
«Калмаэги» тайфуны Вьетнамның орталық таулы және жағалаудағы провинцияларына соғып, кем дегенде бес адам қаза тауып, жеті адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Қараша, 2025
Елімізде білім беру жүйесіне ChatGPT Edu платформасы енгізіледі
Вашингтонда ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Қазақтелеком» АҚ, Freedom Holding Corp. және OpenAI, Inc. компаниясы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы білім беру мен цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қараша, 2025
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар және тұман күтіледі
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылдың 8–10 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Ақмола өңірінің Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы ауылы маңында Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына бағыт алған жолаушылар автобусы бұзылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Ербол Мырзабосынов Ресейде өткен форумда еліміздің спорттық жетістіктері туралы айтты
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресей Федерациясының Самара қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі диалогқа мүше мемлекеттердің спорт министрлері мен жоғары лауазымды тұлғаларының алғашқы отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Ақтөбе облысының полиция департаменті интернет арқылы жалған хабарландырулар орналастырып азаматтарды алдаған 30 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қараша, 2025
БҚО-да қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды
Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ ауылында қайтарылған активтер есебінен фельдшерлік-акушерлік пункт салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 07 Қараша, 2025
«Астана Опера» оркестрінің скрипкашысы Италияда өнер көрсетті
Италияның Камольи қаласында «Астана Опера» театры оркестрінің скрипкашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 07 Қараша, 2025
300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдануды үйренді
Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
СҚО-да бюджет ақшасы бес жыл бойы есепшінің қалтасына түсіп келген
Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығы бухгалтері бірнеше жыл бойы бюджет қаражатын өз шотына заңсыз аударып келгені анықталды. Әйел адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Масаң күйдегі әйел жолаушылар әуе рейсінен түсірілді
Ақтөбе әуежайында Алматыға бағыт алған екі әйел жолаушы ұшақтан түсірілді. Олар агрессивті мінез-құлық танытып, бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Ақмолада вагондар рельстен шығып кеткен
Оқыс оқиға – аталған облыстың Макинка станциясы маңындағы «Бота 2015» ЖШС-нің кірме жолында болған, 8 жүк вагоны рельстен шығып кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2025
Қостанай дәрігерлеріне «Allur» құрастырған жедел жәрдем көліктері берілді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысының жедел медициналық жәрдем қызметі мекемелеріне 50 жаңа автокөліктің кілтін табыс етті. Салтанатты рәсім облыс әкімдігінің алдындағы алаңда өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
14 мың борышкер алимент төлеуден қашып жүр
Ақтөбе облысында алимент өндіру бойынша жеке сот орындаушыларына келіп түскен 16 916 істің 2 756-ы ғана аяқталған. 14 мыңнан астамы әлі де орындалмай тұр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 07 Қараша, 2025
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге арналған жобаның тоқтайтынын мәлімдеді
Оқу-ағарту министрлігі «Мақсатты мектеп» жобасының тоқтатылатын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қараша, 2025
БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 27 жоба жүзеге асырылады
Әлеуметтік нысандар салу және реконструкциялау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында 27 жобаны іске қосуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Қараша, 2025
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Илья Васильевич Скуб Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 07 Қараша, 2025
Чехия үкіметі отставкаға кетті
Чехия президенті Петр Павел премьер-министр Петр Фиала бастаған үкіметтің отставкасын қабылдап, жаңа кабинет жасақталғанға дейін қазіргі үкіметке елді уақытша басқаруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz БелТА-ға сілтеме жасап.
Әлем • 07 Қараша, 2025
Сәби өлімі бойынша әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстанның көрсеткіші қандай?
Соңғы жылдары әлемде бір жасқа дейінгі балалар өлім-жітімі азайғанымен, елдер арасындағы алшақтық әлі де орасан. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш мың балаға шаққанда екіден аз болса, кейбір кедей елдерде жүзге дейін жетеді. Ranking.kz мәліметінше, Қазақстан сәби өлімін азайтуда айтарлықтай ілгері жылжығанымен, әзірге дамыған елдердің деңгейіне жете қойған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 07 Қараша, 2025
Алматы хостеліндегі өрт: Апелляциялық сот шешімді өзгертті ме?
2023 жылдың 30 қарашасында 13 адамның өмірін қиған хостелдегі өртке қатысты апелляциялық сот өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2025
Мүгедектігі бар жандар Әлеуметтік портал арқылы 529 мыңнан астам қызмет алған
2025 жылдың басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға 529 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Портал олардың оңалту құралдары мен қызметтерінің өндірушісі мен жеткізушісін өз бетінше таңдауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.