Оқиға • 07 Қараша, 2025

СҚО-да бюджет ақшасы бес жыл бойы есепшінің қалтасына түсіп келген

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Жастар ресурстық орталығы бухгалтері бірнеше жыл бойы бюджет қаражатын өз шотына заңсыз аударып келгені анықталды. Әйел адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да бюджет ақшасы бес жыл бойы есепшінің қалтасына түсіп келген

Фото: Ерлан Омар

Тексеру барысында белгілі болғандай, орталықтың есепшісі 2020 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың ақпанына дейін өз атына жалпы сомасы 17 миллион теңге болатын жалақы мен өзге де төлемдерді заңсыз аударып отырған.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы («Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

«Мағжан Жұмабаев аудандық сотының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі үкімімен есепші кінәлі деп танылып, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда материалдық жауапкершілік пен бухгалтерлік қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді»,  делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сотталушының жас баласы болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі 2028 жылдың 27 қыркүйегіне дейін, яғни бала он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды.

Мемлекетке келтірілген залал ішінара өтелген.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50