Соңғы жаңалықтар
Елорда • 10 Наурыз, 2026
Астанада ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Наурыз, 2026
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Air Astana наурыздың соңына дейін Dubai бағытындағы рейстерін тоқтатты
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтататынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Ерлан Жетібаев: Қазақстан өз азаматтарын қатерге қалдырмайды
Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына байланысты ел азаматтарын эвакуациялау әлі де жалғасып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев уәкілетті органдармен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстардың жай жапсарын баяндады. Бастысы, қауіпті аймақтарда зардап шеккен немесе опат болған ел азаматтары жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Референдумға дайындық: Мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдай жасалады?
Қазақстанда республикалық референдумға дайындық аясында дауыс беру учаскелерінің барлық азаматқа қолжетімді болуына ерекше назар аударылып отыр. Осы бағыттағы жұмыстарды пысықтау мақсатында Орталық референдум комиссиясының мүшелері елдің барлық өңіріне инспекциялық сапарлар жасап, учаскелердің жабдықталу деңгейін тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасын тыңдай алады
Республикалық референдумға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Орталық және аумақтық комиссия мүшелерін кәсіби оқытуға ел бойынша 71 030 өкіл тартылған. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Қазақстандағы референдумды 38 елден келген 359 байқаушы бақылайды
Қазақстанда республикалық референдумға жүйелі дайындық жалғасып жатыр. Дауыс беру рәсімдерінің ашықтығы мен оларға сенімді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Бұл үдерісте халықаралық байқаушылардың қатысуы маңызды рөл атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Референдум: Орталық комиссия өңірлердің дайындығын тексерді
Елімізде республикалық референдумға дайындық жұмыстары шешуші кезеңге аяқ басты. Осыған орай Орталық референдум комиссиясының мүшелері ел көлемінде ауқымды инспекциялық сапарлар өткізіп, 17 облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана қаласындағы дайындық барысын жан-жақты пысықтады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 10 Наурыз, 2026
Алматыда балдырған суретшілердің көрмесі ашылды
Ұлттық орталық музейде жаңару мен жаңғыру мерекесіне орай «АртУм» балалар студиясының «Балалық шақ пен көктем палитрасы» атты айрықша көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Түркістанда 3 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
Түркістан облысының Ақниет ауылында 3 жастағы бала жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан дала дәретханасына құлап кеткен. Оқиғаны байқаған жақындары бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Наурыз, 2026
Бірқатар өңірде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді
«Қазгидромет» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 11 наурыз күні бірқатар өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Наурыз, 2026
Михаил Шайдоров халықаралық сыйлыққа үміткерлер тізіміне енді
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) өз қарамағындағы спорт түрлерінен жыл үздіктерін анықтауды жалғастырып жатыр. Кезек мәнерлеп сырғанауға жетті. Алдағы 8 күн ішінде жанкүйерлер «Үздік костюм», «Үздік жарқын бағдарлама», «Үздік хореограф», «Үздік бапкер» номинациясындағы үміткерлерге дауыс бере алады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Ұлытауда Жалпыұлттық коалиция мүшелері шахтерлермен жаңа Конституция жобасын талқылады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Ұлытау облысына сапары аясында Сәтбаев қаласындағы «Анненская» шахтасының жұмысшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Наурыз, 2026
Құрылыс кодексі: Жаңа құжатқа қандай қағидаттар енгізіледі?
Саланы жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев тұрғын үй саясатын реформалау, құрылыс көлемін арттыру және саланы цифрландыру бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндады. Министрдің айтуынша, 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі рекордтық деңгейге жеткен, ал алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттыру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Наурыз, 2026
Атыраудағы отбасының қазасы: Қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін
Атырауда жоғалып кетіп, кейін мәйіттері табылған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Наурыз, 2026
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыста жүрген ел азаматтарына маңызды ескерту жариялады
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Таяу Шығыстағы қақтығыстардың толастамауына байланысты ел азаматтарына өңірге барудан бас тартуды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Шымкентте жер иесі мемлекеттен 83 млн теңге өтемақы өндіріп алды
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында тұрғынның жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты өтемақы төлеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Референдум кезінде 54 елде сайлау учаскесі жұмыс істейді
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты 10 елдегі 11 сайлау учаскесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 10 Наурыз, 2026
Александра Сикумбаева: Қаңтар оқиғасы біз үшін үлкен сабақ болды
Нәзік жандылардың ерлермен қатар ауыр жұмысты еңсере берерін білеміз. Кешегі Әлия мен Мәншүктер қолға қару алып, жауды қалай жайратты. Солардың сынығы сынды арулар бүгін де ортамызда жүр. Полицияның іс-қағаздарымен емес, арнайы жасағында от пен су кешіп жүрген Александра Сикумбаевамен әңгімелестік.
Саясат • 10 Наурыз, 2026
СІМ ресми өкілі: Таяу Шығыста зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ
Сыртқы істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері уәкілетті мемлекеттік органдардың, резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 8 585 отандасымыз елге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2026
Қостанайда төленбеген 102 айыппұлы бар жүргізуші анықталды
Қостанай облысының Қарабалық кентіндегі «Рубеж» бақылау бекетінде патрульдік полиция қызметкерлері шетелдік тіркеудегі Lada Granta автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 10 Наурыз, 2026
Ольга Қалдыбаева: Конституциялық реформа – уақыт талабына сай жасалған қадам
Мемлекеттің Ата заңына өзгерістер енгізу мәселесі әрқашан кең қоғамдық қызығушылық тудырады. Себебі ол мемлекеттік құрылымның негізгі қағидаттарына әсер етеді. Алайда конституциялық реформалар ешқашан кездейсоқ пайда болмайды. Олар тек қоғам институционалды жаңартуды қажет ететін трансформацияға мұқтаж болған кезде орын алады. Қазақстандағы конституциялық реформа бойынша алдағы референдумды осы тұрғыда қарастыруға болады.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Мәйіт донорлығына келісім бергендер саны 3 есе артты
Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұрғын үй құрылысын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 10 Наурыз, 2026
Министрлік: Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр
Денсаулық сақтау министрлігі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде қызылша жұқтырғандар саны өскенін хабарлады. Министрлік мәліметінше, ауруды жұқтырғандардың басым бөлігі екпе алмағандар екен, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Наурыз, 2026
Құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызмет цифрландырылды
Қазақстанда құрылыс саласындағы 54 мемлекеттік қызметтің барлығы цифрландырылып, онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Астана әуежайында рейстер кестесі өзгерді
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында кейбір рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Наурыз, 2026
Ұландықтар «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті
Ұлттық ұланның Ән-би ансамблінің Ерлер хоры Мәскеу қаласында танымал тележүргізуші Андрей Малахов жүргізетін «Россия-1» телеарнасындағы кешкі музыкалық «Привет, Андрей!» бағдарламасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.