Үкімет • Бүгін, 14:02

Құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызмет цифрландырылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда құрылыс саласындағы 54 мемлекеттік қызметтің барлығы цифрландырылып, онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызмет цифрландырылды

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда барлық қызметтер азаматтар мен бизнеске онлайн режимде қолжетімді. Ең көп сұранысқа ие қызметтер: нысандарға мекенжай беру, жобалау материалдарын ұсыну, нысандарды пайдалануға беру рұқсатын алу, эскиздік жобаларды келісу.

Негізгі жүктеме көбінесе жоспарлау және жобалау кезеңдеріне түседі.

 Цифрландыру дәуірінде балалардың көзін қалай қорғауға болады?

2025 жылғы мәлімет бойынша, 96% қызмет электронды форматта көрсетілген, бұл саланың жоғары деңгейде цифрландырылғанын көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар