Қылмыс • Бүгін, 16:18

Атыраудағы отбасының қазасы: Қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жоғалып кетіп, кейін мәйіттері табылған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы отбасының қазасы: Қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болуы мүмкін

Оның айтуынша, қылмысқа ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Іс Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, негізгі күдікті – отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев. Оның жұбайы, отбасының кіші қызы Ақбаянның бұл іске қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция мәліметінше, әйелдің психикалық жағдайын тексеру үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, медициналық мекемеге жіберілген.

Еске салайық, Атырау облысының Қызылқоға ауданында тұратын ерлі-зайыпты, ұлы мен қызы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Кейін ерлі-зайыптының мәйіті табылдыОлардың өліміне күдікті ретінде күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды.

Атырауда жоғалған отбасы мүшелерінің телефоны соңғы рет Шымкенттен сигнал бергені белгілі болды.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесе жұмыс істеп, Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевті ұстады.

Күдікті бұрын жоғалып кеткен Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіріп, Атырау қаласының маңындағы Геолог ықшам ауданына көмгенін мойындады.

 

Соңғы жаңалықтар