Соңғы жаңалықтар
Президент • 05 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жұбайлары арасында «Шекара аруы» атты бейнебайқау ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Астанада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімі өтті. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды
Түркия мүмкін болған жағдай Ираннан келетін 90 мың мигранттарды қабылдауға дайын екенін айтты. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 05 Наурыз, 2026
Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды
Қазақстанда 15 наурызда өтетін республикалық референдумға орай кең ауқымды ақпараттық науқанның жаңа кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 05 Наурыз, 2026
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді
15 наурызда елімізде өтетін республикалық референдум қарсаңында Қазақстанның белсенді азаматтары тәуелсіз бақылаушылар ұйымдарын құрып, дауыс беру процессін бақылайтынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Наурыз, 2026
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
ҚазАвтоЖол компаниясының хабарлауынша, республикалық маңызы бар кейбір тасжол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді
Алматы халықаралық әуежайына Flight 251 эвакуациялық рейсі қонып, 167 Қазақстан азаматын елге оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Жұмыс кабинетінен 15 мың доллар табылған: Петропавлда экс-судьяларға қатысты үкім шықты
Петропавл сотында бұрынғы судьяларға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Сотталғандардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы төрағасы Бекбол Баймаханов пен Петропавл қаласы №2 сотының экс-төрағасы Ерлан Ибраев бар. Сонымен бірге алматылық заңгер Артем Иванов және өңірге белгілі екі кәсіпкер де жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 05 Наурыз, 2026
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Маңғыстау даласында балжегіш аю байқалды. Бұл Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жыртқыш аң, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Гүл мен сыйлық аларда абай болыңыз: Бас прокуратура мереке қарсаңында азаматтарға ескерту жасады
Бас прокуратура 8 наурыз мерекесі қарсаңында алаяқтар азаматтардың мерекелік қарбаласқа байланысты белсенділігін, гүлдер мен сыйлықтарға тапсырыстардың көбеюін, сондай-ақ онлайн-төлемдердің артуын пайдаланып, олардың ақшалай қаражаты мен жеке деректеріне қол жеткізуге тырысатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті. Қоғам өкілдері, өндіріс саласының мамандары, жастар және аймақ белсенділері жаңа Конституцияның маңыздылығы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 05 Наурыз, 2026
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Қостанайда «Аймақтың экономикалық дамуы: салалараралық диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сала басшылары, кәсіпкерлер, қаржы мекемелерінің өкілдері және облыстық мәслихат депутаттары бас қосқан жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа Конституция жобасы талқыланды. Алқалы кеңеске өңір басшысы Құмар Ақсақалов, облыстық мәслихат төрағасы Сайлаубек Есжанов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалының директоры Ренат Дәулетбаев «Еуразия банк» филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, қайғылы оқиғалар салдарынан аталған елдің рухани көшбасшысының және бейбіт тұрғындардың қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 05 Наурыз, 2026
Әлихан Бөкейхан немесе бақсылар қорыққан бала
Шыңғыс қағанның дүниеге қан шеңгелдеп туғанындай ұлы міндет артылған тұлғалар шаранасынан белгілі болады. Құдай ондай жандарды айрықша нышанмен жаратады деседі. Алаш рухының құлабызы Әлихан Бөкейхан да құлын кезінен қыдыр дарыған қасиетті жан. Туған елінің саяси тұтастығы мен бекемдігі үшін аянбай күрескен феномен тұлғаның балалық шағы да басқалардан мүлде басқаша өткен.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі ел аумағына жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына қатысты ресми мәлімдеме жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Наурыз, 2026
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі су тасқыны жағдайымен танысып, мемлекеттік органдар басшылығы және облыс әкімдерінің қатысуымен Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Президент қойған міндеттер шеңберінде тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының үздіксіз қызметіне қатысты мәселелер қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 05 Наурыз, 2026
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
5 наурызда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 493,36 теңге деңгейінде қалыптасты. Бір күн ішінде 6,13 теңгеге төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Аталған облыстың Еңбекшіқазақ ауданында күрделі жөндеуден өткен перинаталдық орталық салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов қатысып, жаңғыртылған медициналық нысан өңір тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Иран Президенті Масуд Пезешкиан елдегі ахуалға байланысты көрші елдерге үндеу тастады. Ол үндеуінде өңірдегі тұрақтылықты сақтау және шиеленісті ушықтырмау үшін дипломатиялық жолмен барлық мүмкіндіктерді қарастыруға тырысқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 05 Наурыз, 2026
Робот Темірбек пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылған «Jas Stars» атты ауқымды жастар концерті өтті. 5 мыңнан астам көрерменнің басын қосқан дүбірлі кеш заманауи технология, өнер және азаматтық белсенділіктің бірегей алаңына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдерінен елге жеткізілген азаматтардың нақты саны жөнінде ақпарат жариялады. 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасаған. Осы рейстермен елге 851 жолаушы келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 05 Наурыз, 2026
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Жаңа цифрлық ресурс салымшыларға инвестициялық портфельдерді талдауға, басқарушы компанияларды салыстыруға және өз жинақтарының қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Платформа зейнетақы жүйесіндегі ашықтықты арттыруға және халықтың қаржылық сауатын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 05 Наурыз, 2026
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай медицина саласында еңбек етіп жүрген әйелдерді құрметтеу және марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Астанада заңсыз ет өнімдерін сатып келген жасырын цех анықталды
Астана қаласында шығу тегі белгісіз және сапасы күмәнді ет өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала аумағында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері сауда орындарына жеткізілетін ет өнімдерінің заңды шыққан жерін анықтау және олардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында рейдтер жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін зауыт іске қосылады
Мемлекет басшысының индустриялық жобаларды қолдау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін кірпіш зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Таяу Шығыстағы саяси ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana бірқатар халықаралық бағыттар бойынша шектеулерді ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды
Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды (айналма жол арқылы) – Алматы автожолында жаңа жылдамдық өлшегіштер іске қосылды. Камералар Балқаш қаласынан Сарышаған кентіне дейінгі учаскеде орнатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне сапармен барған қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен оралғанын хабарлады. Жолаушылар бүгін «Air Astana» әуе компаниясының ұшағымен Ақтау халықаралық әуежайына қонды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 05 Наурыз, 2026
Әлихан Бөкейханның туғанына – 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді
Алаш қозғалысынның құлабызы, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толып отыр. Ол ғасыр ғадауатында азаттық аңсап, туған елінің саяси тұтастығы мен бекемдігі үшін қаны мен жанын құрбан етті. Жұртының мұрасын түгендеп, мұратын айқындады. Алаш ұғымын елдік һәм мемлекеттік рәмізге айналдырған тұлғаның құрметіне Астанадағы зиялы қауым Әлихан, Ахмет және Міржақып ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды, деп жазады Egemen.kz.