Қоғам • Бүгін, 14:50

Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды (айналма жол арқылы) – Алматы автожолында жаңа жылдамдық өлшегіштер іске қосылды. Камералар Балқаш қаласынан Сарышаған кентіне дейінгі учаскеде орнатылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құрылғылар Тораңғалық және Гүлшат кенттері маңындағы қақпада орналастырылған. Камералар қозғалыстың екі бағыты бойынша да жылдамдық режимінің бұзылуын тіркейді. Бұл учаскеде жылдамдық шектеуі – 110 км/сағ.

«Сергекке» сенімсіздік неден туды?

Сонымен қатар 6 наурыздан бастап Қарағанды қаласында да жаңа жылдамдық өлшегіш жұмыс істей бастайды. Ол Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 25 мекенжайында, №3 гимназияның маңында орнатылған. Бұл жерде рұқсат етілген жылдамдық – 40 км/сағ.

Трекер, камера, «ақылды» көлік: Депутат деректер қауіпсіздігіне алаңдаулы

Полиция жүргізушілерді маршруттардағы өзгерістерді ескеруге, белгіленген жылдамдықты сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады. Бұл айыппұлдардан сақтануға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар