Ата заң • Бүгін, 19:33

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанда 15 наурызда өтетін  республикалық референдумға орай кең ауқымды ақпараттық науқанның жаңа кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Еліміздің ірі қалаларында да, шалғай аймақтарда да жаңа Конституцияны кеңінен қолдайтынын көрсететін тақырыптық билбордтар орналастырылды. Плакаттарда белгілі спортшылардың, ғалымдардың, өнер қайраткерлерінің, жұмысшы мамандық иелерінің, сондай-ақ «Мерейлі отбасы» құрметті атағына ие көпбалалы отбасылардың бейнелері ұсынылған.

Науқанның визуалдық келбеті бірыңғай стильде әзірленген: дәстүрлі көгілдір-көк түсті фон, айқын белгісі бар «Жаңа Конституция» логотипі, сары түсті екпіндер және «Мен жаңа Конституцияны қолдаймын!», «Жаңа Конституция – әділетті Қазақстанның іргетасы!» сияқты үндеу ұрандары қолданылған.

Билбордтар қазақ және орыс тілдерінде әзірленіп, барынша кең аудиторияны қамтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ барлық облыс орталықтары мен өңірлерінде шамамен 2,4 мыңға жуық баннер мен LED-экран орнатылған.

Науқан Қазақстан қоғамының барлық қабатын қамтиды. Оның қатысушылары қатарында бокстан, дзюдодан, жеңіл атлетикадан және шахматтан олимпиада және әлем чемпиондары; медицина, физика, репродуктология және нейрохирургия саласының академиктері мен профессорлары; опера әншілері мен айтыскерлер; қақпашылар мен футболшылар; фермерлер, шахтерлер, механизаторлар және агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері бар.

Т

Қатысушылардың осындай алуан түрлі болуы жаңа Конституцияны Қазақстан халқының барлығы қолдайтынын айқын көрсетеді.

Қоғам алдағы өзгерістерді оң қабылдап жатыр. Азаматтар әлеуметтік желілерде билбордтардың жанында түскен фотосуреттерімен белсенді бөлісіп, науқан қатысушыларына қолдау білдіріп, өз қалаларында жаңа плакаттардың пайда болғанын көрсетіп жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай белсенділік деңгейі Қазақстан қоғамының азаматтық тұрғыдан кемелденгенін және конституциялық өзгерістерге дайын екенін аңғартады.

П

15 наурызда дауысқа салынатын жаңа Конституция мазмұндық тұрғыдан терең жаңаруды көздейді. Ол мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, оның тиімділігін, ашықтығын және азаматтарға есептілігін арттыруға бағытталған. Құжат елдегі әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін едәуір кеңейтеді және күшейтеді, әділ сот төрелігі қағидаттарын бекітеді, сондай-ақ бизнес, ғылым және әлеуметтік сала үшін сенімді құқықтық кепілдіктер қалыптастырады.

Сонымен қатар жаңа Ата заң Қазақстанның тұрақты дамуына берік конституциялық негіз қалыптастырады. Онда ұзақ мерзімді жоспарлау, табиғи ресурстарды жауапкершілікпен басқару, адами капиталды дамыту және елдің жаһандық білім экономикасына ықпалдасу тетіктері қарастырылған.

Референдум кезінде шалғайда жүрген азаматтар қалай дауыс береді?

Сарапшылардың пікірінше, жаңа Конституцияның қабылдануы әділетті, қуатты және өркендеген мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды

Соңғы жаңалықтар