Әлем • Бүгін, 17:24

Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, қайғылы оқиғалар салдарынан аталған елдің рухани көшбасшысының және бейбіт тұрғындардың қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты

фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Өз сөзінде ол қайғылы оқиғаны ауыр қабылдағанын жеткізіп, Қазақстан Президенті, халқы және Парламенті атынан Иран халқына және қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты.

Сондай-ақ ол халықаралық қақтығыстар тек дипломатиялық жолмен, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы мен халықаралық құқық нормалары негізінде шешілуі тиіс екенін атап өтті. Қарулы қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарды қорғау басты басымдық болуы керектігіне тоқталды.

Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады

Қазақстан жаһандық деңгейдегі бейбіт бастамаларды қолдайтынын жеткізіп, кез келген шиеленісті диалог пен келіссөз арқылы реттеудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жағдайдың тез тұрақтанып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілуіне үміт білдірді.

«Ирандағы қайғылы оқиғалар салдарынан Иран Ислам Республикасының рухани көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеи мен елдің басшылық өкілдерінің, сондай-ақ, бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың қаза болғаны туралы суыт хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадық. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Қазақстан халқының және Парламенттің атынан барша Иран халқына және қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Мемлекет басшысы халықаралық дау-жанжалдар мен шиеленістерді тек саяси-дипломатиялық жолмен және БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтық нормалары аясында шешу қажет екенін үнемі айтып келеді. Қарулы қақтығыстар кезінде бейбіт халық пен азаматтық нысандарды қорғау басты міндеттердің бірі екені анық. Қазақстан бұл бағыттағы жаһандық бастамаларды қолдай отырып, кез келген жағдайда адамгершілік қағидаттарға табан тіреу және халықаралық шиеленістер мен қақтығыстарды диалог пен келіссөздер арқылы шешу керектігін ерекше атап өтеді. Жағдай тезірек тұрақталып, жанжал реттеледі деп үміттенеміз», деді Мәулен Әшімбаев.

Әңгіме барысында Иранның Қазақстанның жақын серіктестерінің бірі екені айтылып, Қазақстан тарапының қақтығысты бейбіт реттеуге ықпал етуге дайын екені де атап өтілді.

Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр

Еске сала кетейік, Израиль 28 ақпан, сенбі күні таңертең Иранға соққы жасады.  АҚШ президенті Иранға қарсы әскери операцияның күшейе түсетінін мәлімдеп, өңірдегі жағдайдың күтпеген бағытта өрбігенін айтты

Соңғы жаңалықтар