Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Сәуірдің алғашқы күні елімізде дәстүрлі Франкофония көктемі фестивалімен басталды. Осымен 16-рет ұйымдастырылған фестиваль аясында еліміздің бірнеше шаһарында – Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Өскемен, Қостанай қалаларында түрлі іс-шара жоспарланған.
Көрме • 02 Сәуір, 2026
Шамалғандағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Ұлт өрнегі – ұрпақ өнегесі» атты ұлттық киімдердің сән көрмесі көпшілікке ұсынылды. Онда әйелдердің талғам таразысына сай келер эстетикалық күміс, түрлі-түсті тастармен көмкерілген әшекейлер жиынтығы мен киізден басылған киім түрлері көрме экспозициясы төрінен орын алды.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр
Қызылорда қаласындағы Саяхат шағынауданында канал бойында құрғақ шөп өртеніп, жақын маңдағы тұрғын үйлер мен ғимараттарға қауіп төнді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясының Қылмыстық іздестіру департаменті мен екі елдің Бас прокуратураларымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция нәтижесінде Украина аумағында әрекет еткен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың call-орталықтарының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты
FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді тоқтату мерзімін 19 мамырға дейін (қоса алғанда) ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды
Ақмола облысының соты 61 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 01 Сәуір, 2026
Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 2 сәуірде еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 01 Сәуір, 2026
Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді
Жаңа Конституцияның 28-бабы туралы желіде тараған қауесеттер шындыққа сай емес. Бұл норма ең алдымен тұрғын үйдің меншік иесінің құқықтарын қорғауға арналған. Бұл туралы сарапшы Данияр Әшімбаев өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жануарлар • 01 Сәуір, 2026
Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді
Алматы зообағында жаңадан туылған үш амур жолбарыстарына есім таңдалды. Бұл шешімді зообақ қызметкерлері әлеуметтік желідегі жазылушылармен ақылдаса отырып қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, бір адам ауыр күйік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 01 Сәуір, 2026
15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды
15 жастағы қазақстандық шабуылшы Кәрім Меңдіқанов «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді
2026 жылдың басынан бері Атырау облысында 31 автокөлік өртенген, ал 2025 жылдың алғашқы үш айында 18 көлік өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды
Абай облысында тұратын көпбалалы ана адам саудасына қатысты іс бойынша сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 01 Сәуір, 2026
ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады
Алматы қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ерекше халықаралық мәдени жоба – «Таңбалы: Бабалар коды» көрмесі ұйымдастырылады. Іс-шара 2 сәуір күні сағат 15:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде өтпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты
Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде су үнемдеу технологияларын енгізу айтарлықтай жеделдеп, соңғы жылдары бұл бағыттағы өсім бұрынғыдан бірнеше есе артты. Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, қабылданған кешенді шешімдер суармалы жерлерді тиімді пайдалануға жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 01 Сәуір, 2026
«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды
Астанада Шәмші Қалдаяқов көшесінде «Шәмші әлемі» атты музыкалық инсталляция орнатылды. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Сәуір, 2026
Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады
2 сәуірге қараған түні адамзат тарихында маңызды оқиға орын алады – АҚШ-тың NASA ұйымы ұйымдастырған «Artemis II» миссиясы басталды. Бұл миссия аясында төрт ғарышкер жарты ғасырдан кейін алғаш рет Айға ұшатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 01 Сәуір, 2026
Алматыда жаңа №130 автобус маршруты іске қосылады
Алматы қаласында 4 сәуірден бастап жаңа №130 автобус маршруты қатынай бастайды. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 01 Сәуір, 2026
Ұлттық банк ипотекалық шарттарды қайта қарастыра ма?
Ұлттық банк ипотекалық бағдарламалардың шарттарын қайта қарау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Сәуір, 2026
Күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
Біріккен күрес әлемі (UWW) күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін Азия чемпионатына қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 01 Сәуір, 2026
Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар 10-15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Қостанай облысында полиция қызметкеріне күш қолданған үш азаматқа қатысты іс қозғалып, олар 2 ай мерзімге қамауға алынды. Іс бастапқыда жеңіл баппен тіркелгенімен, кейіннен қылмыстың сипаты ескеріліп, аса ауыр қылмыс санатына қайта сараланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 01 Сәуір, 2026
Еңбек кітапшасы кімдерге қажет? Министрлік түсіндірді
Қазақстанда еңбек өтілін есепке алу жүйесі толықтай цифрлық форматқа көшіп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қағаз түріндегі еңбек кітапшалары біртіндеп өз маңызын жоғалтып жатыр. Дегенмен, кейбір азаматтар үшін олар әлі де қажет болуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Бахтияр Жазықпаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Енді Алматыда көшеде қараусыз қалған электросамокаттар тәркіленеді
Алматыда электросамокаттар мен мопедтердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар қолға алынды. Осы мақсатта ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып жатыр. Енді қала көшелерінде қараусыз, ретсіз қалдырылған электросамокаттарды полиция тәркілей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 01 Сәуір, 2026
Астанада бұрынғы әйелін жылдар бойы аңдып, мазасын алған ер адам жауапқа тартылды
Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы ұсынысымен сталкинг бойынша қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 01 Сәуір, 2026
Елімізде алғаш рет 15 жастағы балаға жүрек трансплантациясы жасалды
Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды. Тарихи ота 27–28 наурыз аралығында түнде жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Сәуір, 2026
Ресей мұнайының Қазақстан арқылы транзиті 2027 жылға дейін жалғасады
АҚШ Қазақстанға Ресей мұнайын Қытайға транзитпен тасымалдауға мүмкіндік беретін лицензияны 2027 жылғы 19 наурызға дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
20,9 млн теңге табыс: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Сарыағаш тұрғыны сотталды
Сарыағаш ауданының тұрғыны ойын бизнесі саласында заңсыз қызмет ұйымдастырғаны үшін сотталды. Ол бірнеше үй-жайды жалға алып, онда ойын автоматтарын орналастырып, интернет арқылы тыйым салынған құмар ойындарға қолжетімділік берген. Заңсыз әрекеттен түскен жалпы табыс 20,9 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 01 Сәуір, 2026
Депутат Айтуар Қошмамбетов жалақыға түсетін салық жүктемесін азайтуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов еңбекақы қорына түсетін салықтар мен міндетті төлемдерді жеңілдетуді ұсынып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, қазіргі жүйеде жұмыс беруші еңбек қатынастарын неғұрлым ашық әрі заңды рәсімдеген сайын, шығыны арта түседі. Бүгінде жалақыдан түрлі есептеу тәртібімен 7 түрлі салық пен төлем ұсталады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 01 Сәуір, 2026
Батырхан Төлеуғали Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Түркияның Анталия қаласында таеквондодан Turkiye Open-2026 ірі халықаралық турнирі мәресіне жетті. Ұлттық олимпиада комитеті жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.