Соңғы жаңалықтар
Ауа райы • 26 Ақпан, 2026
Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сай бүгін ел өңірлерінің басым бөлігінде аяз күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 26 Ақпан, 2026
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 26 Ақпан, 2026
Цифрландыру дәуірінде балалардың көзін қалай қорғауға болады?
Қазіргі заманда гаджеттер біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Смартфондар, планшеттер, компьютерлер оқу, жұмыс және демалыс үшін пайдаланылады. Алайда сандық құрылғыларды шамадан тыс немесе дұрыс пайдаланбау тек көру қабілетіне ғана емес, жалпы дамуға да кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы офтальмолог дәрігер Айбек Ерғали Egemen.kz тілшісіне айтып берді.
Саясат • 26 Ақпан, 2026
Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Солтүстік Қазақстан облысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның жетекшілігімен «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері бірқатар кездесу өткізді.
Саясат • 26 Ақпан, 2026
Көлік саласындағы келелі істер
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Көлік министрлігінің алқа отырысы өтті. Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері, ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Пікір • 26 Ақпан, 2026
Еліміздегі саяси жаңару мен конституциялық реформаның жауапты кезеңге көтерілуі – қоғам сұранысынан туындаған талап.
Экономика • 26 Ақпан, 2026
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Қазір жаһандық қаржы жүйесі жаңа сынақ кезеңіне қадам басты. Әлем елдерінің орталық банктері экономика мен саясаттағы құбылмалы ахуалға сай ақша-несие саясатын қайта қарауға кірісті. Бұл үдерістен біз де шет қалған жоқпыз. Елде инфляцияны тежеу бағытында жүйелі шаралар қабылданып, нарықтық тетіктерді сақтай отырып, баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге басымдық берілді.
Экономика • 26 Ақпан, 2026
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономиканы әртараптандыру, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру бағытында Шымкентте бірқатар өндірістік алаңдар жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы аймақтар 455 кәсіпорынның басын біріктіреді. Оған жұмсалған инвестиция 700 млрд теңгеден асады.
Экономика • 26 Ақпан, 2026
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Нарықтағы ашықтық пен әділ бәсеке цифрлық шешімдер арқылы қалыптасып келеді. Тауар айналымын толық бақылауға алған таңбалау жүйесі көлеңкелі нарыққа тосқауыл қойып, салық тәртібін күшейтуді көздейді. Бұл тәсіл ішкі өндірісті қорғап қана қоймай, тұтынушының сапаға деген сенімін де арттыра түседі.
Үкімет • 26 Ақпан, 2026
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Депутаттар бастамашы болған ғылым мәселелері бойынша ғылыми-техникалық қызметті жетілдіруге бағытталған түзетулер (бірінші оқылымда), сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет, педагог мәртебесі және білім беру мәселелерін реттейтін заң жобаларын қарап, тиісті шешімін шығарды.
Руханият • 26 Ақпан, 2026
«Астана Опера» театры қазақтың аңызға айналған баритоны, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған ауқымды концерттер легін бастады. Өнер ордасы әншінің рухына тағзым етіп, сахна саңлағының шығармашылық мұрасын жаңғыртуға бағытталған арнайы жобаны көрермен назарына ұсынды.
Тұлға • 26 Ақпан, 2026
Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Өткен ғасыр басында қазақ даласында сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеті басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Олар сол дәуірдің ең озық оқу орындарында білім алып, алаш идеясы маңына топтасты. Солардың бірі – озық ойлы азамат Ғазымбек Бірімжанов еді. Бұл тұлғаның туғанына биыл 130 жыл толып отыр.
Саясат • 26 Ақпан, 2026
Ғылыми атақтар туралы келісім мақұлданды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар ЕАОЭ-ға мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісімді мақұлдады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Тұрғындар түйткілін кім шешеді?
Облыс орталығы Түркістанда кейінгі жылдары халық саны артқан. Осы тұрғыда тұрғындарды баспанамен қамту – өзекті мәселенің бірі. Одан бөлек, қалада 95 мыңнан аса адам жеке тұрғын үй салу үшін тегін жер телімін алу кезегінде тұр. Олардың алды 25 жылдан бері кезегін күтіп жүр. Ал қалада 2005 жылдан бастап жер беру тоқтатылған.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2026
Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді
Президенттің Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен V отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді (Tentative List). Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Өнер • 26 Ақпан, 2026
Шайдоровтың кілемдегі шынайы бейнесі
Әлемге әйгілі тұлғалардың портретін кілемге бедерлеп танымал болған Әсел Сабыржанқызы жуырда су жаңа Олимпиада чемпионы – Михаил Шайдоровтың суретін дәл солай салып шығып, қалың елді тағы бір таңғалдырды.
Саясат • 26 Ақпан, 2026
Реформалардың мән-жайын түсіндірді
Қазір сенаторлар еліміздің барлық өңірінде кездесулер өткізіп жатыр. Шалғайда жатқан ауылдық елді мекендерге де ат басын бұрды.
Спорт • 26 Ақпан, 2026
Болгария астанасы – Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінің екінші жарыс күні еліміздің 15 бокшысы рингке көтерілді.
Референдум • 26 Ақпан, 2026
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Онда мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесті.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Махамбет рухын дәріптеген Марк
Рудный музыкалық колледжінің студенті Марк Ли Махамбет күйлерін нақышына келтіріп орындайды. Жас күйші ұлттық аспапты нағашы атасынан үйренген. Бала кезінен сол кісінің қасында жүріп, домбыра үнін бойына сіңіріп өскен дарынды жас бүгінде 60-тан аса күй біледі.
Саясат • 26 Ақпан, 2026
Деректерді өңдеу орталықтарын дамыту жайы пысықталды
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент қойған міндеттер шеңберінде «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының жүзеге асырылу барысы қаралған жиын өткізді.
Көрме • 26 Ақпан, 2026
Алматыда кино өнерінің қос алыбына арналған тағылымды кеш өтті. Ұлттық орталық музейде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен Меңтай киномузейі бірлесе ұйымдастырған «Ұлы мұра – ұрпаққа өсиет» атты мерейтойлық көрме ел руханиятындағы елеулі оқиғаға айналды.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Мемлекеттік қызмет музейі құрылды
Маңғыстаудың мемлекеттік қызмет саласының тарихы музей төріне топтасты. Нақтырақ айтсақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облыстық филиалы жанынан мемлекеттік қызмет музейі құрылды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Алматыда курьерге қатысты резонанстық оқиғадан кейін жеткізу агрегаторларына қойылатын талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2026
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Қарағанды облысындағы тау-кен кәсіпорны экологиялық нормаларды бұзғаны үшін шамамен 4 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Ақпан, 2026
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық соты аудан тұрғыны Евгений Люфті бөтен ел әскерінің құрамында Украинаға қарсы соғысқа қатысқаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Ақпан, 2026
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында Қазақстанның тасжолдарындағы жағдай туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Жаңа Конституция жобасын тек саяси-құқықтық құжат ретінде ғана емес, алдағы ондаған жылға денсаулық сақтау жүйесінің даму бағытын айқындайтын стратегиялық бағдар ретінде қарастыру қажет. Бұл туралы Nazarbayev University Медицина мектебінің профессоры, қоғамдық денсаулық сақтау саласының докторы, Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Таңертең сабаққа асыққан оқушы сөмкесіне кітаппен бірге планшетін салып шықса, ал мұғалім бірнеше минут ішінде көрнекі материал дайындап үлгерсе, бұл – қиял емес, бүгінгі білім кеңістігінің шынайы көрінісі, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Ақпан, 2026
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ертең Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.