Ай
Ғылым • Кеше
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ұлттық экономиканың тірегі саналатын металлургия саласы уақыт озған сайын жаңа мазмұнмен толығып келеді. Заман талабы тек табиғи байлықты игеру емес, оны ұқыпты пайдаланып, өндірістен қалған техногендік қалдықтардың өзін қайта кәдеге жарату болып отыр. Бұл бір жағынан экологиялық жауапкершілік жүктесе, екінші тұстан экономиканың тиімділігін арттырудың бір жолы. Осындай күрделі міндеттерді шешуде отандық ғылымның әлеуетіне сүйенеріміз анық, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • Кеше
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Маңғыстау облысында «Қаражанбасмұнай» компаниясының бірқатар қызметкері облыс әкімдігі алдына жиналып, Президентке бейнеүндеу жолдады. Бұған олардың еңбек жағдайына қатысты наразылығы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде антициклондардың жиі алмасуына байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. «Қазгидромет» синоптиктері 11, 12 және 13 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • Кеше
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпкер • Кеше
Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаға тартылды
Абай облысы Аягөз ауданының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысы талданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • Кеше
Ағайынды Оралбайлар Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында Нұрбек және Айбек Оралбайлар өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Ипотека • Кеше
«Ұмай» мен «Жасыл ипотека» бағдарламалары іске қосылады: Бастапқы жарна қанша?
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Отбасы банк» Азия даму банкімен 90 млрд теңге көлемінде қарыз беру туралы келісімге қол қойды. Бұл қаражат «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламалары аясында тұрғын үй несиелерін беруге бағытталады. Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • Кеше
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
10 сәуір күні Қазақстанның бес қаласында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. «Қазгидромет» мәліметінше, мұндай жағдайлар Өскемен, Семей, Риддер, Тараз қалаларында және күндіз Алматыда күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 09 Сәуір, 2026
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға жаңа терминалдағы паспорттық бақылау аймағында техникалық жұмыстар басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 09 Сәуір, 2026
Олжас Бектеновке Алакөлді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Сәуір, 2026
Еліміздегі мұнай нысандарының қауіпсіздік деңгейі қандай?
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов еліміздің мұнай нысандары Иран тарапынан жасалуы мүмкін шабуылдардан қаншалықты қорғалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Сәуір, 2026
Тапшылық жоқ – сәйкесінше баға да өспейді: Вице-министр жанармай құнының өзгеруі туралы
Сенатта өткен брифинг барысында журналистер мораторий аяқталғаннан кейінгі бір аптада жанармай бағасының қаншалықты өзгергенін сұрады. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтің айтуынша, жанар-жағармай бағасы қазіргі уақытта нарықтық тетікпен қалыптасады және мемлекет тарапынан тікелей реттелмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Сәуір, 2026
Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады
Биылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға 179 мыңға жуық адам қатысып, олардың 70%-ы шекті балл жинады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Сәуір, 2026
Иран билігі Ормұз бұғазы арқылы кемелердің өтуін уақытша тоқтатты. Бұл шешім бітім шарттарының бұзылуына байланысты қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 09 Сәуір, 2026
3 млрд теңгеден астам залал: Қостанайда субсидияны заңсыз иемденген қылмыстық топ сотталды
Қостанайда ауыл шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік қолдау қаржысын талан-таражға салғандар жазаланды. «Beef Export Group» ЖШС төңірегіндегі даулы іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Сәуір, 2026
9 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылады
9 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 09 Сәуір, 2026
Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Сәуір, 2026
Әзербайжан жағалауында магнитудасы 5,4 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Бүгін Астана уақытымен сағат 14:05-те (Гринвич бойынша 09:05) Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы жанындағы Геофизикалық зерттеулер институты Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Қайырымдылық қаражатын жымқырған Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс істеп жүр?
Алаяқтық жолмен жиналған қайырымдылық қаражатын жымқырды деген айыппен сотталған Перизат Қайраттың колониядағы қазіргі жұмысы туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 2025 жылы қоғам белсендісі 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
«Медеу» паркімен шекаралас 288 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Алматы прокуратурасының қадағалау қызметі шеңберінде жалпы аумағы 288 га болатын екі жер телімдері жеке меншікке заңсыз берілгендігі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Сәуір, 2026
Еліміздегі псевдопсихологтарға айыппұл енгізілуі мүмкін
Қазақстанда психологиялық көмек көрсету тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу қарастырылуы мүмкін. Мұндай түзетулер бүгін Мәжілісте «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасы аясында талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді
Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайраттың Mercedes-Benz S450 көлігін аукционға қою туралы хабарландыру жарияланған еді. 7 сәуірде электрондық сауда порталында Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілгені туралы ақпарат жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 08 Сәуір, 2026
АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық бітім туралы мәлімдемеден кейін мұнай бағасы 13-17%-ға төмендеген. Нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 93 доллардан төмендеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Сәуір, 2026
Жаңбыр, тұман, найзағай: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 8 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктер болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 08 Сәуір, 2026
Биыл көрнекті ғалым, академик Күләш Құнантайқызының туғанына 95 жыл толып отыр. Осыған орай ардақты тұлғаның туған жері – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде ғылыми-практикалық конфенция өтті.
Ата заң • 08 Сәуір, 2026
Құқықтық мемлекет қағидаттарының арқауы
2026 жыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, мемлекеттің ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын маңызды кезеңге айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі түбегейлі өзгерістер мен әлемдік ахуалды ескере отырып, стратегиялық бағдар ретінде мықты демократиялық институттары бар, құқық үстемдігі орныққан Әділетті мемлекет құруды нақтылады. Реформаның нәтижесі болып отырған жаңа Ата заңның басты мақсаты – заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Ауа райы • 07 Сәуір, 2026
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Қазақстанның басым бөлігінде тұрғындар алдағы күндері көктемге тән құбылмалы ауа райын сезінеді. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында тұрақсыз атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, кей өңірлерде жауын-шашын аралас түрде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.