Ер
Ипотека • Бүгін, 21:00
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
2024 жылғы 17 сәуірден бастап Қазақстанда ипотеканы өтеу тәртібіне қатысты жаңа өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер екінші деңгейлі банктерде ипотекасы бар азаматтарға қатысты және зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерін жаңартады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • Бүгін, 19:55
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскерге шақыру науқаны бірнеше кезеңнен тұрады: шақырту алу, медициналық тексеруден өту және құжаттарды рәсімдеу. Әрбір азамат бұл процестің қалай жүретінін және өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 19:45
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қазақстанда әрбір кәмелетке толған азамат тегін жер телімін алуға құқылы. Бұл құқық Жер кодексінің 50-бабында көрсетілген. Алайда іс жүзінде бұл мүмкіндікті пайдалану оңай емес: кезек жылдарға созылады, ал кейбір өңірлерде бос жер мүлде аз, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • Бүгін, 18:40
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Тұран университетінің базасында «Ұлы дала: тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Келешек мектептері» жобасына қатысатын 7-8 сынып оқушылары арасында өткен футзалдан республикалық турнир мәресіне жетті. Ауқымды жарыс Ұлттық мектеп лигасының ресми ашылуымен тұспа-тұс келіп, үлкен спорт мерекесіне ұласты, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Елімізде білім жүйесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу жөніндегі ұлттық жоба басталды. Бастама OpenAI компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Оның аясында 165 мың педагог білім беру мақсаттарына арнайы әзірленген ChatGPT-дің нұсқасы, яғни ChatGPT Edu жүйесіне қол жеткізе алады. Жобаның демеушісі − Freedom Holding Corp., ал технологиялық интеграция бойынша серіктесі – Bilim Group IT холдингі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 14:58
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Көкшетау қаласында жүктіліктің 34-аптасында жүрген әйелге қаңғыбас иттер шабуыл жасап, ол медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Бүгін, 14:47
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматына бірқатар өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • Бүгін, 14:12
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Астанада топырақтағы органикалық көміртекті өлшеу мен бақылау тетіктері талқыланды. Сарапшылар жердің тозуын тежеу, көміртек жобаларын дамыту, халықаралық климаттық міндеттемелерді іске асыру бағытындағы ұсыныстарды ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Скандинавиялық антициклонның сілемі еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз, біршама салқын ауа райын сақтап тұр. Дегенмен атмосфералық ауа массаларының ауысуына байланысты алдағы күндері температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • Бүгін, 13:05
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Елімізде ірі цифрлық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын іске асыру қарқын алды. Жоба аясында инвесторлар тарту, энергетикалық база құру және арнайы жеңілдіктер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Бүгін, 12:30
Жыл соңына қарай инфляция 10%-ға дейін төмендейді
Қазақстандағы конституциялық өзгерістер мен экономикалық саясаттың жаңа бағыттары халықаралық рейтингтік агенттіктер назарында тұр. Вашингтонда өткен кездесуде елдің институционалдық дамуы, инфляцияны тежеу және тұрақты өсім мәселелері жан-жақты қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • Бүгін, 12:21
Елімізде салық түсімдері 7 триллион теңгеге жақындады
2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда салықтық түсімдер көлемі айтарлықтай өсіп отыр. Сәуір айындағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке және Ұлттық қорға түскен түсімдердің жалпы көлемі 6,98 триллион теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 12:06
Емханаларда тегін берілетін дәрілер дәріханаларда заңсыз сатылған
Қазақстанда тегін медициналық көмек аясында берілген дәрі-дәрмектердің дәріханаларда сатылғаны анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл фактілер бойынша материалдарды Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады. Қосымша тексерістер жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 10:30
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Енді әскерде мобильді байланыс құралдарын қолдану тәртібі жеңілдей түспек. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Кеше
Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды
UFC-де күш сынасып жүрген Бекзат Алмахан өзінің келесі жекпе-жегін 27 маусымда Бакуде Жан Мацумотоға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Сенатор Бибигүл Жексенбай платформалық жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу және цифрлық сервистер арқылы жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін көтерді. Депутат өз сауалында соңғы жылдары Қазақстанда онлайн-платформалар арқылы, әсіресе жеткізу және жолаушылар тасымалы саласында жұмыспен қамту қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • Кеше
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және жылыту маусымына дайындық аясында 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • Кеше
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері көбейіп келеді. Азаматтарға емханаға барғаннан немесе дәрігер қабылдауына жазылғаннан кейін күмәнді қоңыраулар түсе бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • Кеше
Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті
«ҚазТрансОйл» деректеріне сәйкес, 2026 жылдың І тоқсанында Қазақстанның Германияға мұнай экспорты 353 мың тоннаға артып, жалпы экспорт көлемі 730 мың тоннаға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпкер • Кеше
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіру фактісі анықталды. Бұл туралы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
iCloud пен Google Drive пайдаланушыларына қауіп төнді
Бас прокуратура интернет-алаяқтық жағдайларының көбейгенін мәлімдеп, азаматтарды сақ болуға шақырды. Ведомствоның хабарлауынша, алаяқтар танымал бұлттық сервистердің атын жамылып, пайдаланушылардың жеке деректері мен қаражатын иемденуді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • Кеше
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті интенсивті алма бақтарын құру және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-ресурстар арқылы жалған сақтандыру қызметтерін ұсыну фактілерінің көбейгенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейтін болды
Әзербайжан мен Ресей 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апаты бойынша келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Мажарстанның жаңа премьері президенттің отставкаға кетуін талап етті
Мажарстанның жаңа премьер-министрі Петер Мадьяр ел президенті Тамаш Шуйокты лайықсыз деп атап, қызметінен кетуге шақырды. Бұл туралы премьер Шандор сарайында президентпен өткен кездесуден кейін X желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • Кеше
Екібастұзда медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер ұсталды
Екібастұз қаласында қалалық аурухананың дәрігері мен медбикесіне шабуыл жасалып, күш көрсетілген. Павлодар облыстық полиция департаменті күдікті үш ер адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Павлодарда әскери қызметші қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды
Павлодарда әскери қызметкер өзіне оқ атып, мерт болды. Сондай-ақ тағы бір қызметші жарақат алған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Қырғызстан аумағында жер сілкінді
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • Кеше
Smart Grid мен ЖИ-инженерлері: Елімізде жаңа мамандықтар пайда болады
Елімізде энергетикалық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жаңа мамандықтар пайда болады. Бұл туралы жылу энергетикасы саласындағы Салалық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.