ас
Өшпес даңқ • 14 Сәуір, 2025
Жеңісті жақындатуға үлес қосқан қарияға құрмет көрсетілді
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Президент Іс басқармасына қарасты «Қазқұрылысжүйесі» ұйымының басшылары тыл ардагері Аллаберген Ахметжановтың үйіне арнайылап ат басын тіреді. 90 жасқа толған ақсақалды мерейлі жасымен құттықтап, барша ұжымның атынан шағын сый-сияпат жасады, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 14 Сәуір, 2025
Бұқаралық спортқа басымдық беріледі
Қазақстанда дене шынықтыру сабақтарынан бастап халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға дейін тең қолжетімділікті құру бойынша спорт саласын дамытуда дәйекті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін насихаттау, инфрақұрылымды жаңғырту және жаттықтырушылар құрамын қолдау басымдыққа ие болып қала береді, деп хабарлайды Egemen.kz сала министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Қызылордада 22 ата-ана жауапкершілікке тартылды
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 124 түрлі әкімшілік хаттама рәсімделіп, 4 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынған. Панасыз қалған 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізіліпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Сәуір, 2025
Жасөспірімдерге жан-жақты бақылау қажет
Көктем жасөспірімдердің түн мезгілдерінде үйге кіргісі келмей, кезбелік жасайтын қауіпті шағы.
Спорт • 13 Сәуір, 2025
Ұландық спортшы гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Ұлттық ұлан спорт командасын даярлау орталығының аға маманы (дене шынықтыру және спорт бойынша аға нұсқаушысы) Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2025
Маңғыстауда оқушылар уланған мектеп асханасынан заң бұзушылықтар анықталды
Маңғыстау облыстық Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде, ас дайындайтын қызметкерлердің бірінен стафилококк табылған, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдай • 13 Сәуір, 2025
Су тасқыны: 14 ауылда көлік қатынасы тоқтап тұр
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 14 ауыл көлік қатынасысыз отыр. Сонымен қатар ел аумағында 26 жерден су тасып, 5 жол бөлігі шайылған, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ғылым • 12 Сәуір, 2025
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым айы – 2025» іс-шарасының салтанатты ашылуы өтті.
Елорда • 12 Сәуір, 2025
Астанада соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден әлеуметтік төлем берілді
Астанада қазір тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының 6 ардагеріне Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден әлеуметтік төлем берілді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ғылым • 11 Сәуір, 2025
Астанада I Республикалық «Жас ғалым» форумы өтті
Еуразия ұлттық университетінде I Республикалық «Жас ғалым» форумы өтті, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам жас ғалымдар жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Сәуір, 2025
Президентке Шымкент қаласының перспективті құрылыс жоспары таныстырылды
Мемлекет басшысына қаланың сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек • 11 Сәуір, 2025
Мәслихат депутаттары «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен жүздесті
Бүгін Астана қалалық мәслихаты депутаттарының бір тобы «Қазақ газеттері» серіктестігіне арнайы ат басын бұрып, ұжыммен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Сәуір, 2025
Қазақстан жаппай офшор аймағына айналып кетпеуі керек - Президент
Мемлекет басшысы өзінің Жаңа Салық кодексін әзірлеуге тапсырма берген кезде мейлінше түсінікті, тұрақты әрі әділ салық саясатына көшу жөнінде міндет қойғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы Шымкент жұртшылығы алдында сөз сөйледі
Президент Конгресс-холға жиналған жергілікті қауым алдында сөйлеген сөзінде шаһарға жұмыс сапарымен арнайы келгенін, шырайлы Шымкент еліміз үшін өте маңызды қала, тарихы терең қастерлі мекен екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Сәуір, 2025
Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты
ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеген «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Сәуір, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» саябағын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» шағын ауданына жақын маңдағы жаңа саябаққа барды. Аумағы 20 гектардан асатын паркте сейілдеуге және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Субұрқақты жасанды тоған, амфитеатр, ландшафтты аллеялар, воркаут және скейт алаңдары бар, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 11 Сәуір, 2025
Ғылым нәтижелерін практикалық салаға енгізу ескерілсе - жас ғалым
Елімізде ғылым әлеуетін әлдендіру - дәуіріміздің басты бәйгесі. Ғылымы өркендеген мемлекеттің бүгіні мен болашақ тағдыры жарқын болатынын әркім-ақ түйсінеді. Мұндағы негізгі қадам – нақты әрекет. Ал әрекет тұлғаның өзінен басталады. Осы қағиданы өмір салтына айналдырған жас ғалымдар тобының жемісті нәтижелері әр тараптан сүйіншілей естіліп жатады. Солардың бірі Қазақстан үшін стратегиялық маңызды сала металлургиядағы ғылымды серік еткен – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының» аға оқытушысы Асылбек Әбдірашит. Асылбек металлургия саласына инновациялық технологияларды енгізу, нақты өндірістік және экологиялық мәселелерді шешу арқылы импортқа тәуелділікті азайту үшін тер төгіп жүр. Жас ғалым өзі таңдаған жол - өнеркәсіпті жаңғырту және отандық технологияларды дамытуға бастайтынына сенімді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Сәуір, 2025
Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңінің іріктеуі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Сәуір, 2025
Елімізде төрт жаңа су қоймасы салынады
Қазақстанда ауқымды су жобасы іске қосылды. Ислам даму банкінің қолдауымен және БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бастама елдің бірнеше өңірінде су инфрақұрылымын түбегейлі жаңартуды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 11 Сәуір, 2025
Қыздар құрамасы Бакуде бокстасады
Әзербайжанның бас шаһарында бокстан халықаралық «Жібек жолы» турнирі 10 сәуірде басталған, 16 сәуірде аяқталады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Сәуір, 2025
Ардагерлер ұйымының кезекті пленумы өтті
Бүгін Астанада «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің III пленумы өтті. Оған аталған ұйымның төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Қонаевта әлеуметтік осал топтағы отбасыларға баспана берілді
Қонаев қаласында кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 10 Сәуір, 2025
Холдингті тонап, мұхит асып кеткен ғалым да болған - Президент
Мемлекет басшысы ғалымдармен кездесуінде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғылымға баса мән берілмегенін, көптеген ғалымның басқа салаға ауысып кеткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Ақмола облысында құтқарушылар тасқынның алдын алды
Ақмола, Қарағанды облыстарының ТЖД құтқарушылары мен әскери қызметшілері 5 күн бойы Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылында апатпен күресті, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 10 Сәуір, 2025
Қазақстан мен Германия арасындағы байланыс нығайды
Қазақстан Республикасында тұратын этникалық немістер мәселелері жөніндегі екіжақты Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 21-ші отырысында Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және неміс этносын қолдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Сәуір, 2025
Шерзат Болаттың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2025
Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасын қабылдады
Президентке «Қазпошта» АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны «Qazpost – YTO» ЖШС-нің қызметі жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 10 Сәуір, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа басшы тағайындалды
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың бас директоры қызметін Қуаныш Бишімов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Сәуір, 2025
Үкімет Қызылорданы ыстық сумен қамтуға 5 млрд теңге бөлді
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2025
Атырауда масаға қарсы күреске бюджеттен 244 млн теңге бөлінген
Биыл Атырауда маза бермейтін масамен күрес ерте басталды. Оған бюджеттен 244 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.