облысы
Инвестиция • 09 Желтоқсан, 2025
Түркістандағы 9 млрд теңгеге салынып бітпеген жағажайға тағы 5 млн доллар бөлінбек
Түркістан облысында бұдан бұрын 9 млрд теңге жұмсалған жағажайды абаттандыру жобасын аяқтау үшін тағы 5 млн доллар инвестиция тартылмақ. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 09 Желтоқсан, 2025
Керекуде 15 кітаптың тұсаукесері өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының «ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы аясында жарық көрген 15 кітаптың тұсауы Павлодар қаласында кесіледі, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 09 Желтоқсан, 2025
Марихуана жинаған тұрғын ұсталды
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Тасөткел ауылынан 8 шақырым қашықтықта Шу ауданының тұрғынын есірткі өсімдігін жинап жүрген жерінен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 15 ауыл «ішімдіксіз елді мекен» мәртебесін алды
Абай облысының 15 ауылы «ішімдіксіз елді мекен» мәртебесін алып, тұрғындар мен жергілікті билік бірлесіп, алкогольді қолданудан бас тартты. Жобаның нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар азайып, құқықтық тәртіп күшейді, ал ауыл тұрғындары өз өмірін қауіпсіз әрі тыныш етуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Ауылшаруашылық еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Алматы облысында Ауыл шаруашылығы күні салтанатты түрде аталып өтті. Іс-шара аясында өңірдің аграрлық саласындағы жетістіктер аталып, үздік мамандар мен шаруашылық өкілдері марапатталды. Мерекелік жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев және Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
«Шаруаларға бір тамшы да су бермейміз»: Премьер-министр тиісті кестеден ауытқымауды тапсырды
Үкімет отырысында алдағы вегетациялық кезеңде еліміздің оңтүстік аймақтарын сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 09 Желтоқсан, 2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Актөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың бастамасымен өңірде «Сыбаға-2025» ұлттық дәстүрлер фестивалі өтті. Ауқымды шара Қазақстанның әр аймағынан және шетелден келген шеберлердің, қолөнер мамандарының, мәдениет жанашырларының басын қосты. Облыстық мәслихат депутаты, қоғам қайраткері, кәсіпкерлерге тәлімгер Күлпаршын Айдархановамен осы оқиғаның мәні, маңызы төңірегін аз-кем әңгімелестік. Ол фестиваль жөніндегі әсерімен, дәстүр мен заманауи бизнестің байланысы туралы ойларымен бөлісіп, мәдени мұраны сақтау өңір экономикасының дамуымен қатар жүруі керектігін атап өтті.
Төтенше жағдай • 09 Желтоқсан, 2025
Ақтауда өрт кезінде 8 жастағы бала қайтыс болды
Ақтауда болған өрт салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 08 Желтоқсан, 2025
«Ертіс орманында» жабайы жануарларға қысқы азық орындары ұйымдастырылып жатыр
Орманшылар түз тағыларына азық ұйымдастыруды «биотехникалық іс-шара» деп атайды. Биыл резерват бойынша 61 азықтандыру орны бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында 53 жолаушы күрделі жағдайға тап болған
Аталған өңірдің Әйтеке би ауданы аумағындағы республикалық тас жолдың 950-ші шақырымы тұсында 53 адам күрделі жол жағдайына тап болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында 30 жыл тазаланбаған су арналары ретке келтіріліп жатыр
«Қазсушар» РМК-ның өңірдегі филиалы онға жуық жер арығын механикалық әдіспен тазартып жатыр. Жұмысқа Су ресурстары және ирригация министрлігі ұсынған жаңа арнайы техника тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында автобус апатынан бес шетелдік қаза тапты
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 7 желтоқсанда шамамен таңғы сағат 8:40-та Самара – Шымкент тас жолында болған. 49 жолаушысы бар автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған. Салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде полицей қаза тапты
Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторы Асанәлі Әскербековтің қызмет бабында қаза болуына байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 07 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында 19 ауылдың ауыз су мәселесі шешілді
Жамбыл облысында 19 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Президент тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында жалпы сомасы 13,9 млрд қаражат бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 07 Желтоқсан, 2025
«Қайта даярлау» – қажетті қадам
Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай және Қопа тұрғындарына кәсіпті жетілдіру бастамасы іске қосылды. Бағдарлама тек мамандық игеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрақты жұмысқа орналасу мен кәсіби дағдыларды жетілдіруге жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 07 Желтоқсан, 2025
Павлодар облысында Олимпиада жүлдегері сотқа тартылды
Еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері Даулет Шабанбай Павлодар облысында сот алдында жауап беретін болды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында 13 жастағы қыз баланы зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Лисаковск тұрғыны кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда ауыл шаруашылығын дамытатын жобалар жүзеге асырылды
Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес Маңғыстау облысында аграрлық секторды дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқын алуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 06 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында шекара заставасындағы өрттен әке мен бала қаза тапты
Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Желтоқсан, 2025
Атырауда бейіттерді қиратты деген күдікпен 3 жасөспірім ұсталды
Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылы маңындағы мұсылман зиратында 2 желтоқсан күні бірнеше бейіттің бүлінгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 06 Желтоқсан, 2025
Қайтарылған активтер есебінен ауылдарда ауыз су құбыры салынып жатыр
Қызылорда облысының Арал ауданында прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Тоқабай және Абай елді мекендерінде ауыз су құбырының құрылысы жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 05 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 31 мекеме қосымша қызмет көрсету кезінде заң бұзған
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті жыл басынан бері мемлекеттік сектордағы 100 мекеме мен заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 05 Желтоқсан, 2025
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында жаппай жол апаты болды
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні шамамен 14:21-де «Екатеринбург — Алматы» тас жолының 1300-шақырымында бірнеше көлік қатысқан ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Заманауи зауыт жылына жетпіс мың тонна жеміс өңдейді
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өңдеу технологияларымен жабдықталған жаңа зауыт – бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді (АӨК) одан әрі нығайтуға ықпал етеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Қызылордада мүгедектігі бар жандардың жайын ескерген қанша нысан бар?
Аймақта 1500-ден астам әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мүгедектігі бар жандарға толық бейімделген. 2027 жылдың соңына дейін тағы 788 нысан жаңартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 04 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы әуежайды жаңғыртуға 50 млн доллар инвестиция тартылады
Атырауда Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайында «Ашық аспан» режимі қосылды. Қазір халықаралық 6 бағытқа әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 04 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді
Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылығы саласының жаңа кезеңі басталды. Қарақия ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Organic fish» ЖШС-нің теңіз фермерлігі жобасы аясында Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың алғашқы партиясы – салмағы 200 грамм болатын 2 000 кг (9 890 дана) шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 04 Желтоқсан, 2025
Павлодарда кейбір кәсіпорындар қоршаған ортаны ластау лимитін асырып жіберген
Табиғат қорғау прокурорлары биыл жыл басынан мыңнан астам заңбұзушылықты анықтап, 900 млн теңгеге жуық айыппұлдар салған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Биыл Ақтөбеде құны 110 миллиард теңгеден асатын сегіз жоба жүзеге асырылды
Ақтөбеде 20 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен өткен «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» жиынында жаһандық өзгерістер жағдайындағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық саясат, инвесторларды қолдау шаралары, Еуразиялық экономикалық Одақ, Еуропа мен Азиядағы серіктестермен ынтымақтастық бағыттары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.