м
Экология • 22 Мамыр, 2026
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында Атырау облысындағы Солтүстік Каспий экологиялық ден қою базасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 22 Мамыр, 2026
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Ақтауда пластикалық хирургия клиникасына жүгінген Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Мамыр, 2026
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында Премьер-министрд ің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан сала өкілдеріне 13 мемлекеттік награда мен 60 пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Алматы қаласындағы «Ырысты» тұрғын үй кешенінің ауласында белгісіз біреу балконнан ішінде темір заттары бар бөтелкені төменге лақтырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 22 Мамыр, 2026
Ұлттық фильм мәртебесі: Мемлекет қандай бағыттағы туындыларды қаржыландыруға дайын?
Жұма күні Алматыда байқаудың алғашқы екі кезеңін еңсерген киножобалардың ашық қорғауы – питчингтің алғашқы күні басталды. Биыл байқаудың ақтық кезеңіне мемлекеттік қаржылай қолдауы мен ұлттық фильм мәртебесінен үмітті 95 киножоба қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Даурен Исмаиловтың айтуынша, жеткізу қызметкерлеріне қатысты шағымдар көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Трамп Польшаға қосымша 5 мың әскер жібермекші
АҚШ президенті Дональд Трамп күтпеген жерден Польшаға қосымша 5 мың америкалық әскер жіберетінін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Еуропадағы америкалық әскери қатысуды қысқарту жоспарына байланысты Варшава мен Вашингтон арасындағы елеулі шиеленістерден бірнеше күн өткен соң жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Грузияда ұсталды
Тбилиси қаласында Қазақстанда синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырды деген күдікке ілінген ерлі-зайыпты ұсталды. Операция Ішкі істер министрлігі мен Грузия құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы аясында жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2026
Екібастұздағы негізгі электр станцияларының қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Екібастұз ГРЭС-1 станциясына барып, алдағы күзгі-қысқы кезеңде еліміздің ірі энергия көздерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
Келуші мейрамханадағы дәмсіз әрі шикі тағамның ақысын төлеуден бас тарта ала ма?
Елімізде мейрамханадағы тағам сапасыз немесе толық піспеген жағдайда, келуші оның ақысын төлеуден бас тарта ала ма? Журналистердің бұл сауалына Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Сауда • 22 Мамыр, 2026
Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі
Қазақстанда QR-код арқылы сатушыларға шағым жолдауға мүмкіндік беретін пилоттық жоба енгізіледі. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 22 Мамыр, 2026
Нитрат пен химия: Ерте піскен жемістердің денсаулыққа зияны бар ма?
Көктем мезгілі басталысымен-ақ базарлар мен дүкендерде ерте пісетін көкөністер мен жемістер пайда бола бастайды. Дәл осы кезеңде қияр, қызанақ, редис, құлпынай және басқа да маусымдық өнімдерге сұраныс артады. Жаздың бастапқы тұсында да сөрелерде самсап тұратын мұндай өнімдер тұтынушыларды өзіне ерекше тартып тұрады. Көкөністер мен жемістер дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігі екені белгілі. Алайда ерте піскен өнімдердің денсаулыққа пайдасы бар ма? Осы орайда Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевпен сұхбаттасқан едік.
Ауа райы • 22 Мамыр, 2026
Алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады
Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде және оңтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Алматыда 29 жастағы жігіт кинотеатрда көз жұмды: Полиция тексерісті бастады
Алматы қаласының полициясы Forum кинотеатрындағы 29 жастағы ер адамның қаза болуына қатысты пікір білдірді. Қайғылы оқиға 17 мамыр күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 22 Мамыр, 2026
ЖИ арқылы жасалған отандық фильм Канн кинофестивалінде көрсетілді
Канн кинофестивалінде жасанды интеллект көмегімен жасалған алғашқы отандық көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Мамыр, 2026
WhatsApp желісінде топ құрған: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «ENVIDA AI» атауымен жұмыс істеген қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Гонконг қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды
Бас прокурор Берік Асылов халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Гонконг қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Гонконгтың Қауіпсіздік жөніндегі хатшысы Крис Тангпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
NASCAR-дың екі дүркін чемпионы Кайл Буш қайтыс болды
Аңызға айналған жарыс жүргізушісі Кайл Буш 41 жасында көз жұмды. Спортшы кенеттен болған ауыр сырқаттан қайтыс болған. Оның нақты диагнозы әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Конгода Эбола індетінен қайтыс болған науқастың туыстары медициналық орталықты өртеп жіберді
Конго Демократиялық Республикасының шығысында Эбола індетінен қайтыс болған науқастың туыстары медициналық орталықты өртеп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2026
Соңғы қоңырау: оқушылар мұғалімдерге виртуалды гүл сыйлай алады
Соңғы қоңырау қарсаңында BilimClass платформасы мұғалімдерге арналған ерекше онлайн акцияны іске қосты. Енді оқушылар мен ата-аналар ұстаздарына виртуалды гүл шоқтарын жолдап, алғыс білдіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Танымал спортшы Қуат Хамитов Атырауда жауапқа тартылды
Атырау қаласында өтетін Batyr Fighting Championship турнирі алдында аралас жекпе-жек спортшысы Куат Хамитов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2026
Семейде зейнеткердің пәтерінен он КамАЗ қоқыс шығарылды
Семей қаласында полиция қызметкерлері коммуналдық мекеме өкілдері және еріктілермен бірлесіп көпқабатты үйдегі антисанитариялық жағдайға айналған пәтерді тазарту жұмыстарын жүргізді. Пәтерден шамамен он КамАЗ тұрмыстық қалдық шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2026
Астана мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Астана қаласында үй маңайындағы мектепке баланы орналастыру оңай емес. Білім ордасы алдымен тұрғылықты мекенжайдан тіркеу сұратады. Мұқият тексерістен өткен соң, бала сыныптағы 30-дан аса оқушының қатарына қосылады. Қазір көп мектептегі жағдай – осы. Мектептерде орын тапшы. Жалпы былтырғы оқу жылында 20 мыңнан аса балаға орын жетіспеушілігі сезілген. Бүгінде 1 200 орындыққа арналған білім ордаларында 4 мыңға жуық бала оқиды. Жыл сайын жаңа мектептердің саны артқанымен бұл мәселені толық шеше алмай отыр. Осы мәселеге қатысты Egemen.kz тілшісі қалалық білім басқармасына хабарласқан болатын.
Тұлға • 22 Мамыр, 2026
Абыз: Әділ Ахмет туралы бірер сөз
Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық басып» абыздық жасқа шыққан Әділ Ахмет – айнымайтын асыл адам: болмысы бекзат тұлға, ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз, дегдар дипломат. Қарымды қайраткерлігі, зерделі зерттеулері, парасатты публицистикасы арқылы айналасына сәулесін түсіріп жүретін сәулеткер, шын мәнінде зиялы.
Оқиға • 22 Мамыр, 2026
Атырауда түрмеге күмәнді зат кіргізбек болғандардың заңсыз әрекетін қызметтік ит әшкереледі
Атырауда Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) комитетінің қызметкерлері түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды заңсыз кіргізу әрекетінің жолын кесті. Оқиға №15 мекемесінің бақылау-өткізу орнында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Мамыр, 2026
Кенияда есту қабілеті бұзылған балаларға сабақ түсіндіретін робот жасалды
Кенияда мұғалімнің сөзін ым-ишара тіліне автоматты түрде аударатын робот жасалды. Бұл инновация есту қабілеті бұзылған балаларға жаратылыстану пәндерін, соның ішінде физика мен химияны оңай меңгеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Мамыр, 2026
Күдіктіні саусақ ізі әшкереледі: Ақмола облысында 19 жыл бұрын жасалған ұрлықтың беті ашылды
Ақмола облысы полицейлері шамамен 20 жыл бұрын жасалған ақша ұрлығының бетін ашты. Ұрлық 2007 жылы оқиға орнынан алынған саусақ іздері арқылы әшкере болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 22 Мамыр, 2026
Еңбекке жегу, қайыр сұрату: Адам саудасына қатысты 75 қылмыс тіркелді
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына байланысты 75 қылмыс анықталғанын мәлімдеді. Тіркелген деректер арасында адамдарды мәжбүрлі еңбекке жегу, қайыр сұратуға мәжбүрлеу, жыныстық қанау, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту және жаңа туған сәбилер саудасы фактілері бар, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 22 Мамыр, 2026
Сауд Арабиясы чемпионатының соңғы турында Криштиану Роналду бастаған «Аль-Наср» клубы өз алаңында Дамак командасын 4:1 есебімен жеңіп, алты жылдан кейін ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.