Қар
Қазақстан • 05 Қараша, 2025
Қазақстан мен Белорусь премьерлері қандай мәмілеге келді?
Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Екіжақты тауар айналымын ұлғайту, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық индустрия және ЖИ саласындағы, сондай-ақ көлік және логистика, денсаулық сақтау, туризм сияқты тағы да басқа салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фотогалерея • 05 Қараша, 2025
Елорданы қардан тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Астанада қар тазалау жұмыстары күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың 5 қарашасына қараған түні коммуналдық қызметтер қала аумағынан шамамен 686 текше метр, яғни 60-қа жуық ауыр жүк көлігіне тең қар шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Қараша, 2025
17 млн теңге: Банктен жалған шот ашып берумен айналысқандар ұсталды
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті (ҚМА) банктік шотты заңсыз иеленіп, рұқсатсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баға • 05 Қараша, 2025
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
5 қараша яғни бүгінгі күн бойынша Астана, Алматы қалаларында ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 05 Қараша, 2025
Алматыда қар молынан жауып, тұрғындар әбігерге түсті (фото, видео)
4 қараша күні Алматыда алғашқы қар жауды. Кенеттен түскен ақ ұлпа қала тұрғындарын әбігерге салды, ал коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Қарағандыда заңсыз киік аулау дерегі тіркелді
Облыста жабайы табиғатты қорғау саласында «Браконьер» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде. Оның басты мақсаты – жабайы табиғатты қорғау, браконьерлік іс-әрекеттерді болдырмау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Арқаның арқары фототұзаққа түсті
Қарағанды облысында қызыл кітапқа енген арқар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Қараша, 2025
2026 жылғы егіс науқанын ерте қаржыландыру басталды
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласындағы дайындық жұмыстары мен алдағы маусымға арналған міндеттерді талқылады. Үкімет басшысы 2026 жылғы көктемгі егіс және егін жинау науқанының ерте қаржыландыруы басталғанын атап өтіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барынша қамтылуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Қараша, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады
Қазгидромет мамандары 4 қараша күні еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауатынын, ал кей аймақтарда жел күшейіп, тұман болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Қараша, 2025
Алдағы күндері елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 03 Қараша, 2025
Қараша айында қазақстандықтар қандай салықтар мен есептер тапсыруы керек
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы қараша айында төленуі және тапсырылуы тиіс салықтар мен есептіліктер тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 03 Қараша, 2025
Ипотеканы мерзімінен бұрын өтеп, қаржыны қалай үнемдеуге болады?
Ипотеканы мерзімінен бұрын өтеу – несие мерзімін қысқартып, артық пайыздық төлемдерден құтылудың тиімді жолы. Дегенмен, мұндай шешім қабылдамас бұрын банктік шарттарды мұқият зерделеу қажет, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 03 Қараша, 2025
Әлемдік аниме нарығының көлемі 34 миллиард доллардан асты
Әлемдік аниме индустриясы жыл сайын тұрақты өсім көрсетіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 03 Қараша, 2025
Қызылордада қаржы пирамидасының жолы кесілді
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «HRT» атауымен қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Тергеу барысында анықталғандай компания өз қызметін самокаттарды салымшыларға сату және жалға беру арқылы пайда табу жүйесімен жүзеге асырған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қараша, 2025
«Таза Өскемен» кәсіпорнының бұрынғы басшысы 120 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры мен оның серіктестері қала көшелерін күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, мемлекетке 120 миллион теңгеден астам залал келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 03 Қараша, 2025
Қазақстан мен Сербия арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан мен Сербияның бас шаһарлары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды, оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 31 Қазан, 2025
Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас конференциясының сессиясы аясында бірқатар кездесу өткізді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Қазан, 2025
Президенттің жаңа бастамалары ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында айтылды
Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясының (ЮНЕСКО) 43-ші сессиясында сөз сөйледі. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған Қазақстанды одан әрі жаңғыртудың жаңа қадамдары Е.Қарин баяндамасының негізгі өзегі болды, деп хабарлайды Egemen.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 31 Қазан, 2025
Олжас Бектенов: Үкімет қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруды жалғастырады
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар жөніндегі VIII қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR-2025) қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 31 Қазан, 2025
Гидротехникалық құрылысқа озық технологиялар енгізіледі
QazInnovations инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесе және немістің HUESKER компаниясының қатысуымен халықаралық конференция ұйымдастырды. Оған сала министрі Нұржан Нұржігітов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 31 Қазан, 2025
АҚШ президенті Дональд Трамп тез арада ядролық қаруды даярлауды тапсырды. Бірақ оның нақты қандай даярлықты меңзегені беймағұлым, толық жарылыс па, тамалдау құралдарын тексеру ме, белгісіз, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Енді нашар жол үшін ақша төлемеуге болады
Жақын арада қазақстандықтарға ақауы бар жол учаскелерінің нақты тізімі ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2025
Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайда айтылған Президент тапсырмаларының іске асырылуы жөнінде жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған Президент тапсырмаларының орындалуы жөнінде жиын өткізді. Кеңесте Президент Әкімшілігі жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жасанды интеллект • 30 Қазан, 2025
FAIO 2025 халықаралық ЖИ олимпиадасы басталды
Алматы қаласында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада бүгін басталды, ертең 31 қазанда аяқталады. Бұл ЖИ саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Қарақия ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды
Қарақия ауданының Құрық ауылында жаңадан салынған Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ауданның құрметті азаматтары, ардагерлер, белсенді жастар және тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Бұқар жырауда жаңа ветеринарлық пункт ашылды
Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округінде жаңа модульдік ветеринарлық пункт ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Осакаров ауданында полицияның жедел басқару орталығы ашылды
Орталық жүйесіне қоғамдық орындарда және аудан орталығының көшелерінде орнатылған 109 бейнебақылау камерасы қосылған, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларда 900-ден астам камера біріктірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қазан, 2025
Халықаралық сарапшылар Қазақстанның су саласы дамуын оң бағалады
Еліміздің су ресурстарын басқару, есепке алу және бөлу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларын халықаралық сарапшылар жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қазан, 2025
Президент халықаралық қауіпсіздікке бағытталған заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған заңға қол қойды.
Аймақтар • 28 Қазан, 2025
Қарақия ауданында екі жаңа спорт нысаны ашылды
Қарақия ауданының Мұнайшы және Жетібай ауылдарында ангар типіндегі жаңа спорт залдардың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.