м
Үкімет • 12 Ақпан, 2026
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтіп, қызылшаның таралу мәселесі жеке қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 12 Ақпан, 2026
Қазақстаннан Қытайға 12,3 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді
Қытайға жемдік ұн тиелген контейнерлік пойыз аттанды. Жалпы көлемі 12,3 мың тоннаны құрайтын өнім Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдауымен жөнелтілді. Бұл қадам екі ел арасындағы аграрлық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Бала күтіміне байланысты жәрдемақы: Қаңтар айында қанша теңге төленді?
2026 жылдың қаңтар айында елімізде 164,1 мың азаматқа бала тууына және оның күтіміне байланысты 59,2 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Жәрдемақылар республикалық бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) есебінен төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Жамбылды бір-ақ сәтте қар басты: 300-ден астам қызметкер көшелерді қардан тазартып жатыр
Жамбыл облысында ауа-райының күрт бұзылып, қалың қар түсуіне орай өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жолдарды тазалау және қысқы күтіп-ұстау жұмысы қызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Павлодар трамвай паркі облыстың коммуналдық меншігіне өтті
«Д.Д. Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ акциялар пакеті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан Павлодар облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді. Бұл туралы «Павлодар» ӘКК басқарма төрағасы Дәурен Жамбайбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Шымкентте көпбалалы ана үшем дүниеге әкелді
30 қаңтар күні Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Үшем 11 тәулік орталық дәрігерлерінің бақылауында болып, кеше үйлеріне шығарылған, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 12 Ақпан, 2026
Қайым Мұхамедхановтың туғанына – 110 жыл: Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті ғалым, абайтанушы, жазушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қайым Мұхамедханов – адал азамат, тарихи тұлға» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиын барысында Ғарифолла Есім, Тұрсын Жұртбай, Айгүл Ісмақова, т.б. ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қайраткер қаламгердің ғылым мен әдебиеттегі орнына жан-жақты тоқталып, өмірі мен шығармашылығына арналған мазмұнды баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
118 млн теңге залал: Бухгалтер мемлекеттік кәсіпорынның ақшасын бәске тігіп, көлік сатып алған
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Ақтоғай ауруханасына 6 жаңа санитарлық автокөлік берілді
Жақында Ақтоғай ауданының әкімі Абылай Аманжолов «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудандық орталық ауруханаға алты жаңа санитарлық автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
2025 жылы қанша алтын құйма сатылды?
Ұлттық Банк 2025 жылы екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) мен банктік емес жекелеген айырбастау орындарына жалпы салмағы 889,5 кг 27 807 өлшемді құйма сатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Әкімдер мен мәслихаттардың өзара іс-қимыл тәртібі Ата заңда қалай бекітілген?
Мәслихаттар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша – шешім, ал әкімдер шешім мен өкім қабылдайды, бұлар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орындалуға міндетті. Бұл туралы жаңа Конституцияның қорытынды жобасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Қазақстан − Германия келіссөздері: Қай салаларда серіктестік артады?
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германияға сапары аясында елдің экономика және энергетика министрі Катарина Райхемен кездесті. Келіссөздерде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы талқыланып, индустриялық-технологиялық сала, энергетика, логистика, цифрландыру және ауыл шаруашылығы бағыттарына басымдық берілді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 12 Ақпан, 2026
Жаңа Конституцияда ел азаматтығына қатысты қандай ережелер ұсынылған?
Бүгін Қазақстан Республикасы жаңа Ата Заңының қорытынды жобасы жарияланды. Жобаның II бөлімі «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» деп аталып, ел азаматтығына қатысты ереже ұсынылған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 12 Ақпан, 2026
Қолданыстағы Конституцияның күші қашан жойылады?
Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады. Бұл туралы бүгін жарияланған Конституция жобасының 94-бабында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2026
Шымкентте үстіне ағаш құлаған 4-сынып оқушы қаза тапты
Шымкент қаласында өткен түні қалың қар жауды. Қалада ағаштар құлап, кейбір аудандарда электр желілері үзілді. Қолайсыз ауа райының салдарынан 4-сынып оқушысы қаза тапты. Баланы аула сыпырушылар тауып, жедел жәрдем шақырған. Қайғылы жағдайды қала әкімдігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2026
12 ақпанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін бірқатар облыста тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде жерлестеріміз спорттың 4 түрі бойынша жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 11 Ақпан, 2026
Қазақстандық биатлоншылар 2026 жылғы Олимпиадада жекелей сайыста өнер көрсетті
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей сайыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 11 Ақпан, 2026
Олимпиада-2026: Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысында 35-орынға жайғасты
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында шаңғы қоссайысынан (қалыпты тұғыр) жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2026
Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды
Алматыда 31 магнит жұтып қойған сәбиге шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2026
Референдумның қашан өтетіні белгілі болды
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Ақпан, 2026
Асхат Рахымжанов: Жаңа Конституция азаматтардың елдің саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді
Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтіп, саясаттың өзегіне адамды қоя отырып, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Ақпан, 2026
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті күнінде қоржынымыз 3 алтын, 2 күміс жүлдемен толықты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Ақпан, 2026
Елімізде 490 мектеп директорының орны бос тұр
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың төрағалығымен өткен аппараттық жиында облыстық білім басқармаларының басшылары өңірлердегі білім сапасын арттыру және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін талқылады. Жиында нақты нәтиже мен сапаға басымдық беру қажеттігі қатаң ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Ақпан, 2026
Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қылмыс жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Президент жақында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қояды
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Үш могулшымыз финалға шықты
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңі аяқталды. Іріктеуде үздік ондықтың қатарына енген спортшылар ғана финалға жолдама алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Ақпан, 2026
2026 жылғы Ораза кестесі жарияланды
Биыл Ораза 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні, 20 наурыз – ораза айт мерекесі тойланады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2026
Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров жарыс жолына шықты
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы қоссайысынан жарыстар басталды, деп жазады Egemen.kz.