жүргізуші
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Елімізде көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді: Жүргізушілер нені білуі керек?
Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, елімізде 28 қарашадан бастап көлік құралдарын тіркеуге және жүргізуші куәлігін алу тәртібіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 23 Қараша, 2025
Қарағандыда 30 жыл бойы бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізуші анықталды
Қарағанды облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға арналған «Үлгілі жүргізуші» акциясы жалғасуда. Шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері ережені қатаң сақтап жүрген көлік жүргізушілерін тоқтатып, оларға алғыс білдіруде, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 23 Қараша, 2025
Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды
Алматыда республикалық «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін тұрақты сақтап, жолаушыларды қауіпсіз тасымалдап жүрген он жүргізуші марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Қалғып-мүлгіген жүргізушіні ЖИ оятады
Астанада Көлік министрлігінің қолдауымен «Kaztraffic-2025» көрмесі өтіп жатыр. Биыл елімізде 21-ші мәрте ұйымдастырылған іс-шарада Қытай, Түркия, Италия, Франция, Канада, Өзбекстан және басқа мемлекеттерден 200-ден астам компания бас қосты. Олардың ішінде жасанды интеллектінің көмегімен жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге басымдық берген «Астана Тазалық» серіктестігі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қараша, 2025
1 қаңтардан бастап ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін
Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Автомобиль көлігі туралы» заңдағы 38-2-бап күшіне енетінін еске салды. Онда жалпы салмағы 25 тоннадан асатын үш осьті жүк көлігімен жалпы жолда жүруге тыйым салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Қараша, 2025
11 өңірдің автокөлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
Бірқатар өңірде 4 қарашада ауа райы нашарлауына байланысты «ҚазАвтоЖол» тарапынан жүргізушілерге жолда сақ болу керектігі ескертілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
Жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу тәртібі өзгерді
Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 22 Қазан, 2025
Құлсарыда жасөспірімнің өліміне себепкер болған жүргізуші сотталды
Атырау облысындағы Құлсары қаласында шілдеде автобус пен мотоцикл соқтығысқан. Жол апатының салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім ауруханада көз жұмған еді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қазан, 2025
Қазақстандық жүргізушілерге Ресейдің шектеулері қолданылмайды - депутат
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Болатбек Әлиев Қазақстан Үкіметі Ресей тарапымен жедел келіссөздер жүргізіп, халықаралық тасымал жүргізушілеріне қатысты жаңа көші-қон шектеулерінің жойылғанын хабарлады. Бұл шешімнің арқасында мыңдаған жүргізуші жұмыс орнын сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Қоғамдық орында мас күйінде жүрген атыраулық 25 күнге қамалды
Атырау қаласының тұрғыны алкогольдік ішімдік ішуге салынған тыйымды бұзып, қоғамдық орында мас күйде жүрген. Оның бұл әрекетін бірнеше рет қайталағаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025
Бас прокуратура қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті
Бас прокуратураның Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде белең алып жатқан жаңа киберқауіптен сақ болуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қыркүйек, 2025
Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Жеңіл көлік жүргізушісі автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті жағдайлар туғызған. Содан кейін ол автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасап, пышақ шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Қыркүйек, 2025
Үкімет басшысы жол апаттарына қарсы нақты шаралар қабылдауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарау барысында жыл басынан бері азаматтардан жол қозғалысына қатысты 30 мыңнан астам өтініш келіп түскенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2025
Көлік тізгінінде қалғып кетпеңіз: полиция жүргізушілерді сақтыққа шақырды
Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда рейд өткізіп, жүргізушілермен профилактикалық әңгіме жүргізді. Шара барысында ұзақ жолда шаршаған әрі ұйқылы жүргізушілер ерекше бақылауға алынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қыркүйек, 2025
Жүргізуші куәлігіндегі чип алынып тасталуы мүмкін
Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгілеріне өзгерістер енгізу жобасын дайындады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қыркүйек, 2025
Алматыда автобус жүргізушісі екі қызды қағып кетті
Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде электроскутер мінген екі қызды қағып кеткен. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 24 Тамыз, 2025
Шетелдік жүргізуші айып тартты
Жуырда «Қызылжар» автоөткізу бекетінде аудандық полиция қызметкерлері тоғыз орындықты «Honda» минивэн автомобилімен Қазақстан азаматтарын Ресейге тасымалдап жүрген 41 жастағы жүргізушіні ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Тамыз, 2025
Абай облысындағы үш баланың өмірін қиған жол апаты: жүргізуші эпилепсиямен есепте тұрған
Абай облысында үш баланың өмірін қиған жол апатына кінәлі ер адам 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен есепте тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Шілде, 2025
Шымкентте 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Астанада мас жүргізуші патрульдік көлікке соқтығысқан
Астана прокуратурасының мәлімдеуінше қалада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйінде көлік басқарып, полицейлерден қашуға тырысты. Ол бірнеше рет жол қозғалысы ережесін бұзып, ақыры патрульдік автокөлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Шілде, 2025
Жүргізуші куәлігін алу цифрланды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізуші куәлігін алу мен ауыстыру рәсімін едәуір жеңілдететін қанатқақты жобаны іске қосты. Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін өтінішті онлайн түрде, тікелей «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Ал бұрынғы куәлікті ауыстыру рәсімі толығымен цифрлық форматқа көшіріліп отыр – бұл қызметтер eGov электронды үкімет порталы мен EgovMobile қосымшасы арқылы қолжетімді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 17 Шілде, 2025
Абай облысында арнайы есептегі 62 адам жүргізуші куәлігін алған
Үржар ауданының прокуратурасы психиатр-наркологтың диспансерлік есебінде тұрған 62 адамның жүргізуші куәлігін алғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Халықаралық жүргізуші куәлігін қалай алуға болады
Халықаралық жүргізуші куәлігі (ХЖК) – жүргізушінің шетелде көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат. Аталған құжат 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы Вена конвенциясына қол қойған 180-нен астам елде мойындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Шілде, 2025
Мопед жүргізушісі полицейді қағып, қашып кетпек болған
Алматы қаласының Төле би даңғылында полиция қызметкерін қағып, қашқан 20 жастағы мопед жүргізушісі ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Шілде, 2025
Астанадағы жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Астанада жол апатынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 17 Маусым, 2025
Алматыдағы мопедшілердің 95%-ы жүргізуші куәлігін алды
Жаңа заң күшіне енгеннен кейін Алматыдағы мопедке байланысты мәселе қалпына келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен басқосуда Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Автобус толы адамды мас күйінде тасыған
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының соты мас күйінде жолаушылар тасыған автобус жүргізушісін 15 тәулікке қамап және одан әрі 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айыру туралы шешім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2025
Ақылы автотұрақтар қаншалықты тиімді
Астанада көлік саны жылдан-жылға артып келе жатқандықтан, тұрақ мәселесі де қала тұрғындарының уайымына айналды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін елорда көшелеріне ақылы автотұрақ жүйесі енгізілген еді. Алайда, бұл тұрақтар да жүргізушілер үшін қолайлы болмай шықты. Қала тұрғындарының бірі оны тәртіп орнатудың амалы десе, енді бірі ақша табудың құралы деп санайды. Жалпы ақылы автотұрақ қаншалықты тиімді? Осы сауал төңірегінде Egemen.kz тілшісі зерттеу жүргізіп көрді.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Жүргізуші куәлігі 400 мың теңге: Шымкентте ХҚКО қызметкерлері ұсталды
2023–2024 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының №2 мамандандырылған ХҚКО басшысы Ж.Р. Мурашимов және бірқатар лауазымды тұлғалар теориялық және практикалық емтихандардан өтпей-ақ жүргізуші куәлігін беру схемасын ұйымдастырған. Бұл қызметтің «құны» 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Сәуір, 2025
Алматыда жолаушы такси жүргізушісіне қол көтерген
Алматы қаласында такси жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.