Қоғам • 20 Қаңтар, 2026

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүргізуші 1 жыл ішінде 155 рет жол ережелерін өрескел бұзған. Ол тіпті биылғы 16 күннің ішінде 18 рет жол ережесін бұзып үлгерген екен, деп жазады Egemen.kz.

4 млн теңге айыппұл: Таразда көлік жүргізуші ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Жүргізушіні полицейлер «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен анықтаған.

Айыппұл бойынша 53 жастағы жүргізушінің атына – жылдамдықты асырғаны үшін 3 млн 400 мың теңге, ал жол белгілері және жүру таңбаларын бұзғаны үшін 337 мың теңге жазылған екен. Көлік айып тұрағына қойылды.

Ол әкімшілік жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар