су тасқыны
Аймақтар • 09 Шілде, 2024
Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккендер баспаналы болды
Ақмола облысы Көкшетау қаласында су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған белсенді жұмыстар әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Шілде, 2024
Су тасқыны: Бизнестің мүлік шығынын өтеуге 12 млрд теңге бөлінді
Үкімет алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Шілде, 2024
Су тасқыны: БҚО-да 800-ге жуық үй салынады
Су тасқынынан зардап шеккен БҚО-ның тұрғындары үшін 775 үй салынып, мемлекет есебінен қосымша 1500 пәтер сатып алынады. Бұл туралы Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғындарымен кездескен Мәжіліс депутаты, «Аmanat» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 01 Шілде, 2024
Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер берілді
Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге 5 жаңа үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Маусым, 2024
«Жүректен жүрекке»: Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға үй берілді
Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде баспанасынан айырылған отбасыларға тұрғын үй алып беріп, қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Маусым, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау: Қостанайлық отбасы жаңа пәтерге ие болды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының «Жомарт жан» гуманитарлық орталығы аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры» қоғамдық қоры Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жайлы баспана алып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Биылғы су тасқынынан келген шығынның көлемі есептелді
Үкімет Қазақстанда су тасқынынан келген шығынның алдын ала көлемін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен 3414 отбасы жаңа үйге кірді
Тасқыннан зардап шеккендерді баспанамен қамту туралы Үкімет отырысында вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Су тасқыны: Қанша отбасы жәрдемақы алды?
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін қанша отбасының төлемақы алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Су тасқыны: Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 251 млрд теңге бөлінді
Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында қазір 98 үй су астында екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • 20 Маусым, 2024
Тасқын кезінде бірлік пен қамқорлықтың не екенін түсіндік - ақмолалық ерікті
Биылғы су тасқыны салдарынан елдің 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Бұл - көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат. Осынау қиын-қыстау кезеңде халықтың бір жұдырықтай жұмылғаны біршама қайғылы оқиғаның алдын алды. Болары болды, тасыған су жерге сіңді, жан-жаққа ағызылды. Уақыт өте келе бәрі қалпына келетіні белгілі. Алайда халықтың кезекті «дағдарысқа» ұшырауы әп-сәтте естен кете қоймас. Баспанасыз, киім-кешек пен азықсыз, малы мен мүліксіз қалған азаматтарға керегі - жылулық.
Оқиға • 20 Маусым, 2024
Президент Ақтөбені су тасқынынан құтқарған зейнеткерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе су қоймасының тасып кетуін алдын алуға атсалысқан «Қазводхоз» филиалының бақылаушысы, краншы Шыңғыстау Әбдиевті марапаттады. Бұл туралы 2024 жылдың 20 маусымында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2024
Пойыздар су тасқыны салдарынан кешігіп жатыр - Жәнібек Тайжанов
«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов Қазақстанда пойыздардың жүйелі түрде, әсіресе жазда неге кешігіп келетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 19 Маусым, 2024
Президент су тасқыны кезінде қажырлы еңбек еткен әскери қызметшілерді марапаттады
Мемлекет басшысының Жарлығымен қарғын суға қарсы шаралар кезінде көрсеткен қажырлы еңбегі мен жанқиярлығы үшін Қарулы күштердің әскери қызметшілері жоғары мемлекеттік наградалар – ІІ дәрежелі «Айбын» ордені және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Маусым, 2024
Президент су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды марапаттады
Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 14 Маусым, 2024
Су тасқыны: Арқалықта 50 пәтерлік «ақылды» тұрғын үй салынады
Арқалық қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 50 пәтерлік «ақылды» тұрғын үй салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Маусым, 2024
Құлсарылық 2500 тұрғын баспанасын жөндеу үшін өтемақы алады
Құлсарыда 2500-ден астам тұрғын баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алу туралы келісімге қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Елімізде екі мыңнан астам үй әлі де су астында
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2024
Құлсары көшелерінен 25 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды
Жылыой ауданында тасқын судың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы Қанат Бозымбаевты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 05 Маусым, 2024
Су тасқыны болған Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсырады
Биыл су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Мамыр, 2024
Су тасқыны салдарынан ет бағасы қымбаттай ма?
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин елде болған су тасқыны салдарынан ет пен малдың бағасы өспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2024
Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі төмендеп келеді
Ақжайық ауылына мол көлемде келген өр суының деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Бұдан бөлек Аққайың және Талдыкөл ауылдарында жағдай тұрақты деп бағаланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Ақтөбеде 494 үйдің құрылысы басталды
Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 652 үйді қалпына келтіру жоспарланды. Бүгінгі таңда 494 тұрғын үй салынып жатыр, 309 отбасы дайын баспана сатып алуға шешім қабылдады. Қазір тек Ырғыз өңірінде үйлерді су басып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 29 Мамыр, 2024
Президентке су тасқыны салдарын жою жұмыстары туралы есеп берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқыны салдарын жоюға және зардап шеккен азаматтарды қолдау шараларын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Мамыр, 2024
Су тасқыны: 5307 адам әлі де эвакуациялау пункттерін паналап отыр
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Мамыр, 2024
Су тасқыны: Қанша отбасы өтемақы алды?
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін қанша отбасы біржолғы ақшалай өтемақы алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Мамыр, 2024
Ресейдің Орынбор облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы толық берілмейді
Көктемгі су тасқынан көршілес Ресей мемлекетінде Орынбор облысы көбірек зардап шекті. Тасқын болғалы арада екі ай өтсе де Ресей үкіметі өтемақы төлеуге асығар емес. Осылай деген орынборлықтар мүлік иесіне бір баспанасы үшін ғана емес, үлестес басқа мүлкі үшін де толық өтемақы төлеуді сұрап отыр, деп жазады Egemen.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.
Үкімет • 28 Мамыр, 2024
Премьер-министр су тасқынының залалын бағалауды 1 аптада аяқтауды тапсырды
Бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов су тасқыны келтірген залалды бағалау жұмыстарын 1 аптада аяқтауды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Мамыр, 2024
Еліміздің су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам тасқын суы жиналды
Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды. Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.