
Фото: Видеодан алынған кадр
Су тасқынына себеп болған Нджили өзені жұмаға қараған түні арнасынан асып, ұлттық маңызы бар басты жолды су басып қалған. Бұл жағдай сенбінің кешінен бастап жүргізушілерге үлкен қиындық туғызған.
Сонымен қатар қаланың бірнеше ауданы жарықсыз қалған. Макала ауданында тұратын Керен Яла есімді тұрғын, ең үлкен мәселе – ауыз судың тоқтап қалуы екенін айтқан.
Киншаса губернаторы Дэниел Бумба Лубаки су құбырлар жүйесінің зақымданғанын, бірақ алдағы екі-үш күн ішінде су беру қайта қалпына келтірілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол кейбір адам өліміне заңсыз құрылыстар себеп болғанын атап өтті.
Гидролог Рафаэль Тшиманга Муамба өз кезегінде өзендердің жағдайына адам әрекеті әсер етіп отырғанын мәлімдеген.
Бұған дейін АҚШ-та бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер жауын салдарынан өзендерде су деңгейі көтеріліп, тасқын қаупі күшейген еді. Соңғы мәлімет бойынша, 18 адам қайтыс болған, оның ішінде 10-ы Теннесси тұрғыны.