ат
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
БАӘ-Қазақстан үкіметаралық бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер білім алып жатыр
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде «Government Accelerators» және «Сapacity Building» саласында мемлекеттік басқаруды трансформациялау бағытында озық тәжірибе алмасу бойынша «Kazakhstan Executive Leadership 2024» бағдарламасының оқуы басталды. Оқытудың басты мақсаты – білікті көшбасшыларды даярлау арқылы қоғамның тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрімен кездесті
«Ақорда» резиденциясында Премьер-министр Ануар Ибрагим бастаған Малайзия Үкіметінің делегациясын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы шағын форматтағы кездесу барысында Малайзияны Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми бөлім • 16 Мамыр, 2024
Ақордада Малайзия Премьер-министрін қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 16 Мамыр, 2024
Орталық Азия елдері қауіпсіздіктің үш бағытында күш біріктіреді
Астанада Орталық Азия елдері Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2024
«6,5 миллон теңге». Қызметкерлеріне негізсіз сыйақы берген мекемелер анықталды
Жоғарғы аудиторлық палата отырысында 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығында Алматы қалалық бюджетінің атқарылуына сыртқы мемлекеттік бақылау жүргізілді. Бақылау қорытындысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 16 Мамыр, 2024
Қайраткер Қаратай Тұрысов атындағы аудитория ашылды
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының белгілі геологы, экономист, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Геологиялық саланың даму мәселелері мен болашағы: Білім-ғылым-өндіріс» атты дөңгелек үстел өтті. Ізгілікті іс-шара қарсаңында дәріс аудиториясына Қаратай Тұрысұлының есімі берілді. Ғалымның Қазақстанның инженерлік ғылымының және өндірісінің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз, сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Табиғат • 16 Мамыр, 2024
Алматының ботаникалық бағында сирек кездесетін өсімдік гүлдеді
Алматы ботаникалық бағының «Альпинарий» жабық учаскесінде Қызыл кітапқа енген сирек өсімдік - ақшыл сепкілгүл гүлдеді. Бұл гүл Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларында жиі кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Қарағандыда полиция көлігі жол апатына түсті (видео)
Бүгін, 16 мамырда сағат 11:30 шамасында Қарағандыда полиция көлігі мен екі көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Алаш арыстары атқарған ұлы істерді бүгінгі ұрпақ жалғастыру керек - Д.Қыдырәлі
Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет тарихына байыппен қарап, Алаш арыстарын ұлықтау туралы ойларын ортаға салды. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймау туралы сөзін еске салған сенатор ел бірлігі үшін зиялылардың да ауызбіршілігі шарт екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Алматы полициясы 35 заңсыз мигрантты депортациялады
Алматы полициясы 35 заңсыз мигрантты өз атамекеніне депортациялады. Қазақстанда көші-қон заңнамасын өрескел бұзған Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей Федерациясының азаматтары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Сенатор төтенше жағдайдың залалын өтеудің жаңа тәсілдерін ұсынды
Осы жылғы тасқын судан 13 мыңдай жеке тұрғын үй зардап шекті. Сенатор Бибигүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында төтенше жағдайлар кезіндегі шығындарды өтеудің жаңа жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Палата отырысында екі заң мақұлданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
«Аяқ киімде қалған қанды із». Үш адамның өмірін қиған қылмыс ашылды
2023 жылы желтоқсан айының соңында Петропавлда үш адамның өмірін жауыздықпен қиған қылмыс қоғамды дүр сілкіндірген еді. Күдіктілер бастыпқыда қылмысты мойындамағанмен, криминалист Сергей Матвеев қызметте қырағылық танытып қылмыстың ізін ашты, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Мамыр, 2024
Қостанайдан Алматыға ұшқан ұшақта жолаушы көз жұмды
Қостанайдан Алматыға бағыт алған FlyArystan әуекомпаниясы ұшағында ер адам өзін нашар сезіне бастаған. Осыған байланысты ұшақтың Астана әуежайына шұғыл қонуына тура келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2024
Қазақстан азаматтарында қанша көлік бар?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан азаматтарында жалпы саны - 5 408 066 көлік құралы бар екенін мәлім қылды. Оның ішінде 82,1% бензин, 7,1% дизель, 0,2% газды тұтынады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2024
Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды
Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
Мәулен Әшімбаев «SENSITIVЕ» би театрының қойылымына барды
Елордадағы «Жастар» театрында «SENSITIVЕ» өнер ұжымы Александр Гриннің әйгілі «Алые паруса» повесінің желісі бойынша әзірленген «Рассекая волны» атты пластикалық перформансты көпшіліктің назарына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны рас па?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Мамыр, 2024
Бакалавриат, магистратура, докторантура. Биыл қанша грант бөлінетіні белгілі болды
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024-2025 жылдары жоғары білім берудің барлық деңгейлеріне арналған білім гранттарының тізімі мен санын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2024
Гүлзарларда фотоға түскендер айыппұл арқалайды
Әдемі фото үшін де айыппұл төлеп қалуыңыз мүмкін. Алматыда гүлзарларда суретке түскендер жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Алматы • 15 Мамыр, 2024
Алматы көшелеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі
Алматы қаласының әкімдігі тұрғындардан белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконников атына көше беру туралы ұсыныс түскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 15 Мамыр, 2024
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған нысан бұзылды
Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайында заңсыз салынған нысанды бұзу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 15 Мамыр, 2024
Елдегі балық зауыттарына қатысты негізсіз қылмыстық істер қозғалған - депутат
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстандағы балық шаруашылығы төңірегіндегі мәселелерді қозғап, өткен жылы балық өнімдерін өңдейтін 9 зауытқа негізсіз қылмыстық істер қозғалғанын айтты. Осы орайда AMANAT Фракциясы мүшелері ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховқа депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
Елордада Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай конференция өтті
Астанада Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
«Әйелін 10 жыл бойы ұрып келген». Сәкен Мамаштың үстінен іс қозғалды
Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен «азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Мамыр, 2024
Көлікті техникалық тексеруден өткізетін орталықтарға талап күшейеді
Қазақстанда көлікті техникалық байқау рәсімінен өткізуге және оны жүргізетін орталықтарға қойылатын талаптар күшейеді. Бүгін Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ереже мен түзетулерді талқылады, деп жазады Egemen.kz.