м
Экономика • 06 Ақпан, 2026
Мықты теңге экономиканы неге қолдамайды?
Ұлттық валюта – теңгеміз жыл басынан бері ешкімді өкпелетіп жатқан жоқ. Бүгінгі сауда-саттықта Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллар бағамы 0,13 теңгеге төмендеп, 494,63 теңгені құрады. Дәл осы мән Ұлттық банктің 7, 8 және 9 ақпандағы ресми бағамы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 06 Ақпан, 2026
Спорт қауымдастығы жаңа Конституция жобасын бір ауыздан қолдады
6 ақпан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған спорт қауымдастығы өкілдерінің жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 06 Ақпан, 2026
Түркістанда Димаш Құдайбергеннің продюсерлік «Voice Beyond Horizon» жобасы басталды
5 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің мыңдаған жанкүйері өнер иесімен бірге «Voice Beyond Horizon» атты ауқымды премьерасының алғашқы эпизодын тамашалау үшін бас қосты. Жобаның бастамашысы әрі орындаушы продюсері – Димаштың өзі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 06 Ақпан, 2026
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Ақпан, 2026
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өнер • 06 Ақпан, 2026
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Астанада Ұлттық музейде Суретшілер одағының мүшелерінің қатысуымен Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған «Ата заң – жарқын өмір кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Тағылымды басқосуға 60-тан астам қатысушы жиналып, шығармашылық қауым өкілдері Ата заңның жаңа жобасын қолдайтындарын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады
Көлік жүргізушілері үшін қалаған цифрлар мен әріптер комбинациясы бар мемлекеттік нөмірге тапсырыс берудің жаңа тәсілі пайда болды. Енді ел азаматтары автокөлік нөміріне «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Ақпан, 2026
Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?
Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Ақпан, 2026
«Asar Baspana» кооперативі халықты алдап 25 млрд теңге табыс тапқан
Алматы қаласы прокуратурасы Экономикалық тергеу департаменті «Asar Baspana» атты қаржы пирамидасының қызметін тергеуді аяқтады. Аталған пирамида 2023-2025 жылдар аралығында тұтыну кооперативі ретінде Қазақстанның бүкіл аумағында жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 06 Ақпан, 2026
Елімізде алюминий дөңгелек дискілер шығаратын зауыт салынады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АҚШ-тың Open Element және Оңтүстік Кореяның Hands Corporation компанияларының басшылығымен кездесу өткізіп, бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Өзін қандас деп таныстырған ауғанстандық мемлекет қаржысына пәтер алған
Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды қоныстандыру бағдарламасы бойынша қаражатты ұрлау ісі бойынша мүлікті конфискациялауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 06 Ақпан, 2026
Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?
Алдағы қысқы Олимпиада қарсаңында Қазақстандағы қысқы спорт түрлерінің жай-күйі назарға ілікті. Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында басталатын XXV қысқы Олимпия ойындарына елімізден 36 спортшы аттанып, 13 спорт түрі бойынша бақ сынамақ. Төрт жыл ішінде олардың дайындығына бюджеттен 13,3 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл қаржының нақты қайтарымы ақпан айының соңында белгілі болады. Ал әзірге ресми статистикаға сүйеніп, елдегі қысқы спорттың жалпы даму бағытына көз жүгірттік, деп сараптайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Үндістан әріптестерімен құқық қорғау органдарына кадр даярлау және кәсіби тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 06 Ақпан, 2026
Оқушылар қаңтар айында тағы да каникулға шығады
Мектептерде 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап үшінші оқу тоқсаны басталды. Оқу үдерісі 10 оқу аптасына жоспарланған. Осы кезеңде бірінші сыныпта оқитын балалар үшін қосымша қысқы демалыс қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Ақпан, 2026
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Бүгін Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында XXV қысқы Олимпия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2026
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен Вашингтонда алғашқы маңызды минералдар жөніндегі конференцияға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір өндіру көлемі ақшалай мәнде рекордтық 683,7 млрд теңгені құрап, 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 27,1%-ға артқан (физикалық көлем индексі – 110,1%). Бір жыл бұрын да өсім байқалған, алайда ол небәрі 2,1% болған еді (физикалық көлем индексі – 102,9%), деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қазақстанның банк секторында кешбэк пен бонустық бағдарламалар соңғы жылдары маңызды бәсекелестік құралына айналды. Қаржы ұйымын таңдауда бұл тетік клиент үшін жай ғана қосымша артықшылық емес, шешуші факторлардың біріне айналып отыр. Себебі әрбір күнделікті төлем нақты үнем мен қосымша пайда әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 06 Ақпан, 2026
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған жаңа цифрлық жүйеге қызығушылық артып келеді. 4 ақпандағы дерекке сәйкес, «Қазақстандық тауар өндірушілер реестріне» 13 242 өтінім түскен. Бұл кәсіпорындардың жаңа талаптарға біртіндеп бейімделіп жатқанын аңғартады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 06 Ақпан, 2026
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Қазақстанда Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы мен Конституциялық комиссия қызметі жұмысының нәтижесі ретінде 30 қаңтарда ұсынылған және жалпыұлттық талқылау үшін жарияланған жаңа Конституция жобасы әзірленді. Осы орайда жаңа Конституция жобасына қатысты қоғамдық пікірге зерделеу жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды. Бұл шешім Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң қабылданды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2026
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Ақылы жолда жүру ақысын төлеу тәртібі биылғы 30 қаңтарда өзгерді. Бұрын Алматы облысының Іле ауданы аумағындағы балама жолы жоқ елді мекен тұрғындары (Заречное ауылы мен Байсерке саяжай секторы) бұл жол бөлігімен тегін жүретін. Енді жеңілдікпен жүру құқығы Жетіген ауылының негізінде жаңадан құрылған Алатау-сити тұрғындарына беріліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Ақпан, 2026
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім қыз сабақ уақытында белгісіз заттан уланып, ауруханаға жеткізілген. Бұл ақпаратты өңірдің білім басқармасы растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Ақпан, 2026
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2026
Темір ауданында мүгедек балаларға арналған емдеу-оңалту орталығы ашылды
Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Ainala» емдеу – оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Ақпан, 2026
2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматы қаласында өтеді
Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 05 Ақпан, 2026
Теннисші Александр Бублик баланың тұсауын кесті
Дэвис кубогі шеңберінде Қазақстан мен Монако құрамалары арасындағы матч қарсаңында өткен жеребе тарту рәсімі бұл жолы ұлттық нақышқа бай мазмұнмен өрілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2026
Ата Заңның қазақ тіліндегі мәтінімен жұмыс істейтін арнайы топ құрылып, жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқарылды. Бұл туралы Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында ҚазГЗУ АҚ басқарма төрағасы, профессор Талғат Нәрікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 05 Ақпан, 2026
Эльвира Әзімова: Комиссия хатшылығына 4 мыңнан астам ұсыныс келген
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында комиссия төрағасы Эльвира Әзімова е-Өтініш платформасынан 4 мыңнан астам ұсыныс түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2026
Жасөспірімдерді жаман әдеттен қалай қорғаймыз?
Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер арасында нашақорлық, лудомания, алкоголизм, буллинг және суицидтің алдын алу профилактикасы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 1-2 курс студенттерінен құралған 160 студент қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.