Оның айтуынша, миссия референдум учаскелерінің жұмысында әкімшілік немесе құқық қорғау органдары тарапынан араласу тіркелмегенін атап өтті. Халық ерікті түрде дауыс беруге келген.
«Референдумда маңызды заңбұзушылықтар немесе сәйкессіздіктер анықталмады. Сайлау учаскелерінде халықаралық және жергілікті бақылаушылар үшін барлық жағдай жасалған, бәрі қолжетімді болды. Олар өз жұмыстарын еш қиындықсыз орындады. Қажетті ақпарат пен техникалық құралдар жеткілікті. Сондай-ақ учаскелерде рұқсат етілмеген немесе заңсыз материалдар болмады. Мүгедек адамдар да өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыра алды. Миссия ақпараттың дұрыс таралуы референдумның сәтті өтуіне ықпал еткен деген қорытындыға келді. Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясы Қазақстан Республикасындағы референдум ашық және мөлдір жағдайда өткеніне көз жеткізді. Біз бәрі халықаралық стандарттар мен елдің ұлттық заңнамасына сәйкес өткенін мәлімдейміз», деді спикер.
Имран Садихов: Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды