«Біз Астана қаласында Референдум барысын бақыладық. Жалпы, референдум барысын қадағалау кезінде шараның халықаралық стандарттарға сай және өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына куә болдық.
Қазақстан – қуатты түркітілдес мемлекеттерінің бірі. Құрылымы да серпінді. Сондай-ақ аймақта үлкен күшке ие. Егер жаңа Конституция қабылданса, елдің даму мүмкіндіктері одан әрі кеңейеді», деді спикер.
ТҮРКПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр
Ол референдумды бақылау барысында халықтың дауыс беруге ерекше ықыласпен қатысып жатқан байқағанын айтты.
«Бұл – Қазақстан үшін өте маңызды құжат. Елдің мемлекеттік басқару жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда. Парламенттің атауы өзгеріп, дәстүрлі түрде «Құрылтай» деп аталуда. «Вице-президент» деген лауазым енгізіледі. Дауыс беру Қазақстанның заңнамасына, халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық», – деді О. Кодджаман.