Соңғы жаңалықтар
Наурызнама • 14 Наурыз, 2026
Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, жер бусанатын тұста айрықша күтетін ұлық мерекенің басы Көрісу күнінен басталады. Амал мерекесін халқымыз ықылым заманнан бері дәстүрге айналдырып, қастерлеп келеді. Бүгінгі таңда да аталған күнді асыға күтіп, таң атысымен бір-бірімен құшақтасып көрісуге, амандық сұрасып, көктемге қуануға асығады.
Мереке • 14 Наурыз, 2026
Халқымыздың бағзыдан бүгінге жеткен айрықша мейрамының бірі – Амал мерекесі. Көктемнің сәруар шуағына шомылып, жұртшылықтың ақжарқын көңілімен көмкерілетін Амал күні – ұлыс мейрамының бастауы.
Тарих • 14 Наурыз, 2026
«Қазақстанды» кімдер қаржыландырды?
1911 жылғы 16 наурызда қазақтың алғашқы басылымдарының бірі «Қазақстан» газеті оқырманға жол тартты. Биыл газеттің жарыққа шыққанына 115 жыл толады. Басылымда қазақ, орыс және татар тілдеріндегі мақалалар жарияланды. Газеттің орысша нұсқасына Елеусін Бұйрин, ал қазақша нұсқасына Ғұмар Қараш жауапты болды.
Технология • 14 Наурыз, 2026
«Mangitas» деректен шашау шығармайды
Жасанды интеллект пен цифрландыру саласын дамытудың негізі – елдің ғылыми әлеуетін арттыру. Бұған дейін бұл бастамалар есептеу қуатының жетіспеушілігіне байланысты кенжелеп келген. Алайда мемлекет осы бағытқа басымдық беріп отырғандықтан, қуатты ЖИ суперкомпьютерлерін іске қосып, мәселені шешті. Күрделі инфрақұрылымды басқаруға қабілетті кадрлық және техникалық база қалыптастырды. Жаңадан жасалған фундаменталды модельдер мен ЖИ дата-орталықтар инфрақұрылымын қолдануға баса назар аударып жатыр. Қазіргі кезде нәтижелі жұмыс істеп жатқан орталықтардың бірі – «Nazarbayev university» жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты.
Digital • 14 Наурыз, 2026
«Armeta AI»: Құрылыстағы ақылды сарапшы
Кейінгі жылдары әлемде «DeepTech» деп аталатын бағыт ерекше қарқын алып келеді. Бұл ғылыми жаңалықтар мен күрделі технологияларға негізделген инновациялық бағыт. Мұндай стартаптар жасанды интеллект модельдері, биотехнология, роботтехника немесе кванттық есептеулер сияқты салаларға сүйенеді.
Жасанды интеллект • 14 Наурыз, 2026
Жасанды интеллектіні меңгеремін десеңіз...
«AI-Sana» бағдарламасының екінші кезеңіне 100 000 қатысушыны іріктеу кезеңі басталды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. Іріктеуден өткендер «Stanford», «MIT» секілді беделді университеттер, халықаралық бизнес-мектептер атынан қатысатын майталман мамандардың, сақа сарапшыларының дәрісін тыңдайды, бастысы жасанды интеллект базалық меңгеруден технологияларды тәжірибелік қолдануға дейін, жеке жобаларды әзірлеуге өтуді үйренеді.
Білім • 14 Наурыз, 2026
Білім саласындағы бірегей жоба
Жас ұрпақтың жанарындағы жалынды жаға білу – басты парызымыз. Осындай ізгі ниетпен мемлекетіміз балаларға, олардың сапалы білім алуына баса назар аударып келеді. Кейінгі алты жылда елімізде 1 миллион оқушыға арналған 1000-нан астам жаңа мектеп бой көтерді.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2026
Кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан облысында ауыз толтырып айтар оң өзгерістер аз емес. Күні кеше ғана бірнеше аудан бөлініп, даму қарқындары артты. Одан бұрын аймаққа аса маңызды мәселе болған Күршім көпірі мерзімінен бұрын пайдалануға берілді. Басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Бір сөзбен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2029 жылға дейінгі экономикалық өсім қарқынын екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмалары кезең-кезеңімен орындалып жатыр.
Құрылыс • 14 Наурыз, 2026
«Қазгидромет» ескерткендей, Астанада бірнеше күн ауа райы күрт құбылып, екпіні қатты жел жұртты әбден әбігерге салды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардың ішінен қаладағы 9 қабатты тұрғын үйдің сыртқы жабындысы опырылып түскені баршаның назарын аударды. Көңілге демеу болатыны, зардап шеккендер жоқ.
Спорт • 14 Наурыз, 2026
Бүгін Польша астанасы — Варшавада дзюдодан «European Open 2026» турнирі басталады. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) құрлық сайысына қатысатын балуандардың тізімін түзді.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Бұқтырмада балықшылар бақ сынасты
Алтай ауданында шығыс жұрты «Бұқтырма балықшысы» республикалық фестивалін атап өтті. Бұл күні Бұқтырма суқоймасына қармақтарын асынған балықшылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналды.
Президент • 14 Наурыз, 2026
Digital Qazaqstan: Технологиялық дербестік пен цифрлық өрлеу жолы
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Qazaqstan жобасының жүзеге асырылуы жөнінде жұмыс кеңесі өтті.
Өнер • 14 Наурыз, 2026
Бізге Пабло Неруданың өлеңдері арқылы таныс Чили елі – ерекше табиғаты мен бай мәдениеті бар мемлекеттің бірі. Тынық мұхиттың жағасына орналасқан елге баяғыда ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Чили – шуағым менің» деген үлкен дастан арнаған еді.
Саясат • 14 Наурыз, 2026
Басты ұстаным – ұлттық заңнама мен халықаралық норма
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасына байланысты референдумның өту барысын бақылау үшін Қазақстанға келген Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясының байқаушыларымен кездесті.
Мирас • 14 Наурыз, 2026
Құсбегілердің қанжығасы майланды
6–8 наурыз аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 10 елінен құсбегілер қатысып, шеберлік сынасты. Қазақстан құрамасы сапында үш құсбегі барды. Солардың қатарында Абай облысы Үржар ауданының тумасы Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Спорт • 14 Наурыз, 2026
Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды. Пара биатлоннан 4,5 шақырымға із қуу сайысында жерлесіміз қайсар мінез танытып, төртжылдық додасында топ жарды.
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Шығыс Қазақстандағы кітапханаға «ЖИ-комплектатор» жобасы іске қосылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, экономика мен қоғам дамуындағы негізгі факторды айқындады. А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы да белсенділік танытып жатыр. Бұл жолы кітапхана «ЖИ-комплектатор» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның ішінде заңсыз айналымдағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Наурыз, 2026
Атырауда жоғары сыныптың оқушысы қатарласын үшкір затпен жарақаттаған
Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы 8-сыныпта оқитын қызды өткір затпен жарақаттады. Оқиға бүгін күндіз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Наурыз, 2026
Иракта АҚШ-тың әскери ұшағы құлап, алты адам қаза тапты
АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы Иракта апатқа ұшыраған КС-135 әскери жанармай құю ұшағының экипажы толық қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Қазақстан жолдарында су тасқыны қаупі бар 200-ден астам учаске анықталды
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне көлік инфрақұрылымын дайындау мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 13 Наурыз, 2026
Анна Данилина WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына шықты
Қазақстанның әйелдер арасындағы жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина BNP Paribas Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Жас жазушылар Президенттік әдеби сыйлыққа өтінім бере алады
16 наурызда қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа үміткерлерден өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 13 Наурыз, 2026
Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» мамандары елімізде 14 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанда қосымша электрпойыздар іске қосылады
Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздың құрамын ұлғайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Наурыз, 2026
Президент Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты жеңісімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 13 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция: Әйел құқығы мен теңдік мәселелері басты назарда
Қазақстан маңызды саяси оқиға қарсаңында тұр. 15 наурызда елде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Жаңа Конституция жобасы бұрын қабылданған реформаларды бекітіп қана қоймай, құқықтық жүйе мен мемлекеттік саясаттың, соның ішінде гендерлік теңдік пен әйелдер құқықтарын қорғау бағыттарының дамуына жаңа серпін береді. Бұл туралы БҰҰ Жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында Нью-Йорктегі БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 70-сессиясына ел делегациясын бастап барған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Наурыз, 2026
Қара алтын мен құбылмалы нарық: Әлемдік экономика қай бағытқа бет алды?
Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты туралы баяндамасы – бүгінгі жаһандық дүрбелең мен ертеңгі экономикалық болжамның айнасы іспетті. Таяу Шығыстағы лаулаған қақтығыс пен алпауыт елдердің саяси текетіресі әлемдік нарықтың тамырын құбылтқан шақта, қаржылық реттеушіміз алдағы кезеңнің картасын сызып берді. Сұраныс пен ұсыныстың арасындағы нәзік тепе-теңдік пен инфляцияның ізіне түскен мемлекеттердің қалпы қандай?
Ата заң • 13 Наурыз, 2026
Сот тәуелсіздігі қалай күшейеді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылдан бері сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді реформалар жүргізіліп келеді. Мұндағы басты мақсат – сот билігінің институционалдық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялардың жүйе ішінде қандай да бір сыртқы не ішкі қысымнан тәуелсіз қызмет атқаруына жағдай жасау. Осы сипаттағы бастамалар жаңа Конституция жобасында да көрініс тапқан.
Технология • 13 Наурыз, 2026
Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы ашылды
Алматыда Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымын өткізді. Бұл алаң Қарулы күштер мен ұлттық қауіпсіздік жүйесі үшін отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу және енгізу мақсатында құрылған, деп жазады Egemen.kz.