ек
Оқиға • 12 Желтоқсан, 2025
Ресей Байқоңырға қатысты маңызды шешім қабылдады
Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы жуырда болған зымыран ұшырылымы кезінде зақымданған платформаны толық ауыстыруды жоспарлап отыр. Яғни, бүлінген қызмет көрсету платформасының орнына қордағы резервтік платформа орнатылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 12 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 12 Желтоқсан, 2025
Түркияда қонақүйлерге тіркелу тәртібі өзгерді
2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Түркияда жеке деректерді қорғау жөніндегі кеңес жаңа ережелер енгізіп, қонақүйлерге тіркелу кезінде паспорттарды көшіруге тыйым салды. Енді турист қонақүйге келгенде тек өз құжатын көрсетуі қажет, ал қажетті мәліметтер (аты-жөні, паспорт нөмірі, кірген және шыққан күндері және басқа ақпарат) тікелей Ішкі істер министрлігінің біріккен электрондық жүйесіне (YAZOK) енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 12 Желтоқсан, 2025
Биыл елімізде 821 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты
2025 жылдың 1 желтоқсанындағы ақпаратқа сәйкес, елде 296 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған, 821,1 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Иран Президенті Жүрек орталығына барды
Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Иран Ислам Республикасының Президенті, доктор Масуд Пезешкиан «Астана» медициналық орталығы» КЕАҚ-на қарасты University Medical Center (UMC) Жүрек орталығына барды. Мәртебелі мейманға орталық жұмысын Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Жаңаөзенде «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық мектеп ашылды
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №25 жалпы білім беретін мектептің ашылуы өтті. Бұл – Маңғыстау облысында аталған жоба бойынша ашылып отырған он екінші мектеп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында тариф бағасын негізсіз көтерген мекемелер анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облыстық департаменті биыл облыс көлемінде 62 кәсіпорынға мониторинг жұмыстарын жүргізген. Оның қорытындысы бойынша 58 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Батыс Қазақстанда 10 айда 61 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған
Батыс Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы өңірде дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлықтың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Енді балалар ұйымдарына тексеріс кенеттен жүргізіледі
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді. Мемлекеттік бақылау 4 желтоқсанда Президент қол қойған заңмен реттеледі. Бақылаудың арнайы тәртібі бекітіліп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Ақтауда алғаш рет қайтыс болған адамның жүрегі донор ретінде пайдаланылды
Ақтауда алғаш рет қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Банк • 11 Желтоқсан, 2025
S&P: Қазақстанның банк секторындағы тәуекелдер азайды
2025 жылғы 5 желтоқсанда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның банк секторындағы салалық тәуекелдің даму үрдісін оң бағалады. Бұл өзгеріс соңғы бірнеше жылдағы реттеу мен қадағалаудың күшеюімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 10 Желтоқсан, 2025
Елде мемлекеттік сервистерге қолжетімділік қиындай түсті: Министрлік себебін түсіндірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Бас прокуратурамен бірлесіп мемлекеттік онлайн-сервистерге кіру ережелерін күшейтті. Шаралар телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың алдын алуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 10 Желтоқсан, 2025
Алматыда сирек кеселге шалдыққан науқастар 2026 жылы тегін дәрі-дәрмек алады
Бүгін Алматы қалалық мәслихатының ХХХIХ сессиясында депутаттар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын аурулар мен дәрілік препараттар тізімін кеңейтуде бір мәмілеге келді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Президент «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Астанада жеке сот орындаушы алимент төлемеген әкеден 196 млн теңге өндіріп алды
Астаналық жеке сот орындаушы Мейрам Әбдіков 10 жыл бойына алимент төлемеген азаматтан 196 млн теңгеден астам қаржыны қайтарып, рекорд орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2025
Президент Ашхабад қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әдебиет • 10 Желтоқсан, 2025
Жазушылар одағының төрағасы Нобель сыйлығының лауреатымен кездесті
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов Нобель сыйлығының лауреаты, Қытай жазушысы Мо Янмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан елдегі үш ірі ұялы байланыс операторының тарифтерін 20%-ға көтеру жоспарын сынап, бұл әрекеттің нарықтағы бәсекелестікті шектеу қаупін тудыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Депутат: Өзгелерді кемсітіп сөйлейтін блогерлерге қылмыстық жаза қолдану керек
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Әбдиев мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелерді көтеріп, депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Екі өңірде оқушылар аязға байланысты онлайн оқуға ауыстырылды
10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай және Павлодар облысында бірінші ауысымдағы кейбір сыныптар сабақты қашықтан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2025
Темірлан Анарбеков «Қайрат» – «Олимпиакос» матчында үздік ойыншы атанды
Алматылық «Қайрат» пен гректің «Олимпиакосы» арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур матчына берілген бағалар жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2025
Аустралияда 16 жасқа толмағандар енді әлеуметтік желілерге кіре алмайды
Әлемде алғаш рет Аустралия билігі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың TikTok, YouTube, Instagram және Facebook сияқты ірі әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында қызметінен кеткенін мәлімдеді. Қызметінен кету себебін айтқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 09 Желтоқсан, 2025
Майк Тайсон Флойд Мейвезермен жұдырықтасады
Ауыр салмақ дәрежесінің даңқты өкілі Майк Тайсон ұзақ уақыт бойы талқыланған Флойд Мейвезермен жек-жекті келесі жылдың наурыз айында Африкада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 09 Желтоқсан, 2025
Жемқорлықтың алдын алуда тәлімгерлік институтының маңызы ерекше - Дархан Жазықбай
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Астанада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері кеңесінің конференциясы өтті. Оған сала ардагері, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғамдық бірлестіктер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Олжас Бектенов: Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 09 Желтоқсан, 2025
Премьер-министр: Әуе жүк тасымалы саласын цифрландыруды жеделдету қажет
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әуе жолдары арқылы тасымалданатын жүктерді халықаралық стандарттарға сай электронды құжат айналымына көшіруді жеделдету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Samga» байқауы өтті
Қоғамда әрбір жастың әлеуетін ашып, олардың шығармашылығын шыңдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі. Осы орайда, Алматы облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған «Samga» облыстық өнер байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.