Фото: Ашық дереккөз
Әкімдіктің мәліметінше, бүгін бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды.
«11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше еліміздің екі өңірінде оқушылар аязға байланысты онлайн оқуға ауыстырылған еді.