у
Заң мен Тәртіп • 04 Мамыр, 2026
Шымкентте кәсіпкерден 25 млн теңге алған жалған тексеруші ұсталды
Қаржылық мониторнинг агенттігі Шымкентте өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2026
Астана мен Санкт-Петербург арасында әуе рейсі қайта жанданады
3 маусымнан бастап рейстер қайта іске қосылады. Әуе тасымалы эконом және бизнес орындықтарымен жабдықталған Airbus A319 ұшақтарымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Мамыр, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 2026 жылғы 4 мамырда ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 04 Мамыр, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
4 мамырда еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 03 Мамыр, 2026
Әлемдік сарапшы Ли Кай Фу Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 форумы қарсаңында жасанды интеллектке арналған арнайы оқыту өтті. Сабақты әлемге танымал жасанды интеллект сарапшысы Ли Кай Фу жүргізді. Ол Қазақстанның мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор басшыларына арналған «AI Class» авторлық курсын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Мамыр, 2026
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Филиппинде Майон жанартауы атқылай бастады. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Филиппиннің Вулканология және сейсмология институты қауіп деңгейін 5 балдық шкала бойынша 3-деңгей деп жариялады. Мамандар жанартаудың атқылауы жалғасуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Мамыр, 2026
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Әлемдік нарықта қазақстандық көмірдің экспорттық бағасы айтарлықтай өсіп келеді. Бұған Еуропа елдері мен Солтүстік Африка тарапынан сұраныстың артуы және жеткізу тізбегіндегі тәуекелдер себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
Терезелерді ашпаңыздар: Екі қалада ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері елорда мен Көкшетау қаласында ауа сапасының нашарлайтыны туралы ресми ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылында бір топ жастың қатысуымен көшеде төбелес болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде суық қару қолданылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Астана қаласының айналма жолындағы маңызды учаскенің уақытша жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына, сондай-ақ Алғысына үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2026
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Маңғыстау облысындағы «Бейнеу–Ақтау» тасжолында швейцариялық саяхатшылар мінген көлік апатқа ұшырады. Күтпеген жерден аударылған көліктің ішінде екі шетел азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2026
Дубайда тұруға рұқсат алу жеңілдеді
Дубайдың Жер департаменті Біріккен Араб Әмірліктерінде тұруға рұқсат алу ережелерін жеңілдетті. Енді жылжымайтын мүлік иелері үшін инвестицияның ең төменгі сомасына қатысты талап өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Мамыр, 2026
Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жоғары білім беру қызметтерінің бағасы айтарлықтай өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оқу ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 10,8%-ға жоғарылаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 03 Мамыр, 2026
Алматы облысында дәстүрлі садақ атудан «Елік сай» турнирі өтті
Қазақ халқының бай мұрасының бірі – дәстүрлі садақ ату өнері бүгінде қайта жаңғырып, ұлттық спорт ретінде қарыштап дамып келеді. Соның айқын дәлелі ретінде күні кеше ғана Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының маңындағы «Елік сайда» ұйымдастырылған ауқымды ашық республикалық турнирді атап өтуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Мамыр, 2026
Дубайға жол ашылды: Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін толығымен ашты
Біріккен Араб Әмірліктерінің Азаматтық авиация басқармасы елдің әуе кеңістігіндегі қозғалыс қалыпты жағдайға оралғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Мамыр, 2026
Нөсер жаңбыр, дауыл және үсік: 3 мамырға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 3 мамыр күні ел аумағында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. «Қазгидромет» республика аумағы бойынша ескерту жариялап, тұрғындарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2026
Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Бүгін Жетісу облысы Сарқан ауданының Тополевка ауылы маңындағы «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 02 Мамыр, 2026
Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Елордада 1 мамыр күні «Мұз айдынындағы чемпиондар» атты ауқымды мұз шоуы өтті. Қойылым «Барыс Арена» мұз сарайында ұйымдастырылып, оған 9 мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Мамыр, 2026
Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалына шыққан клубтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Мамыр, 2026
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогі өтті. Қазақстан құрамасы жарысты төрт медальмен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Мамыр, 2026
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 02 Мамыр, 2026
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздегі 185 Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2026
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Түркістан облысында су деңгейінің көтерілуіне байланысты 81 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2026
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Ақтау қаласында 31-шағынауданда орналасқан алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шықты. Құтқарушылар оқиға орнынан 14 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті мен премьер-министріне алғыс білдірілген хат жолдайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2026
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Тараз қаласында №40 гимназия аумағында биіктіктен құлаған мектеп оқушысы ауыр жарақат алды. Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Мамыр, 2026
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Алматы тауына қараңғы уақытта көтерілген үш 15 жастағы жасөспірім таудан қайта түсе алмай қалған. Оларды түсіру үшін ТЖМ қызметкерлері көмекке келді. Кәмелетке толмағандар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Мамыр, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, ал батыста шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Мамыр, 2026
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет»РМК 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер дерегінше, бүгін ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп жазады Egemen.kz.