ай
Энергетика • 11 Желтоқсан, 2025
Қытай инвесторы Қазақстанның энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға ниетті
Қазақстан мен Қытай компаниясы энергетика саласындағы серіктестікті нығайтуға келісті. «Zhongyoung Power (Yunxi) Group Co., Ltd.» елдің электр желілерін жаңғырту жобаларына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Қызылордада шалғай ауылдарға ауыз су желісі тартылды
Арал ауданындағы Тоқабай, Ерімбетжаға елді мекендеріне ауыз су желісі жеткізілді. Осыған дейін суды тасып ішіп отырған қос елді мекен халқы нысандардың ашылу салтанатына жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 11 Желтоқсан, 2025
Елордада Берік Әлібайдың «Желісі үзілмеген жалғастық» көрмесі ашылды
Астанадағы Президенттік орталықта танымал зергер, суретші, реставратор, коллекционер Берік Әлібайдың көрмесі ашылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында көрермен назарына ұсынылған көрмеге күмістен жасалған 250-ден астам бірегей әшекей бұйымдар мен киімдер қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Желтоқсан, 2025
Қайтарылған активтер: Жамбыл өңірін сумен қамтуға 15 млрд теңге бөлінді
Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде өңірде сумен жабдықтаудың 12 жобасын жүзеге асыру Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылады. Үкімет бұл мақсаттарға 15,4 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Желтоқсан, 2025
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін Астанада ауа райына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Желтоқсан, 2025
Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025
Астанада зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балаларға қолдау көрсетілді
Қазақстан әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылықпен күресуге және қорғау шаралары туралы ақпараттандыруды арттыруға бағытталған БҰҰ-ның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» атты жаһандық акциясына қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 10 Желтоқсан, 2025
Атырау мұнай өңдеу зауытынан 4,3 млн теңге айыппұл өндірілді
Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, зауыт аумағында бензин төгілген. Осыған байланысты зауытқа 4 млн 325 мың теңге айыппұл салынған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
Қазақстанға алып мұнай сақтау қоймасы қажет пе?
Соңғы жылдары Қазақстанда мұнай сақтау қоймасын салу мәселесі бірнеше рет талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
«Шымкент сазы» республикалық ән байқауы өтіп жатыр
Үшінші мегаполисте қазақ эстрадасына жаңа есімдерді танытуды мақсат еткен ән байқауы басталды. Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 63 үміткер бақ сынауда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның мұнай тұтыну көрсеткіші 30 жылда қалай өзгерді?
Соңғы 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның мұнай өнеркәсібі ел ішінде де, әлемдік деңгейде де айтарлықтай трансформациядан өтті. Бүгінде елімізде өндірілетін мұнайдың шамамен 80%-ы экспортқа жөнелтіледі, ал 20%-ы ішкі нарыққа бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Желтоқсан, 2025
«Қазпоштаның» бұрынғы басшысы Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды
Әсел Жанасова Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан елдегі үш ірі ұялы байланыс операторының тарифтерін 20%-ға көтеру жоспарын сынап, бұл әрекеттің нарықтағы бәсекелестікті шектеу қаупін тудыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде екі кәсіпорын ашылды
Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту және сотталғандарды еңбекпен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында Қостанай облысының №38 түзеу мекемесінде екі бірдей жаңа модульдік өндірістік ғимарат ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Шымкентте оқушылар арасында республикалық айтыс өтті
Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен «Мен елімді жырлаймын» атты республикалық айтысқа 14 өңірден үміткерлер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Желтоқсан, 2025
Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский шұғыл брифинг өткізіп, бірқатар маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Киев қазір бірқатар халықаралық бастамаларды талқылап жатыр және сайлау өткізуге де дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Екі өңірде оқушылар аязға байланысты онлайн оқуға ауыстырылды
10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай және Павлодар облысында бірінші ауысымдағы кейбір сыныптар сабақты қашықтан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Желтоқсан, 2025
30 градус аяз, бұрқасын: 10 желтоқсан күні ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес еліміздің кейбір өңірлерінде қатты аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Әр шаңыраққа жылу сыйлады: Алматыда әлеуметтік осал топтағы отбасылар газбен қамтылып жатыр
Halyk қайырымдылық қоры Алматыда әлеуметтік осал санаттағы тұрғын үйлерді газдандыру бойынша ауқымды жобаны іске асырып жатыр. Бұл бастаманың мақсаты — өз күшімен газға қосыла алмайтын отбасыларға қауіпсіз, экологияға зияны аз және үнемді жылу ұсыну.
Ауа райы • 10 Желтоқсан, 2025
Қазгидромет: 10 желтоқсанда бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазгидромет 10 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
2026 жылы жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар қалай өседі?
Қазақстанда 2026 жылы жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар өседі. Бұл АЕК мөлшерінің ұлғаюымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 09 Желтоқсан, 2025
Елімізде тұңғыш рет solveathon өтті
Shakarim University-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI&Agriculture-2025» атты ірі технологиялық солватон өтті. Бұл – жасанды интеллект негізіндегі цифрлық және агротехнологиялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған ауқымды іс-шаралардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кетті
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг барысында қызметінен кеткенін мәлімдеді. Қызметінен кету себебін айтқан жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 09 Желтоқсан, 2025
«Қайраттың» жастары «Олимпиакосты» қапы қалдырды
UEFA Жастар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы турда «Қайрат U19» командасы өз алаңында гректің «Олимпиакосын» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир тарихындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Бас шаһардан Бурабайға шағын ұшақтар ұшуы мүмкін
Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, бұған дейін Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың Астана-Бурабай әуе қатынасын ашу мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берді. Әңгіме шағын әуе кемелері жөнінде болды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 09 Желтоқсан, 2025
Майк Тайсон Флойд Мейвезермен жұдырықтасады
Ауыр салмақ дәрежесінің даңқты өкілі Майк Тайсон ұзақ уақыт бойы талқыланған Флойд Мейвезермен жек-жекті келесі жылдың наурыз айында Африкада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2025
Абай облысында 15 ауыл «ішімдіксіз елді мекен» мәртебесін алды
Абай облысының 15 ауылы «ішімдіксіз елді мекен» мәртебесін алып, тұрғындар мен жергілікті билік бірлесіп, алкогольді қолданудан бас тартты. Жобаның нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар азайып, құқықтық тәртіп күшейді, ал ауыл тұрғындары өз өмірін қауіпсіз әрі тыныш етуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Желтоқсан, 2025
Атырауда табиғатты бүлдірген компанияға 26,5 млн теңге айыппұлы салынды
Атырау облысында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС экологиялық рұқсатсыз ағынды суды төккен. Соның салдарынан жер ластанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
«Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды»: Берік Уәли өңірдегі ахуалға қатысты пікір білдірді
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданы тұрғындарымен кездесуде Аягөз ауданында жұмыс істеп жатқан шет елдік азаматтарға қатысты пікір білдірді. Олардың заң аясында еңбек етіп жүргенін, облыс экономикасына үлес қосып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Еліміздің тағы бір өңірінде тауар бағасын рубльмен көрсеткен дүкен анықталды
Ақмола облысының Шортанды ауданындағы дүкендердің бірінде тауарлардың бағасы рубльмен көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.