аң
Музей • 15 Мамыр, 2026
Маңғыстауда ашық аспан астындағы археологиялық музей салынады
Маңғыстау облысында ежелгі Қарақабақ қалашығының аумағында ашық аспан астындағы археологиялық музей ашу жоспарланып отыр. Ғалымдар бұл мекен Ұлы Жібек жолының маңызды сауда тораптарының бірі болғанын айтады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 15 Мамыр, 2026
Астана ерекше мәртебеге ие болады: Парламент заң жобасын мақұлдады
Парламент «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2026
Маңғыстауда 40 млн жыл бұрынғы акула тістері табылды
Маңғыстау аумағында шамамен 40 миллион жыл бұрын өмір сүрген акулалардың тістері табылды. Бұл өңірде бір кезде теңіз түбі болғанын тағы бір рет айғақтап отыр. Ғалымдардың айтуынша, қазіргі шөлейт аймақ жер ежелгі алып Тетис мұхитының жағалауы немесе түбі болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2026
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Ақтөбе облысы арқылы өтетін стратегиялық маңызы бар Ақтөбе – Ұлғайсын көлік дәлізін қайта жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды. Автожол 7 дербес учаскеге бөлінген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
Сенат депутаттары жұмысшының жалақысын сақтай отырып, үш күнге жұмыстан босатылып, скринингке баруға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 14 Мамыр, 2026
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Алматыда бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері бар 10 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Ұсталғандар қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық, бопсалау секілді ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 13 Мамыр, 2026
eGov, e-Otinish және Aitu қызметтерін интернетсіз пайдалануға болады
Парламент Мәжілісі депутаттары телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 13 Мамыр, 2026
Сайлау кезінде заң бұзғандарға жаза қатаңдатылады
Депуттаттар сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. Бұл туралы Мәжіліс арнайы заң жобасы мен түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2026
Маңғыстауда жартасқа жазу жазған ер адам 25 тәулікке қамалды
Маңғыстау облысында 21 жастағы ер адам табиғи жартасқа жазу жазғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2026
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) IMFK Fuel Trading компаниясы Маңғыстау облысында ірі мұнай-газ химиясы кешенін салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 8 млрд долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Мамыр, 2026
Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанның ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 3,6 пайызға өсті. Бұл бірінші тоқсан қорытындысымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Бірінші тоқсанда экономикалық өсім 3 пайыз деңгейінде болған еді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Мамыр, 2026
Президент Алатау қаласының ерекше мәртебесіне қатысты шешім қабылдады
Мемлекет басшысы «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 08 Мамыр, 2026
Ерлан Қарин: Заңнаманы үйлестіру елімізді өркендетудің жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, елде биыл наурыз айында өткен референдумда қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен қағидаттарын іске асыру бойынша жүйелі әрі кезең-кезеңімен жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
Депутат Құрылтай комитеттері мүшелерінің санын шектеуді ұсынды
Парламентте Құрылтай комитеттерінің құрамындағы депутаттар санын шектеу мәселесі көтерілді. Бұл туралы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Ольга Булавкина айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Құрылтай • 08 Мамыр, 2026
Қазақстанда Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құрылады
Кұрылтай туралы конституциялық заң жобасында депутаттық бірлестіктерді құру мен олардың қызмет тәртібі жан-жақты нақтыланған. Құжатта фракциялар мен депутаттық топтар заң шығару үдерісіндегі негізгі саяси тетік ретінде қарастырылып, депутаттардың ұстанымын үйлестіруге және өкілдік қызметін күшейтуге мүмкіндік беретіні көрсетілген. Депутаттық бірлестіктерді тіркеу Құрылтай бюросы арқылы жүргізіледі, ал олардың жұмыс тәртібі регламентпен реттеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Мамыр, 2026
5 жыл мерзімге 145 депутат – Мәжіліс Құрылтай туралы конституциялық заңды мақұлдады
Қазақстан Парламентінің қарауына «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді. Құжат Құрылтайдың қызметі мен заң шығару және бақылау өкілеттіктерін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Мамыр, 2026
Президенттің сайлау жүйесіндегі рөлі қандай?
Қазақстанда конституциялық реформалар аясында Президенттің сайлау жүйесіндегі, қаржы секторындағы және жергілікті атқарушы биліктегі өкілеттіктері нақтыланды. Жаңартылған нормалар мемлекеттік институттардың жұмысын үйлестіруге, басқару тиімділігін арттыруға және қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Мамыр, 2026
Қазақстанның сайлау заңнамасы қалай өзгереді?
Қазақстанда құқықтық жүйені ауқымды жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ел заңнамасын түбегейлі қайта қарауға жол ашты. Соған сәйкес негізгі заңның жаңа нормаларына бейімдеу мақсатында конституциялық заңдар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2026
Шымкентте құны 90 млн теңге болатын 1,2 га жер мемлекетке қайтарылды
Шымкент қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, заңсыздықтарды анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Мамыр, 2026
Алматыда заңсыз салынған автосервис нысаны сүрілді
Алматының Алғабас шағынауданы Бесінші белес көшесінде орналасқан автосервис нысаны сүрілді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Мамыр, 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Резонанс тудырған іс таяуда сотқа жолданады
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасын тергеу жұмысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Мамыр, 2026
Жануарларға қатыгездік көрсеткендер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Депутаттар бастамашы болған заң жобасында жануарлар дүниесін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Осыған орай, Президент тапсырмасын орындау аясында жануарларға қатігездік көрсеткені үшін жауапкершілік айтарлықтай қатаңдатылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Мамыр, 2026
Жүргізушілерді даярлаудағы жаңа модель: Енді автомектептерге қандай талап қойылады?
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мақұлданған заң жобасы бойынша жүргізушілерді даярлаумен айналысатын кәсіби бірлестіктер мен оқу ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылау енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Мамыр, 2026
20 жастағы жігіт құрылыс алаңында қолынан айырылды: Жұмыс беруші кінәлі деп танылды
Абай облысында 20 жастағы студент құрылыс алаңында ауыр жарақат алып, қолынан айырылды. Еңбек инспекциясы жұмыс берушіні кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Мамыр, 2026
Парламентте Халық кеңесі туралы заң жобасы қаралады
Бүгін Парламент қарауына «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Мамыр, 2026
Такси үшін жаңа талап енгізілді: Енді апат болған жағдайда тасымалдаушыны анықтау жеңілдейді
Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушылардың хабарлама беру ережесіне өзгеріс енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Мамыр, 2026
Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады
Қазгидромет 6 мамырға Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрып кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге және стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 05 Мамыр, 2026
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, оның ішінде 74 қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп жазады Egemen.kz.