е
Футбол • 03 Сәуір, 2026
Футболдан әлем чемпионаты финалының билеттері тағы қымбаттады
11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада, Мексика елдерінде өтетін футболдан әлем чемпионатында 48 команда бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Мамырдағы мерекелер: Қазақстанда қанша күн демалыс беріледі?
Елімізде мамыр айында Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні тойланады. Сондай-ақ Құрбан айт та мамыр айына келіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Сәуір, 2026
Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
Өскеменде қаланың бұрынғы әкімі Жақсылық Омарға қатысты сот процесі аяқталып, үкім жарияланды. Сот оны алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 03 Сәуір, 2026
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының ширек финалы басталды. Бүгін құрама сапынан Төрехан Сабырхан шаршы алаңға шықты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Сәуір, 2026
Бұршақ жауып, жел күшейеді: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
4 және 5 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, бұл жағдайға атмосфералық қысымның ауысуы әсер етпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Сәуір, 2026
Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты
ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын арттыру туралы келісімге келуі мүмкін, алайда бұл шешімнің бастапқы кезеңде нарықтағы ұсынысқа айтарлықтай ықпалы болмауы керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Сәуір, 2026
Қарулы Күштердегі ауыс-түйіс: Махсут Гусейнов пен Бағлан Өсербаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Қарулы Күштер саласында екі лауазымды тұлға қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Алматыда сүндеттелген бала ауыр асқынулармен ауруханаға түсті
Алматыда сүндеттелген баланың ата-анасы жарты жылдан бері аурухана жағалап жүр. Себебі баласының жыныс мүшесі сүндеттелгеннен кейін асқына бастап, некрозға ұшыраған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Сәуір, 2026
Өнеркәсіптегі кооперация: Қазақстан мен ЕЭК бірлескен жобаларды талқылады
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі Гоар Барсегянмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер: 16 мыңнан астам адам тізімнен шығарылды
Елімізде тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегі қайта қаралып, ауқымды тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 16 537 адам кезектен шығарылып, тағы 75 456 азаматқа кезекке тұруға рұқсат берілмеді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 03 Сәуір, 2026
Алматы әуежайындағы автотұрақтар кеңейтіледі
Алматыда ауқымды инфрақұрылымдық жоба – халықаралық әуежайды жаңғырту жұмыстары қарқын алғандықтан өткізу қабілеті артып, сервистік деңгейі жаңа сатыға көтеріледі. Horizon жобасы шеңберінде жүзеге асып жатқан бұл бастама әуежайдың келбетін түбегейлі өзгертеді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 03 Сәуір, 2026
Ұлттық орталық музейде айрықша сурет көрмесі ашылды
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Қазақстан графикасы» көрме-биенналесі ашылды. Сызық пен штрихтың сырлы әлемін сөйлетіп, графика өнерінің бүгінгі тынысын танытқан көрмеге үздік шеберлердің туындылары қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2026
Ақ халатты алаяқтар көбейді: Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға ескерту жасады
Денсаулық сақтау министрлігі елімізде медицина мамандарының атын жамылып, алаяқтық мақсатта қоңырау шалатындардың көбейгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Сәуір, 2026
Астанада қауіпті көше жарысын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Елордада жол қауіпсіздігіне қатер төндірген заңсыз көше жарысына тосқауыл қойылды. Қауіпті әрекетке барған жүргізушілер тобы дер кезінде тоқтатылып, жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Сәуір, 2026
Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2026-2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Сәуір, 2026
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
«Қазгидромет» 3 сәуір ел аумағында ауа райы қолайсыз болатынын ескертті. Синоптиктер болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Сәуір, 2026
Бауыржан Тахауов: Қайсар рух та қолдауды қажет етеді
Елордадағы Паралимпиадалық орталықта параволейболдан ұлттық құрама ойыншылары оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алда бірнеше дүбірлі дода бар. Жақында білікті маман Бауыржан Тахауовтан тәлім алатын жігіттердің әзірлік барысымен танысып, бас бапкермен тілдесіп қайттық.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Әлеуметтік желідегі жасырын қауіп: Деструктивті топтардың құрығына түспеудің жолы қандай?
Қазіргі таңда интернет тек ақпарат көзі ғана емес, сонымен бірге түрлі қауіптердің де алаңына айналып отыр. Терроризм орталығының және Абай облысы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мәліметіне сәйкес, радикалды идеологиялар көбіне дәл осы цифрлық кеңістікте таралады. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жастарды деструктивті ағымдарға тарту фактілері жиілеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Сәуір, 2026
Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Нысана көздеуден Әлем кубогінің кезеңі Испанияның Гранада шаһарында өтеді. Оған қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне негізделуі мүмкін. Сенатор Амангелді Нұғманов жасқа байланысты емес, еңбек өтіліне негізделген зейнетақы жүйесіне кезең-кезеңімен көшуді ұсынды. Оның пікірінше, бұл қадам елдегі әлеуметтік саясатты жаңғыртып, еңбекке ынталандыруды күшейтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
SCAT әуе компаниясы Boeing 737 MAX 8 үлгісіндегі екі жаңа әуе кемесімен толықты. Әуе компанияның паркіне бір мезетте екі борт алғаш рет алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Сәуір, 2026
Семсерлесуден жаһандық турнирде Қазақстан спортшысы жүлдегер атанды
Бразилияның бас шаһары Рио-де-Жанейрода семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2026
2 және 5%-дық ипотека: Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі және оны қалай алуға болады?
«Отбасы банк» 2 және 5%-дық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша өтінім қабылдауды және тұрғын үй бөлуді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Сәуір, 2026
Президент Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Сәуір, 2026
АҚШ Венесуэланың уақытша президентіне салынған санкцияларды алып тастады
АҚШ Қаржы министрлігі Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригеске қатысты енгізілген санкцияларды алып тастады. Бұл туралы ресми ведомство хабарлағанымен, шешімнің нақты себептері жария етілмеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Магниттік дауыл кезінде адам ағзасында қандай өзгеріс болады?
2 сәуір күні таңертеңнен бастап Жерде геомагниттік құбылыстар байқала бастады. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс Күндегі короналдық тесіктің әсерінен туындап отыр, ал алдағы сағаттарда магниттік дауыл күшеюі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Алматыда наурыз айының ортасында ұсталған белсенді Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық істің мән-жайын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 02 Сәуір, 2026
Оңтүстік Корея Қазақстанға ЖИ шешімдерін енгізуге көмектеседі
Оңтүстік Корея Қазақстанмен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, маман даярлауға қолдау көрсетпек, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Сәуір, 2026
Тоқаев жоғары білім мен ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді
Президентке ведомство қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысы баяндалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 02 Сәуір, 2026
Қазақстан Премьер-министрі ТМҰ елдері үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Баку қаласына жұмыс сапары аясында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық қабылдауына, сондай-ақ ТМҰ мемлекеттерінің үкіметтері басшылары мен вице-президентінің кездесуіне қатысты, деп жазады Egemen.kz.