жауапкершілік
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Қостанай облысында 26 ауыл әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк пен аймақ экологтарының және "Qostanai - adaldyq alany" жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен өткен онлайн-жиында айтылды. Эколог-мамандар облыс аумағындағы рұқсат етілмеген жерлерде 313 қоқыс үйіндісін тапқан. Бұл орындар "Ғарыш Сапары" ҰК АҚ жерсеріктік жүйесі арқылы анықталып отыр. Бүгінге дейін оның 155-і жойылыпты. Қалған 158 қоқыс полигонын жою жергілікті атқарушы органдарға міндеттелген.