«Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының полицейлері тәулік бойы қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Соңғы тәулік ішінде полицейлер 103 құқық бұзушылық фактісін анықтады, оның ішінде 94-і жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін, алтауы мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін», деп хабарлады Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медияров.
Сондай-ақ ол полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстар мен ескертулердің тұрақты жүргізілуіне қарамастан, азаматтар ережелерге қайшы келіп, жолдарда тәртіпсіз жүретінін айтты.
Патрульдеу кезінде сағат 14.45-те қызмет инспекторлары Павлодар қаласындағы Роза Люксембург көшесіндегі 102 үйдің ауласында үлкен жылдамдықпен келе жатқан Land Cruiser Prado маркалы автокөлікті байқаған.
Жүргізуші автопатрульді көріп, жасырынуға тырысып бақты. Тексеру барысында жүргізуші ішімдік ішкені анықталды. Тәртіп бұзушының автокөлігі айыппұл тұрағына қамалды, ал жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды, ер адам 1-топтағы мүгедек болғандықтан әкімшілік қамауға алу қолданылмады.
Екінші жағдайда сағат 00.30-да полицияға ер адамнан қоңырау келіп түсті. Ол Ворушин көшесінде орналасқан кафеден Hyundai Elantra маркалы автокөлік шығып кеткенін, ал оның жүргізушісі мас күйде болғанын хабарлады. Көлік тоқтатылып, 34 жастағы жүргізуші куәландырылды. Куәландыру жүргізушінің орташа дәрежеде мас күйде екенін растады. Оның көлігі айыппұл тұрағына қойылып, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды.
Сот қаулысымен жүргізуші жеті жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.