at
Елорда • 27 Мамыр, 2025
Астана халықаралық форумына бес мыңнан астам қонақ келеді
Astana International Forum (AIF) қатысушылары елордаға келе бастады. Биылғы форум аясында бес мыңнан астам шетелдік қонақтың келуі күтіледі. Олардың қатарында делегация жетекшілері, ірі компания басшылары, форум қатысушылары мен еріп жүрген тұлғалар, сондай-ақ 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері бар, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 27 Мамыр, 2025
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономика саласында ашықтықты арттыру және әділ салық салу жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы бастаманың аясында 2025 жылғы мамыр айынан бастап жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшы — OpenAI, L.L.C. компаниясы Қазақстанда шартты түрде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Мамыр, 2025
«AMANAT медиа сыйлығы – 2025» байқауы басталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистерге арналған жыл сайынғы республикалық байқаудың басталғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 26 Мамыр, 2025
Мәжіліс депутаттары Щучинсктегі әскери колледжде көшпелі отырыс өткізді
Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 19 Мамыр, 2025
Астана мен Доха форумы бәрімізді біріктіреді - Маха Әл-Кувари
2025 жылғы 29–30 мамырда Астанада Astana International Forum өтеді. Форум жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Іс-шара аясында 39 панельдік сессия өтеді, оның 10-ы әлемдік көшбасшылардың қатысуымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Мамыр, 2025
Қарағандыда «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті
Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған дәстүрлі «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті. Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» ұйымының қыздары, әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, әскери кафедралар мен 100-ден астам жоғары сынып оқушылары бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Сәуір, 2025
SCAT әуе компаниясына айыппұл салынды
Осы жылдың 25 ақпанында «Өскемен – Астана» рейсі 8 сағаттан көп уақытқа кешіктірілгеніне қарамастан әуе компаниясы жолаушыларды уақтылы жатын орынмен қамтымаған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Сәуір, 2025
Қазақ-қырғыз БАҚ жүйесі меморандумға қол қойды
Алматыда «Alatau-Aqparat» медиахолдингі мен Қырғыз ұлттық «Кабар» ақпараттық агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Сәуір, 2025
Дональд Трампқа арналған ерекше ескерткіш орнатылды
АҚШ-тың президенті Дональд Трампқа ерекше ескерткіш тарту етілді. Trump International Golf Club гольф клубында оның құрметіне «Бұғауға көнбеу ескерткіші» атты қола мүсін орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
AMANAT фракциясы КТС мөлшерлемесін төмендетуге жол беруге болмайды деп санайды
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясы ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендетуге қарсылық білдірді. Сонымен қатар депутаттар өңдеу өнеркәсібіндегі корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін төмендету идеясымен келіспейтінін айтты және денсаулық сақтау саласына қосымша салық жүктемесін енгізуді қолдамайтынын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Наурыз, 2025
«Qazaqstan Investment Corporation»-ға жаңа басшы тағайындалды
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен 2025 жылғы 17 наурыздан бастап «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Дидар Нұрлыбекұлы Қарымсақов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2025
Әкімдіктер мен депутаттардың жауапкершілігі күшейтіледі
«AMANAT» партиясында Қазақстанның 20 өңіріндегі әкімдіктердің 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау барысы талқыланды. Есеп беру кездесулерінде өңірлердегі жетістіктер мен шешілмеген мәселелер, сондай-ақ әкімдер мен мәслихат депутаттарының жеке жауапкершілігі көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2025
Мәжіліс Спикері Әйелдер қанатына жаңа міндеттер жүктеді
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 120-дан астам белсенді әйел «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты ұйымдастырған «Әйелдер – жасампаз көшбасшылар» атты саяси көшбасшылық бойынша оқу курстарына қатысты. Бүгін олар Мәжіліс Спикері, партия Төрағасы Ерлан Қошановпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2025
Қазақстанда 737 мыңнан астам мүгедектігі бар адам өмір сүреді – AMANAT
Қазақстанда 235 мың бала ерекше білім беруді қажет етеді. 2021 жылдан бері оларға арналған 1080 инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Алайда, қолайлы орта құру мәселесі әлі толық шешімін тапқан жоқ: 2024 жылы мүгедектігі бар адамдар мен әлеуметтік жағдайы осал топтардың құқығына қатысты мыңдаған бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Тұрғын үйді сақтандыру тұрғысындағы депутаттық сауал жолданды
Елнұр Бейсенбаев апат болған жағдайда тұрғын үйді сақтандыру туралы депутаттық сауалын Премьер-министрге және ҚР қаржы нарығын реттеу жөніндегі Агенттігінің Төрағасына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Партия әрқашан халықтың жанынан табылуы керек - Ерлан Қошанов
Алғыс айту күні және Партия күні қарсаңында «AMANAT» партиясында үздік бастауыш партия ұйымы мен үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі байқауы қорытындыланды. Іс-шараға бейнеконференцбайланыс арқылы еліміздің барлық аймағындағы 3700 бастауыш партия ұйымы мен 225 қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Ақпан, 2025
Елімізде жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады
«Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап «SCAT» әуекомпаниясы Шымкент – Каир әуе жолы бойынша Египетке жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға сапары барысында China Railway Construction Corporation (CRCC) басшысы Дай Хэгэнмен елдегі жалғыз метрополитенді кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Азаматтардың сұранысы – «AMANAT»-тың басты бағдары
«AMANAT» партиясының басты міндеті – азаматтардың өзекті мәселелерін шешу және олардың тұрмысын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу. Адамдардың партияға деген сенімінің кепілі – осы. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов ұйымдастырушылық жиын барысында айтты. Партиялықтар өткен жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, бірқатар басым міндеттерді айқындады. Кеңеске партияның өңірлік филиалдары қосылып, басқосу бейне конференц байланыс режимінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Ақпан, 2025
Қызылордалық полицей әлемдік дода жеңімпазы атанды
Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысынан жеңіспен оралған әріптестері Лаура Төлекованы салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Ақпан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев UAE SWAT Challenge сайысында топ жарған күштік құрылымдардың бір топ офицерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Ақпан, 2025
Қазақстанның арнайы жасағы әлемнің үздік үштігіне кірді
Дубайда өткен SWAT Challenge жарысында қазақстандық командалар өз шеберліктерін көрсетіп, әлемнің үздік үштігі қатарында көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 31 Қаңтар, 2025
Премьер-министр Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыда өткен «Digital Almaty 2025: Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» халықаралық цифрлық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2025
Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны өтті
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны барысында депутаттар Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты берген тапсырмаларын іске асыру және заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 28 Қаңтар, 2025
Әлемдік футбол жұлдызы Сол Кэмпбелл Қазақстанға келеді
Ағылшын футболының аңызы Сол Кэмпбелл Digital Almaty 2025 форумына қатысу үшін Қазақстанға келеді. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қаңтар, 2025
Президент Masdar және ADNOC компаниясының басшыларын қабылдады
Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи мен ADNOC компаниясының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Мәжілісмендер жұмысшылардың еңбек жағдайына назар аударды
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Руслан Қожасбаев пен Болат Керімбек Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Көксу ауданындағы «Строитель» кірпіш-керамзит зауытының еңбек ұжымымен кездесті. Сапардың негізгі мақсаты – өндіріс процесімен танысып, жұмысшылардың жағдайын білу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Депутаттар Түркістан облысындағы кәсіпорындарды аралады
Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов бүгін Түркістан облысында болып, Сарыағаш ауданындағы кәсіпкерлік нысандарды аралады. Сондай-ақ аудан жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 25 Желтоқсан, 2024
Ақтаудағы ұшақ апаты: «AMANAT» депутаттары көңіл айтты
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері 2024 жылы атқарылған жұмысты қорытындылау шарасы басталар алдында халық қалаулылары Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Марапат • 20 Желтоқсан, 2024
«Алтын тұғыр-2024» сыйлығын табыстау рәсімі өтті
Елордада «AMANAT» партиясының қолдауымен Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған «Алтын тұғыр – 2024» ұлттық спорт түрлері бойынша жылдың үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Президент кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және тағы басқалар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.