Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Көксуда дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді
Жетісу облысының Көксу ауданында әлеуметтік сала мамандарына арналған 20 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл бастама облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасымен кадр тапшылығын шешу мақсатында жүзеге асқан, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 30 Қазан, 2025
Жетісуда «Сарыөзек–Көктал» тас жолының жөндеу жұмыстары толық аяқталды
Жетісу облысында жалпы ұзындығы 178 шақырым болатын «Сарыөзек–Көктал» автожолының қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Құрылысы 2022 жылы басталған жоба бірнеше кезеңмен іске асырылып, бүгінде жол барлық техникалық талаптарға сай пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 30 Қазан, 2025
31 қазан күні еліміздің барлық өңірінде «Халық заңгері» акциясы өтеді
Таңертеңнен кешке дейін әр аймақтағы үздік заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға тегін кеңес береді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Қазан, 2025
Қошанов Грузия депутаттарына Президент реформалары туралы айтып берді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Грузияға ресми сапары аясында ел Президенті Михаил Кавелашвилимен, Премьер-министр Ираклий Кобахидземен және Парламент төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 30 Қазан, 2025
Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды
Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Президент Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Президент Қызылорда қаласындағы 11 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қазан, 2025
Опера әншісі Мария Мудряк мемлекеттік марапат иеленді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Италияға іссапары барысында опера әншісі Мария Мудрякқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік марапатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы жаңа жылу электр орталығына барды
Жаңа жылу электр стансасы Мемлекет басшысының оңтүстік өңірлерде халық пен экономика сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салынған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
XII Азаматтық форум нәтижелері талқыланды
Астанада «SARAP» эксперттік клубының «ХІІ Азаматтық форум нәтижелері: азаматтық белсенділік – ел дамуының қайнар көзі» тақырыбында отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Орманшылар ағылшын тілін үйреніп жатыр
Қатонқарағай ауданында жергілікті тұрғындар, орманшылар мен кәсіпкерлер шетелдік туристермен еркін тілдесу мақсатындаағылшын тілін үйрене бастады. Курстарға ұлттық парк инспекторлары, қонақүй иелері мен жас гидтер де қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда-нан» цехына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 30 Қазан, 2025
9 айда Қазақстанға 13,8 триллион теңге инвестиция тартылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында берілген инвестиция тарту жөніндегі міндеттерді орындау барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 30 Қазан, 2025
AI-Sana Leaders бағдарламасының жеңімпаздары анықталды
Астанада «Қазақстан – академиялық білім беру аумағы» стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы басталды. Форумға жоғары оқу орындарының ректорлары, аккредиттеу органдарының өкілдері мен шетелдік университет филиалдарының жетекшілері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Ақтауда Түркияның Республика күні аталып өтті
Ақтауда Түркия Республикасының құрылуына 102 толуына орай салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеп.
Тұлға • 30 Қазан, 2025
Әдебиеттанушы Мақсат Тәж-Мұрат дүние салды
Бүгін қаламгер-эссеист, әдебиеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсат Тәж-Мұрат дүниеден озды. Қаралы хабарды марқұмның қаламдас бауырлары жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Президент «Сыр жұлдыздары» академиясына барды
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 30 Қазан, 2025
«Өрлеу» бағдарламасы арқылы өрісін кеңейткен кәсіпорындар
«Даму» қоры биыл маусым айында «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты. Аталған бағдарлама пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына балама бола алады және кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиені кідіріссіз алуына мүмкіндік беріп отыр. Жаңа бағдарлама бойынша инвестиция, айналым қаражатын толықтыру және қайта қаржыландыруға несие алуға болады. Қостанай облысында осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері 62 жоба мақұлданып, кәсіпкерлер жалпы сомасы 6,4 млрд теңге қаржылай қолдау алды. «Даму» қорының өкілдері ұйымдастырған баспасөз туры барысында бірнеше кәсіпорынды араладық, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Биыл республикалық маңызы бар жолдардың 9500 шақырымы түрлі жөндеумен қамтылды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңындағы баспасөз конференциясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Оқушылар садақ атудан сынға түсті
Шығыста алғаш рет садақ тартудан «Жас мерген» теле турнирі ұйымдастырылды. Тартысты турнирге облыстың мектептерінен жиналған оқушылар қатысты. Садақшылар сайысқан іс-шараның салтанатты ашылуына аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов да келді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесіп, әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2025
Ақтөбеде әкесінің көлігін тізгіндеген мектеп оқушысы қаза тапты
Ақтөбеде 13 жастағы оқушы әкесінің көлігін жасырын мініп кетіп, жол апатына ұшыраған. Ауыр жарақат алған жеткіншек ауруханада көз жұмған. Бұл соңғы екі айда облыста тіркелген екінші қайғылы жағдай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Қызылорда облысында су деңгейін өлшейтін гидрокөпірлер орнатылды
Сала министрлігінің мәліметінше «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының мамандары су деңгейін өлшейтін 12 гидрокөпір орнатты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Президент Өнер орталығына барды
Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 30 Қазан, 2025
Димаш Құдайбергеннің бастамасымен түсірілген «Voice Beyond Horizon» жобасы Қытайда таныстырылды
Қытайдың танымал Hunan Broadcasting System корпорациясы мен Димаш Құдайбергеннің бірлескен бастамасы «Voice Beyond Horizon» тележобасының промо-бейнеролигі көпшілікке ұсынылды. Жоба еліміздің табиғи сұлулығы мен мәдени байлығын әлем жұртшылығына паш етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Қазан, 2025
Қазақстанда Үндістанның IT-криминалистика саласындағы жетекші университетінің филиалы ашылады
Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп, Үндістандағы сот ғылымдары ұлттық университетінің филиалын ІІМ Басқару академиясы базасында ашу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Алматыға емделуге келген шетелдік пациенттер қандай мамандарға жүгінеді
Жыл сайын мегаполис клиникаларында 15 мыңнан астам шетел азаматы ем қабылдайды. Ең көп сұранысқа ие бағыттар қатарында кардиохирургия, ортопедия, онкология, репродуктивті және эстетикалық медицина бар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қазан, 2025
Президентке Қызылорда облысының инвестициялық жобалары таныстырылды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Orient Ceramic KZO компаниясының қыш тақта өндіретін зауыты, Fabe Agro жылыжай кешені, With You қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорны, Seven Rivers Technologies компаниясының шыны ыдыстар өндірісі және басқа да жобалар жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Қазан, 2025
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді
Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Қазан, 2025
Полицейлер өрт шыққан үйден үш баланы құтқарды
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Сол маңды патрульдеп жүрген патрульдік полиция взводының инспекторлары пәтердің терезесінен шыққан жалынды байқап, дереу көмекке ұмтылған, деп жазады Egemen.kz.