Соңғы жаңалықтар
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Қазан, 2025
Еңбекпен ырысын еселеген әулеттер
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап еңбек адамына көңіл бөлу, олардың жанқиярлық еңбегін дәріптеу, басқаларға үлгі ету мәселелері кенжелеп қалғанын мойындауымыз керек. Барлық материалдық игілік қарапайым еңбек адамының қолымен жасалып жатқанын білсек те, ол өз еңбегіне қарай ақысын алады, бұрынғыдай мемлекеттің жұмысын істеп жатқан жоқ, жеке кәсіпкердің немесе өз жұмысын істейді, сондықтан оны мақтаудың, дәріптеудің керегі қанша деген орынсыз ой сананы жаулап алған еді. Тек ішінара ғана ондай жандардың еңбектеріне лайықты баға берілетін.
Келешек мектептері • 30 Қазан, 2025
Екі ауыл балаларының қуанышы ерекше
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында Жамбыл облысында бұған дейін төрт мектептің іргесі қаланса, Республика күні мерекесі аясында Қордай ауданында тағы екі білім ұясы шәкірттерге есігін айқара ашты. Заманауи жабдықтармен қамтылған жаңа мектептер уақыт сұранысына сай бой көтерген.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Республика күні мерекесінде Жамбыл ауданында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды. Олардың қатарында заманауи мәдени кешен де бар. Аудан орталығы Аса ауылында өткен ресми іс-шараға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Еларалық жолдың сапасы жақсарды
«Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Ресей Федерациясы шекарасына тірелетін «Ақтөбе – Мәртөк» тасжолының 51–84 және 95–99 шақырымын жөндеу аяқталды. Биылғы мамырда «Ассана Дор Строй» ЖШС мамандары іске кірісіп, қара суыққа қалдырмай тапсырманы уақтылы орындады.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Мұнайлы өңірдің әлеуметтік-спорттық инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеру мақсатында 2021–2025 жылдар аралығында 36 спорт кешені мен 25 воркауд жаттығу алаңын салу жоспарланып отыр. Биыл Мақат, Қызылқоға, Исатай, Махамбет, Индер аудандарында спорт кешендері пайдалануға беріледі.
Спорт • 30 Қазан, 2025
Спорттық әлеуеті зор мегаполис
Елімізде бұқаралық спортты дамыту – стратегиялық маңызы зор міндеттердің бірі. Себебі дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі. Осы орайда Алматы қаласында қолға алынған ауқымды жоба спорттың қолжетімділігін арттырып, халықты саламатты өмір салтына бейімдеуге айтарлықтай серпін беріп отыр.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Жаңаарқа ауданы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округте «Қазақ елі» стелласы мен «Балауса» балабақшасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудан әкімі Қанат Қожықаев қатысып, қос жаңа нысанның тұсауын кесті.
Күрес • 30 Қазан, 2025
Сербияның Нови Сад қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты (U-23) аяқталды. Жарысты еліміздің құрамасы бес жүлдемен қорытындылады.
Ғалам ғажаптары • 30 Қазан, 2025
Тоқымашы құс – ұясын шөп пен жапырақтан өріп жасайтын ерекше құс. Бұл құстың ұясын көрген адам еріксіз таңғалады.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Облыс орталығындағы «Қорқыт ата» кітабының 1 300 жылдығына арнап орнатылған ескерткіш маңындағы саябақ қайта жаңғырды. Қызылорданың астана атанғанына 100 жыл толуына орай осыдан 23 жыл бұрын ашылған саябақ тұрғындар демалып, балалар ойнайтын қолайлы орынға айналды.
Ғалам ғажаптары • 30 Қазан, 2025
Құстың тас жұтуы алғаш қарағанға оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ ғалымдар мұны табиғаттың әдемі тепе-теңдігі дейді.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Төрт жыл дегенде Топқайыңға су тартылып, тұрғындары бөркін аспанға атып жатыр. Бұл ауыл Өскемен мен Рахман қайнары күре жолының бойында жатқанымен, осы уақытқа дейін заман ағымынан кенжелеп қалған. Күні кешеге дейін интернет былай тұрсын, кәдімгі ұялы байланыс та болмаған. Биыл ғой, тұрғындардың тілегіне қарай интернет бағанасы орнатылды, Республика күні қарсаңында ауызсу берілді. Айтқандай, мерекеге орай Катонқарағай ауылында да денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Ғалам ғажаптары • 30 Қазан, 2025
Табиғатта адам сенгісіз қабілетке ие жаратылыс көп. Соның бірі – лира. Ол 24-тен астам құстың дауысын айна-қатесіз салып бере алады.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Ескі көліктен жасалған аялдама
Атырау қаласына таяу орналасқан «Геолог» шағын ауданында «Құтқарушы» аталатын аялдама бар. Ерекшелігі сол, аялдама ескі өрт сөндіру көлігінен жасалған.
Байқау • 30 Қазан, 2025
Заң тілі оны оқитын, пайдаланатын әр азаматқа түсінікті, ондағы құқықтық норма тайға таңба басқандай анық та айқын болуға тиіс. Бірақ алдымен ресми тілде әзірленіп, кейін қазақшаға аударылатын кейбір заң мәтіндерінің көңіл көншітпейтіні белгілі. Осы олқылықтың орнын толтыруды көздеген «Заңғар заңгер» атты республикалық байқау биыл да жоғары деңгейде өтті.
Аймақтар • 30 Қазан, 2025
Су мәселесін шешу жолын ұсынды
Түпқараған ауданы Сайын Шапағатов ауылындағы Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ержан Тілеген ерекше ғылыми жобасымен көзге түсті. Ол Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбектері негізінде су тапшылығын шешудің жаңа тәсілін зерттеп, республикалық ғылыми жобалар байқауында бірінші орын алды.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Алматыдағы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне» қарасты №31 кітапхананың ұйытқы болуымен «Егемендікпен – ертеңімізге» деп аталған рухани-танымдық кеш өтті. Мазмұнды басқосу қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Марат Тоқашбайдың шығармашылығына арналып, қаламгердің бестомдық шығармалар жинағы таныстырылды.
Сатира • 30 Қазан, 2025
Қалада тұратын әкемнің інісінің үйіне тұмсық тіреп, күлбілтелемей келгендегі шаруамды шатып-бұтып айтып отырмын.
Табиғат • 30 Қазан, 2025
Семейде орман тұқымбағы ашылды
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген бабаларымыз экожүйенің тепе-теңдігін терең түсінгендіктен айтса керек. Осы ретте еліміз үшін «Семей орманы» орны бөлек. Оны от пен отаудан қорғау өз алдына, оның генетикалық тұқым қорын сақтау да маңызды мәселе, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Түркістанда қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде
Түркістан төріндегі «Olympic Center» спорт кешенінде ересектер арасында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде. Биылғы құрлықтық чемпионатқа Азияның 12 мемлекетінен – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Үндістан, Жапония, Иран, Моңғолия, Пәкістан, Непал, Филиппин, Бангладеш және Қазақстаннан 150-ге жуық балуан бақ сынап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 29 Қазан, 2025
Өскемен қаласындағы Ұлттық ұланның №5518 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүрген жетісулық журналист, мерзімді әскери қызметші Әділ Құттыбаев – жауынгерлік борышын өтей жүріп, шығармашылықтан қол үзбеген талантты жас. Ол әскери өмір мен журналистиканы шебер үйлестіріп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Ұлттық мереке – Республика күнінде Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ ашылды. Салтанатты жиынға зиялы қауым, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 29 Қазан, 2025
Алия Болек «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Республика күні Қасым-Жомарт Тоқаев елдің көрнекті азаматтарына мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 29 Қазан, 2025
Қостанайда «Міржақып өмірі мен өнегелі мұрасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі ұйымдастырған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, алаштанушы ғалым, академик, «Қазақ газеттерінің» бас директоры Дихан Қамзабекұлы, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, өңір зиялылары, облыстық дін істері басқармасының өкілдері, діни қызметкерлер қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Ұландық спортшы пауэрлифтингтен Еуразия чемпионатында алтын алды
Астанада пауэрлифтингтен өткен Еуразия чемпионатына 15 елден 150-ден астам үздік спортшы қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2025
Қоғамдық бақылаудың маңызы артты
«Ashyk kogam» қоғамдық қоры Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қазан, 2025
Әлихан – Азиада чемпионы, әлем рекордшысы!
Бахрейннің астанасы – Манамада өтіп жатқан жасөспірімдердің жазғы Азия ойындарында Қазақстанның ауыр атлеттері өте жақсы өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Қарақия ауданында жастар ресурстық орталығы ашылды
Қарақия ауданының Құрық ауылында жаңадан салынған Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ауданның құрметті азаматтары, ардагерлер, белсенді жастар және тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Хоккей • 29 Қазан, 2025
Бүгін «Барыс» командасы Омбыда «Авангардпен» кездеседі
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында елордалық «Барыс» командасы Омбы қаласында «Авангардқа» қарсы мұз айдынына шығады. Ойын Қазақстан уақытымен 18:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 29 Қазан, 2025
Көкшетауда «Келешек мектебінде» биыл 1100-ден астам оқушы білім алып отыр
Көкшетау қаласында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы арқылы кадрлық резервтен іріктелген жаңа буын басшыларының бірі – Манаргүл Тохан басқаратын №20 мектеп-гимназиясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған заманауи инфрақұрылымымен және білім сапасын арттыратын инновациялық тәсілдерімен ерекшеленеді, деп жазады Egemen.kz.