сот
Жемқорлық • 29 Тамыз, 2024
Атырауда емхана директоры, бас есепші мен шаруашылық меңгерушісі 231 миллион теңге жымқырған
Атырауда емхананың директоры, бас есепші мен шаруашылық меңгерушісі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Олармен сыбайлас болған кәсіпкерге де сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2024
Мойынқұм ауданында пара алған шенеуніктер сотталды
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегенов, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаев және жеке компания өкілі А. Шұбаев сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Тамыз, 2024
Астанада кинотеатрда төбелескендер сотталды
Астанада қаладағы кинотеатрлардың бірінде төбелес шығарған екі азамат сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Тамыз, 2024
«Алғашқы кездесуінде қайтыс болған қыз»: Сотталушыға қатысты сот үкімі өзгерді
Алматы қалалық соты қыздың өліміне қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Тамыз, 2024
Павлодарда еліктің лағын өлтіргендер сотталды
Павлодар облысында еліктің лағын өлтірген азаматтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Тамыз, 2024
Абай ауданында дизельді заңсыз иемденген депо басшысы сотталды
Жергілікті локомотив депосының бастығы А.Смағұлов пен жылу машинисі М.Мейрамғазин 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында бұрын әзірленген схема бойынша тұтыну көлемін жасанды түрде ұлғайтып, 920 млн теңгеге дизель отынын заңсыз иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 22 Тамыз, 2024
Астаналықтарды үй алып беремін деп алдаған әйел сотталды
Астаналықтарға жарты млрд теңге шығын келтірген алаяқ сотталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2024
Ұлытауда сотталғандарды азаптаған түрме қызметкерлері жазаланды
Ұлытауда қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 11 қызметкері азаптау қолданғаны үшін сотталды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 21 Тамыз, 2024
Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім апелляциялық тәртіпте қаралды
Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы Мәдениет және спорт министрі болған Арыстанбек Мұхамедиұлы мен басқаларға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2024
Өзбекстан азаматынан алаяқтық жолмен ақша жымқырған шенеунік сотталды
Маңғыстау облысы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М. Қайранбаев 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Тамыз, 2024
Оралда кафедегі жарылысқа кінәлі адам бас бостандығынан айырылды
Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты биылғы жылдың 4 қаңтарында «Rizyq» кафесінде орын алған жарылысқа кінәлі тұлғаға айыптау үкімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 20 Тамыз, 2024
Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары сотталды
Алматы қалалық сотымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкенов сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Тамыз, 2024
Қостанайда полиция қызметкері тұрғындарға несие алғызған
Қостанай облысында алаяқтық жасаған полицей сотталды. Ауылдық полиция қызметкері өз атына несие алған ауылдастарын адастырған. Полицей бұл ақшаны бәс тігуге жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 19 Тамыз, 2024
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы сотталды
Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ә. Мұстафиновқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Тамыз, 2024
Қазақстанда үш жаңа сот құрылады
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық соттарды құру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Тамыз, 2024
«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды
Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2024
291 млн теңгені қайтаруы керек: Ақтөбеде тұрғындарды алдаған әйел сотталды
Ақтөбе қаласының №2 сотында аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін айыпталған азаматша О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, ол 17 жәбірленушінің 314 миллион теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденген деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Тамыз, 2024
Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген күдіктілер қамалды
Қызылорда облыстық соты 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген күдікпен кәмелетке толмаған балаларды екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 15 Тамыз, 2024
Алматыда ірі көлемде қаржы жымқырған емхана есепшілері сотталды
Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К. Хангиреева мен А. Туғанбаеваға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2024
Заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды
Түркістан облысында заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2024
Жер беруден бас тартқан Риддер әкімін жергілікті тұрғын сотта жеңіп шықты
Жергілікті тұрғын Риддер қаласының әкімінен Поперечное ауылынан мал жаюға 50 га және шөп шабуға 15 га жер телімдерін беруін сұраған. Алайда әкім жер комиссиясының шешіміне сілтеме жасай отырып, арыздан бас тартқан. Бұдан соң, талап қоюшы сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Тамыз, 2024
«Балқаш Жылу» директорының орынбасары мен бас бухгалтері сотталды
«Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2024
Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды
8 тамыз күні Семей қаласының № 2 соты Абай облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2024
Қарағанды облысында қыздарын тұншықтырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты
Қарағанды облысында екі кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген 20 жастағы келіншек 20 жылға сотталды. Ал тірі қалған бір жасқа толар-толмас нәрестесі Балалар үйіне өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Тамыз, 2024
Бұрынғы ішкі істер министрі 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды
8 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Тамыз, 2024
Есірткі таратушы студент 7,5 жылға сотталды
Қарағандыда 17 жастағы колледж студенті есірткі таратамын деп 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Тамыз, 2024
Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіруді күшейтті
Биыл прокурорлар халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Тамыз, 2024
Ірі көлемде қаржы жымқырған балабақша меңгерушілері сотталды
Мектепке дейінгі бес ұйымның меңгерушілері және олардың көмекшілері бүлдіршіндерді тамақтандыруға арналған қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 02 Тамыз, 2024
Апелляция алқасы «Love Aikа» ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды
Алматы қалалық сотында М. мен Т.-ға қатысты қылмыстық іс қайта қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Тамыз, 2024
Түркістанда Дезинфекция орталығының басшысы сотталды
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалының бас директоры К. Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.