1
Аймақтар • 05 Тамыз, 2025
Ұлытау облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік жүріп жатыр
2025 жылдың 4-10 тамызы аралығында Ұлытау облысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени-ағартушылық онкүндік өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 30 Шілде, 2025
«Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін»
Осындай атаумен ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы құрметті судьясы, заңгер Өмірсерік Қожабаевтың жаңа кітабы жарық көрді. Бұл кітап Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай облысы, Абай ауданының әкімшілігі мен Абай-Жидебай қорының сұрауы бойынша үш тілде оқырманға жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 22 Шілде, 2025
471 көшбасшы үздік мектептерде тағылымдамадан өтіп жатыр
Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісімен 2023 жылдан бері «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жаңа форматтағы басшыларды іріктеу және даярлау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Шілде, 2025
Биылғы жылы Ұлытау облысындағы Жәйрем кентінде 13 көшенің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Шілде, 2025
Қазақстандықтар жеті айда 2 трлн теңгеден астам зейнетақы алған
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 98,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 678,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 419,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада осы сенбі-жексенбіде яғни 19-20 шілде күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Шілде, 2025
Жетісуда бірінші сыныпқа 13 мыңға жуық бала қабылданады
Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін ата-аналардан балаларын бірінші сыныпқа қабылдау үшін 9717 өтініш түскен. Бұл — өңір бойынша жаңа оқу жылы қарсаңындағы үлкен белсенділікті байқатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Шілде, 2025
BaiQymyz фестивалінде 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады
Астанада «Қазанат» ипподромында осы айдың 19-20 күндері халқымыздың киелі сусыны – қымызға арналған бұрын-соңды болмаған көлемдегі «BaiQymyz – бапталған қымыз және ұлттық тағамдар» гастрофестивалі өтетіні мәлім, оған еліміздің барлық өңірінен 50-ден астам қымыз өндіруші қатысып, жалпы көлемі 16 тоннаға жуық қымыз ұсынылады деп күтіліп отыр. Гастрофистивалге қатысу тегін болады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2025
Жазғы Универсиадаға 76 студент-спортшы қатысады
ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиада – осы айдың 16-27 күндері аралығында Германияның Рейн-Рур аймағында, нақтылағанда Берлин, Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм қалаларында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 15 Шілде, 2025
Қазақ балуандары Азия бәсекесінде 12 медаль алды
Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен 20-ға дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақ балуандары 12 жүлде иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Шілде, 2025
Бірінші сынып оқушыларының 70 пайызы қазақ тілінде оқуды таңдаған
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталды. Осы уақытқа дейін еліміздің мектептеріне 273 643 бала қабылданған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Шілде, 2025
Астанада 1000-ға жуық әуесқой спортшы жүгіру іс-шарасына қатысты
«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Сарыарқа ауданында кезекті жеңіл атлетикалық жүгіру іс-шарасы өтті. Осы жолғы басты ерекшелігі – қатысушылар жаңа маршрут бойынша бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Шілде, 2025
АҚШ сауда серіктестеріне кедендік баж салығын көтереді
АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні берген сұхбатында, елдің негізгі сауда серіктестеріне 15 немесе 20 пайыздық кедендік баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Шілде, 2025
COVID-19-дың жаңа түрі таралып жатыр
Англияда коронавирус инфекциясының жаңа түрлері – Stratus XFG және XFG.3 штаммдары анықталып, ауру жұқтырудың 30 пайызын құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап.
Спорт • 08 Шілде, 2025
Мергендер жаһандық жарысқа аттанды
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы жамбы атудан жасөспірімдер арасында осы айдың 9-13 күндері аралығында өтетін әлем чемпионатына аттанды, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 08 Шілде, 2025
Ауыл мектептерінің әлеуеті артып келеді
Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуды көздеген «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы 2023 жылы басталғаны мәлім. Елімізде мектептердің 70 пайызға жуығы ауылдарда орналасқан және көбі шағын жинақты мектептер, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Шілде, 2025
Tasqyn жүйесі биыл 10 өңірде су тасқыны жағдайын болжаған
Tasqyn ақпараттық жүйесі биыл 14 наурыз бен 18 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, яғни 10 облыс бойынша су тасқыны жағдайын болжап, модельдеді. Бұл ретте жүйе Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы нақты су басқан 16 елді мекеннің 9-ына алдын ала болжам жасады, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 01 Шілде, 2025
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылды
Ақтөбе қаласында ауқымды аула аумақтарын кешенді абаттандыру жобасы іске асырылып жатыр. Жоба барысында тұрғындардың пікірлері ескеріліп отыр. Аулалардың бірінде – тұрғындар сұранысы бойынша автотұрақтар кеңейтілсе, енді бірінде – балалар және спорт алаңдары салынып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Шілде, 2025
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталады
1 тамызда елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Ауқымды статистикалық шара барлық өңірді қамтып, өзекті деректердің маңызды көзіне айналады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 01 Шілде, 2025
1 шілдеде Қазақстан Қарулы күштерінде Сержант күні атап өтіледі. Осыдан дәл 29 жыл бұрын елімізде сержанттарды кәсіби түрде даярлайтын алғашқы оқу орны – Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы құрылған. Қазіргі таңда бұл оқу орны кіші командирлерді дайындайтын заманауи әскери колледж ретінде жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Шілде, 2025
Он өңірді сумен қамту 100 пайызға жетті
Қала мен ауыл тұрғындарын сумен қамту туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Маусым, 2025
ҰБТ-дан шекті ұпай жинаған түлек автокөлікке ие болды
Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) ең жоғары 140 балл жинаған астаналық оқушы Жанайым Рашитке жаңа автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Маусым, 2025
Саясат Нұрбек ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 17 Маусым, 2025
10 сынып оқушысы Еуропаның ең үздік физигі атанды
Болгарияның бас шаһары Софияда бүгін мәресіне жеткен беделді халықаралық зияткерлік сайыс – Еуропалық физика олимпиадасына (EuPhO-2025) 39 елден 200-ден астам жас физик қатысқан. Ел намысын қорғаған 5 оқушының барлығы жүлдегерлер қатарында тұрды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 17 Маусым, 2025
Әлемді аралау үшін үйін сатқан режиссер рекорд орнатты
Детройт қаласының 36 жастағы тұрғыны, режиссер Майкл Зервос Гиннес кітабының жаңа рекордшысы атанды. Ол өзінің сапарын 2024 жылғы 18 қаңтарда бастап, 2025 жылғы 30 мамырда аяқтаған. Сөйтіп әлемнің барлық 195 елін 499 күн ішінде (алдыңғы рекордтан 55 күнге озған) аралап шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Маусым, 2025
Су саласындағы 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы артады
Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды, (1 қыркүйектен бастап күшіне енеді). Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Отбасының цифрлық картасы тиімділігін көрсетті
Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 221,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 116,9 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Маусым, 2025
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі аяқталды
Абай облысының Ақсуат ауданында үш күнге созылған «Асыл бесік – Ақсуат» республикалық спорт және өнер фестивалі мәресіне жетті. Ауқымды іс-шара Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған, деп жазады Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 10 Маусым, 2025
Биыл 123 мың студент жұмысшы мамандығын алып шығады
Бүгінде Қазақстан колледждерінде металлургия, машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерия сияқты экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша мамандар даярлау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 04 Маусым, 2025
Әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі офицерлік шен алды
Елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде жоғары әскери оқу орындарының 14 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.