Соңғы жаңалықтар
Спорт • 10 Қазан, 2025
24 қазанда Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Додада 180 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасады. Еліміздің намысын ерлер сайысында Бекзод Қадірқұлов (54 кг), Темірлан Тілеулес (58 кг), Самирхон Абабакиров (63 кг), Дамир Шүленов (68 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг), Бейбарыс Қаблан (87 кг), әйелдер бәсекесінде Айдана Құмартаева (46 кг), Нодира Ахмедова (49 кг), Әзиза Қаражанова (53 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Айша Әділбекқызы (82 кг), Нұрай Құсайынова (67 кг), Назым Махмұтова (73 кг), Евгения Каимова (+73 кг) қорғайды.
«Таза Қазақстан» • 10 Қазан, 2025
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы басталды. Шараның негізгі мақсаты – орман қорын толықтыру, табиғи тұқым қорын қалыптастыру, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Спорт • 10 Қазан, 2025
Перу астанасы Лимада жастар арасында өткен әлем чемпионатында еліміздің туы астында 18 балуан өнер көрсетті. Солардың арасынан Дина Әбдірова ғана жеңіс тұғырына көтерілді.
Ғалам ғажаптары • 10 Қазан, 2025
Ұлыбританияда өткен дәстүрлі Күзгі көрмеде бір емес, жеті көкөніс әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Облыстағы 352 ауылдық елді мекеннің 232-сі ғана орталықтандырылған ауызсуға қосылған. Жүздеген ауылдың халқы кешенді блок-модульдер мен ұңғымалардың суын тұтынып отыр.
Ғалам ғажаптары • 10 Қазан, 2025
Табиғат тамашасы таусылған ба? Әлемнің ең құрғақ аймағы саналатын Чилидегі Атакама шөлінде гүл өсе бастады.
Тұлға • 10 Қазан, 2025
Астана сәулетінде қолтаңбасы қалды...
Елордадағы архитектура мен құрылыс саласының дамуына зор үлес қосқан белгілі сәулетші, дарынды басшы, кең жүректі абзал азамат, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баир Фарденұлы Досмағамбетов 71-ден асқан шағында дүниеден озды. Бұл – марқұмның отбасы-әулеті, Астана жұртшылығы, әкімдігі мен мәслихаты үшін ауыр қайғы.
Жазылу • 10 Қазан, 2025
«Қазпошта» осы аптада мерзімді басылымдарға жазылу басталғанын хабарлады. Оқырмандар 2026 жылы 3 мың газет пен журналға жазыла алады. Интернет-ресурстардың дамуына қарамастан, баспасөз басылымдары әлі де қоғамдық пікір мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын сенімді ақпарат көзі болып қала береді. Жазылым науқаны аясында «Қазпошта» акционерлік қоғамы «Балаларға сыйлық жаса: газет пен журналдарға жазыл» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асырмақ. Бұл жоба тұрмыстың қиындығына тап болған балаларды танымдық басылымдармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Ғалам ғажаптары • 10 Қазан, 2025
Биылғы химия саласындағы Нобель сыйлығы Жапониядан Сусуму Китагаваға, Аустралиядан Ричард Робсонға және Иордания тумасы, АҚШ ғалымы Омар Ягиге берілді. Олар металды-органикалық каркас (MOF) деп аталатын жаңа материал түрін әзірлегені үшін марапатталды.
Марапат • 10 Қазан, 2025
Әдебиетсүйер қауым көптен күткен жаңалық жария болды. Ұлы даламен тамырлас Мажар елі жазушысы Ласло Краснахоркаи Нобель сыйлығының лауреаты атанды.
Театр • 10 Қазан, 2025
Елорданың мәдени өмірінде айрықша оқиға болды. «Астана Опера» театрында үш күн қатарынан атақты композитор Джузеппе Вердидің әйгілі «Риголетто» операсының премьерасы өтті. Қойылым қала тұрғындары мен қонақтарына ғажайып көңіл күй сыйлады. Бұл туындыны қоюға Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.
Көрме • 10 Қазан, 2025
Елордадағы Ұлттық музейде Алматы облыстық «Анаға құрмет» музей ұжымының ұйымдастыруымен тағылымы терең көрме ашылды.
Спорт • 10 Қазан, 2025
11 қазанда Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Бұл жарыста еліміздің туы астында 10 ойыншы өнер көрсетеді.
Сенат • 10 Қазан, 2025
Қатарда жұмыс істейтіндердің құқы қорғалады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, оның барысында депутаттар азаматтарды әлеуметтік қорғауға арналған заңдарды қарады.
Қаржы • 10 Қазан, 2025
Төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жөніндегі жаңа тетіктің барысы талқыланды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң жобасы шеңберінде нарыққа қатысушылармен төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жөніндегі жаңа тетікті талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 09 Қазан, 2025
Түркістан облысында ұлы анасына донор болды
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының базасында профессор, академик Б.Баймахановтың жетекшілігімен және А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жоғары білікті мамандарының қатысуымен бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Қазан, 2025
Жел, тұман, үсік: ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қазгидромет 10 қазанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде екпінді жел, үсік, тұман мен шаңды дауыл болады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Қазан, 2025
Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш баласын өрттен құтқарып, өзі құрбан болды
Ер адам өртеніп жатқан үйдің терезесінен отбасы мүшелерін тегіс алып шыққан. Өзі ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 09 Қазан, 2025
Алматыда тауға шыққандарды тіркейтін алғашқы құрылғы орнатылды
Елімізде Іле Алатауындағы Үлкен Алматы шыңына көтерілгендерді автоматты түрде есепке алатын құрылғы орнатылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қазан, 2025
Абай елінің бүркітшісі Азия чемпионатында үшінші орын иеленді
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі Дүниежүзілік «Бүркітшілер тойы» аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде қазақ елінің құсбегілік спортынан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болдыдеп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Қазан, 2025
Өңірде мәдениет пен өнер саласы қайта түледі
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өңірде мәдениет пен өнер саласы қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында басқарма басшысы Жанжігіт Омархан баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытып, саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс айтты. Сонымен қатар Орталық Азия және Ресей арасында шынайы достық пен ынтымақтастықты, стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Ресей Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Қазан, 2025
Абай облысында 85 ірі агрожоба іске асырылады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруашылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 09 Қазан, 2025
Алматыда жылыту жүйелері цифрланады
Алматы жылыту маусымына орай «ақылды» жылу жүйесіне көше бастады. Қазіргі кезде жылу жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңі аяқталуға таяп қалды әрі желілерді қадағалайтын цифрлық жүйе енгізілмекші. Биылғы маусымда жылу желілері цифрлық жүйе арқылы басқарылатын болады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 09 Қазан, 2025
Алматыда ақылы автотұрақтар саны артады
Алматыда заманауи әрі ыңғайлы автотұрақ жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілмек, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Қазан, 2025
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Өнер музейін тамашалады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қазан, 2025
Президент «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Қабылдаулар сарайына барды
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 09 Қазан, 2025
Қызылордада кәмелетке толмағандар арасында акция өткізіліп жатыр
Прокуратура бастамашы болған акцияның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықты жасауға бейім жасөспірімдерді анықтап, міндеттерін тиісті түрде орындамайтын ата-аналармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қазан, 2025
Бүгін Әзербайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 09 Қазан, 2025
Өңірлерде күзгі ағаш отырғызу жұмыстары басталды
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Бақдаулет Амангельдинов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.