Соңғы жаңалықтар
Сұхбат • 11 Қазан, 2025
Сәуле Рабаева: «Мақсатым – перзенттерімнің тұлға болып қалыптасуына күш салу»
Шерхан Қалмырза – UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнаған ең жас қақпашылардың бірі. Ересектер сапына жаңа қосылған дарын әлемге әйгілі «Реал Мадрид» клубына қарсы ойында шеберлік танытты. Халықтық командаға айналған «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысының бізге беймәлім қырын анасы Сәуле РАБАЕВАДАН сұрап білдік.
Ғалам ғажаптары • 11 Қазан, 2025
Асфальттағы ақауларды енді арнайы құрылғыларсыз-ақ анықтауға болады. Германияның Фраунгофер зерттеу институтының ғалымдары асфальттың астына төселетін ерекше «ақылды мата» жасап шығарды.
Ғалам ғажаптары • 11 Қазан, 2025
Ұлыбританиядағы аукционда әйгілі ғалым Альберт Эйнштейнге тиесілі скрипка 1,5 миллион долларға бағаланды.
Ғалам ғажаптары • 11 Қазан, 2025
Қытай ғалымдары кәдімгі пластиктен кем түспейтін әрі экологиялық таза бамбуктен жасалған жаңа материал ойлап тапты.
Футбол • 11 Қазан, 2025
Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата ұтты.
Таным • 11 Қазан, 2025
Иммундық жүйенің құпиясы ашылды
Биылғы физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы ағзаның иммундық жүйесін терең зерттеген үш ғалымға – америкалық Мэри Бранкоу мен Фред Рамсделлге және жапон зерттеушісі Симоон Сакагагучиға бұйырды. Олар адам денесін түрлі аурулардан қорғайтын иммундық жүйенің өзін-өзі бақылау тетігін ашқан.
Қоғам • 11 Қазан, 2025
Маңғыстау туризм колледжінің студенті Сұлтанбек Рахатұлы шұбатты жаңа тәсілмен өңдеп, заманауи нарыққа бейімдеді. Жас өнертапқыш бұл жобаны жетекшісі Ұлпан Ілесқызымен бірлесіп жүзеге асырды.
Өнер • 11 Қазан, 2025
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Нью-Йоркте осымен екінші рет жеке концертін берді. Әлем таныған Алаш баласы бұл жолы Майкл Джексон, Элвис Пресли, Бейонсе, Андреа Бочелли және «Битлз» өнер көрсеткен Madison Square Garden аренасында 20 мыңға жуық көрерменді аузына қаратты, жанкүйерлері қазақ әндерінің қайырмасын қоса шырқады.
Мәдениет • 10 Қазан, 2025
Қызылордада "Қорқыт және Ұлы дала сазы" халықаралық фольклорлық-музыкалық фестиваль өтті
Бүгін Өнер орталығында «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің гала-концерті өтті. Фестиваль Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, халықаралық «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорымен бірлесіп ұйымдастырылған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қазан, 2025
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қазан, 2025
Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуда
Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның төртінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 10 Қазан, 2025
Алматы әкімі қаланың технологиялық және IT алаңдарының жұмысымен танысты
Президенттің цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысында Алматыда экологиялық өндіріс пен цифрлық технология дамып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Студенттер күзгі ағаш отырғызу науқанына қатысты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен Ақтөбедегі №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің маңайында «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты тал отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 10 Қазан, 2025
Алматыда ерекше сауда алаңы ашылды
Алматыдағы көпшілікке танымал Көк базарда «Бір ауыл – бір өнім» (БАБӨ) жобасының алғашқы тұрақты сауда нүктесі — Nomad Bazaar ашылды. Мұнда Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Орталық Азияның өзге де елдерінен келген кәсіпкерлер мен қолөнершілердің өнімдері ұсынылған, деп жазады Egemen.kz..
Спорт • 10 Қазан, 2025
«Елімай» мен «Елімай-М» футбол командалары марапатталды
Абай облысының әкімі Берік Уәли «Елімай» мен «Елімай-М» футбол командаларымен кездесіп, бапкерлік құрам мен футболшыларды марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Шымбұлақта тянь-шань шыршаларын отырғызу науқаны басталды
Егер елдің есінде болса, 2011 жылы Іле Алатауында болған алапат дауыл жылдар бойы жайқалып тұрған қарағай мен шыршаларды жапырып кеткен еді. Содан бері орасан шығынның орнын толтыру үшін талай көшет отырғызылып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Қазан, 2025
Қарағандылық фермер бір үйір жылқыны атып тастаған
Қарағанды облысының Заречное ауылының маңында оқ тиген 17 жылқы табылған, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 10 Қазан, 2025
Атырау облысында 9 айда 180 килодан астам есірткі тәркіленді
Атырау облысының полицейлері 9 айда есірткімен байланысты 120 құқық бұзушылықты, оның ішінде 67 қылмысты тіркеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қазан, 2025
Нұржан Қатаев әлем чемпионы атанды
Мажарстанда өткен арадгерлер арасындағы әлем чемпионатында 130 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан қазақтың танымал еркін күрес шебері Нұржан Қатаев барлық қарсыласын сыпара ұтып, бас жүлдені олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Қазан, 2025
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасына есе жіберді
Қытайдың Ухань қаласында теннистен WTA 1000 турнирі өтіп жатыр. Отандасымыз Елена Рыбакина беделді турнирдің жартылай финалына жолдама иелене алмады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Елордалық оқушы «Жасыл мектеп» жобасын ұсынды
Болашақтың жасыл әрі экологиялық қауіпсіз мектеп жобасын таныстырған Ақбота Базарбай №29 мектептің 9-сынып оқушысы, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Қ.Тоқаев Душанбеде Владимир Путинмен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Душанбеде кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қазан, 2025
Ұлытауда «Қазақтың Қайраты» атты салтанатты кеш өтті
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Мәдени-сауық орталығында ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Қайрат Байбосыновтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Қайраты» атты салтанатты кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 10 Қазан, 2025
Алматыда Түркология конгресі басталды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында көрнекті ғалым, ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жаһандану дәуіріндегі тіл ғылымы, филология және түркітанудың өзекті мәселелері» тақырыбында түркология конгресі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қазан, 2025
Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы қолға алынды
Жамбыл облысында жылына 500 мың тонна кен өндіретін ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Қазан, 2025
Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені көтерді
Сарапшылар бұл тәсілді жиірек қолданудың нарыққа әсері аз екенін айтады. Базалық мөлшерлеменің 18 пайызға көтерілгенін мәлімдеген Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов инфляция төмендемесе, қараша айында монетарлық саясатты одан әрі қатайтуды қарастыруы мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қазан, 2025
Қазақстандық жүргізушілерге Ресейдің шектеулері қолданылмайды - депутат
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Болатбек Әлиев Қазақстан Үкіметі Ресей тарапымен жедел келіссөздер жүргізіп, халықаралық тасымал жүргізушілеріне қатысты жаңа көші-қон шектеулерінің жойылғанын хабарлады. Бұл шешімнің арқасында мыңдаған жүргізуші жұмыс орнын сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Қазан, 2025
Президент: Креативті индустрия бағытында ТМД елдерінің әлеуеті зор
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысындағы сөйлеген сөзінде Президент ТМД-ның гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры базасында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 10 Қазан, 2025
Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта кірісті
Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі жариялап, жаттығу сәтінен видео үзінді бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Қазан, 2025
Қошанов: Шикізаттық тәуелділіктен арылуда мұнай-газ секторы маңызды рөл атқаруы тиіс
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Энергетика министрлігі Парламент Мәжілісімен бірлесіп Ақтау қаласында ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумында сөз сөйледі. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының, сондай-ақ отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.