Қоғам • 18 Қараша, 2025

Өзбекстаннан Қазақстанға көшу қарқыны жиіледі

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанға басқа елдерден тұрақты тұру үшін 16,2 мың адам келсе, оның 8,3 мыңы, яғни 51%-ы бұрын Өзбекстанда тұрғандар екен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректері көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстаннан Қазақстанға көшу қарқыны жиіледі

Фото: kursiv.media

Бұдан да көп көрсеткіш соңғы рет 2013 жылы тіркеліпті. Ал елдің жалпы иммиграциядағы үлесі 2014 жылдың қаңтар-қыркүйегінен бері алғаш рет 50%-дан асып отыр.

Өзбекстаннан келушілердің үлесінің 50%-ға жуық деңгейі 2010 жылдары байқалған екен. Бірақ кейін бұл көрсеткіш те, республикадан келген иммигранттардың жалпы саны да төмендеген.

Айта кетерлігі, 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қатысты егжей-тегжейлі деректер жоқ. Алайда, белгілі болғаны – сол жылы Өзбекстанның үлесі жыл қорытындысы бойынша тек 37% болған. Иммиграциялық ағым жыл ішінде әдетте біркелкі жүретінін ескерсек, үш тоқсандағы нәтиже бұдан көп айырмашылыққа ие болмағаны анық.

Биылғы жағдай неліктен өзгерді?

Өзбекстаннан келгендердің саны биыл былтырғы жылмен салыстырғанда 11%-ға ғана артқан. Алайда елдің иммиграциядағы үлесі бірден 15 пайыздық тармаққа артты.

Бұл неліктен болды? Себебі иммигранттардың жалпы саны былтырғы 20,4 мыңнан биылғы 16,2 мыңға күрт төмендеді. Мұның негізгі себебі:

Ресейден тұрақты тұруға келгендердің саны 47%-ға азайған (3,1 мың адамға дейін).

Моңғолиядан келгендер былтырғы «секірістен» кейін 71%-ға төмендеп, 0,3 мың адамға дейін қысқарған.

Өзбекстаннан қай ұлт өкілдері келіп жатыр?

Этностық құрылым бойынша деректерге сәйкес, Өзбекстаннан келушілердің үштен екі бөлігі – қазақтар. Олар көбіне Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарын таңдап отыр.

Қоныстанатын өңірлер бойынша көрсеткіш: Алматы облысы – келгендердің 41%-ы, Маңғыстау облысы – тағы 22%-ы.

Соңғы жаңалықтар