ат
Экономика • 05 Қараша, 2025
Бұдан былай зейнетақы аударымының 5%-ы жұмысшының жеке шотына түсуі мүмкін
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер міндетті 10%-дық зейнетақы төлемінен бөлек, өз қаражаты есебінен жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына қосымша жарна аударуға міндеттелген. Алғашқы жылы зейнетақы жарнасының мөлшері жалақының 1,5%-ын құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін көтеріледі. Бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов сол 5%-дың 4%-ын азаматтардың жеке шотына аудару ұсынысын тарқата айтты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 05 Қараша, 2025
Алматылық дәрігерлер жүрек ауруын емдеудің озық әдісін тапты
Соңғы жылдары дәрігерлерге кальцийленген артериялық атеросклероз диагнозы қойылған науқастар жиі жүгіне бастаған. Мұндай жағдайда қан тамыры қабырғалары қатайып, икемділігін жоғалтады да, стандартты баллондық ангиопластикамен оларды кеңейту мүмкін емес. Соған байланысты қалалық кардиологиялық орталық кальцийленген артерияны емдеудің озық әдісін енгізді.
Қоғам • 05 Қараша, 2025
1 желтоқсаннан бастап автокөлік сатып алу тәсілі қалай өзгермек?
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға арналған жаңа автолизинг бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Жаңа жүйе көлік алудың балама және ыңғайлы тәсілін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 05 Қараша, 2025
«Интер» шабуылшылары да қарапайым адам: Егор Сорокин матч туралы ойын айтты
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасынының жалпы кезеңіндегі кезекті ойынын Миландық құрама «Интерге» қарсы өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Қараша, 2025
АҚШ-та ұшақ апатынан 7 адам қаза тапты
АҚШ-тың Кентукки штатында UPS авиакомпаниясына тиесілі McDonnell Douglas MD-11F жүк ұшағы Луисвилл қаласындағы Мұхаммед Әли атындағы халықаралық әуежайдан көтерілген соң көп ұзамай апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 05 Қараша, 2025
Алматыда қар молынан жауып, тұрғындар әбігерге түсті (фото, видео)
4 қараша күні Алматыда алғашқы қар жауды. Кенеттен түскен ақ ұлпа қала тұрғындарын әбігерге салды, ал коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 05 Қараша, 2025
Жүргізуші 12 жастағы қызды қағып, өзі қашып кеткен
Алматыда Есенәлиев көшесінде күндізгі сағат 16:00 шамасында 12 жастағы қызды көлік қағып кеткені хабарланды. Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Баланы қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, оқиға орнынан бой тасалаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қараша, 2025
Атырауда жол апатынан екі жасөспірім көз жұмып, төрт адам ауруханаға түсті
«Атырау-Орал» тас жолынның 27-шақырымында КамАЗ бен LADA Granta көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жасөспірім мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 04 Қараша, 2025
Қансонарда бүркітші шығады аңға: Биыл қасқыр мен түлкі атуға рұқсат жоқ
Қазақстанның кең-байтақ даласы ежелден адам мен табиғаттың үйлесім тапқан мекені саналады. Дегенмен соңғы жылдары қасқыр мен қабан, тіпті қоңыр аюдың елді мекендерге жақындап келуі жиілеп, халық пен билік арасындағы алаңдаушылық арта түсті. Осыған орай Сенат депутаты Қайрат Тастекеев жабайы жануарлардың санын бақылау мен реттеуді күшейту жөнінде Үкіметке сауал жолдаған еді.
Шаруашылық • 04 Қараша, 2025
Атырауда бруцеллез анықталған 518 малдың иелеріне 15 млн теңге өтемақы беріледі
Атырау облысында 1 млн 56 мың 793 төрт түліктен қан сынамасын алу жоспарланып отыр. Осы кезге дейін 935 мың 63 мал тексерілген, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 04 Қараша, 2025
Елімізде қанша адам айына 150 мың теңгеден аз жалақы алады?
2025 жылғы дерек бойынша Қазақстандағы медианалық жалақы 317 512 теңгені құрады. Бұл – жұмысшылардың жартысы осы сомадан аз, ал екінші жартысы одан көп табыс табады дегенді білдіреді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 04 Қараша, 2025
Алматыдағы ЖЭО-2-нің газға қашан көшірілетіні белгілі болды
Алматыдағы ЖЭО-2 (ТЭЦ-2) 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін газға көшіріледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Елімізде шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 1-4 сыныптарға арналған «Шахмат негіздері» курсы өткізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 04 Қараша, 2025
Дәнді дақылдарды жинау науқаны қалай өтті: Министр мәлімдеме жасады
Ел аумағы бойынша дәнді дақылдарды жинау толық аяқталғанын Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Қараша, 2025
Қытайда ұшатын автокөліктер сынақтан өткізіліп жатыр
Қытайлық электрлі көлік өндіретін XPENG компаниясы «ұшатын автомобильдерін» сынақтан өткізуді бастады. «Ұшатын көлік» алты дөңгелекті жерүсті көлігінен және тік ұшып-қона алатын, ұшуды қамтамасыз ететін құрылғысы алуға ыңғайлы аппараттан тұрады, деп жазады Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Қараша, 2025
Түркістанда болған атыстан бір адам қаза тапты
2025 жылдың 2 қарашасы түнінде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану фактісі тіркелді. Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, тағы үш тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Осы және басқа да деректерді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Қараша, 2025
Бала тәрбиесіндегі міндетін орындамаған мыңдаған ата-ана жауапкершілікке тартылды
Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жыл басынан бері 7 мыңнан астам істі қарады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
«Қайрат» пен «Семей» плей-оффқа жолдама алды
Алматының «Қайраты» мен Абай облысының «Семей» клубы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф додасына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
Таеквондодан әлем чемпионатында жерлестеріміз бір-ақ алтын алды
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Аталған додада 150 мемлекеттен келген 900-ден аса даян шеберлері күш сынасып, 16 жүлде жиынтығын сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қараша, 2025
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында жанкүйерлердің ең көп қолдауына ие болған командалардың тізімі жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 03 Қараша, 2025
Алматыда жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алматыда алдағы күндері жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Санайғақ: Қазақстан халқы санының қаншаға жеткені хабарланды
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының жаңа деректерін жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 445 231 адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қараша, 2025
Алматы әуежайын жаңғырту жұмыстары талқыланды
Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 03 Қараша, 2025
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, биылғы қыркүйек-қазан айлары аралығында еліміз жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасын экспорттаған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Қараша, 2025
Қазан айында инфляция 12,6%-ға баяулады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, инфляция 2025 жылғы қазан айындағы есеп бойынша 1 жылда – 12,6%-ды, бір айда – 0,5%-ды құраған. Қыркүйекте жылдық көрсеткіш 12,9% құраған еді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қараша, 2025
«Таза Өскемен» кәсіпорнының бұрынғы басшысы 120 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры мен оның серіктестері қала көшелерін күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, мемлекетке 120 миллион теңгеден астам залал келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 03 Қараша, 2025
Қазақстан мен Сербия арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан мен Сербияның бас шаһарлары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды, оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қараша, 2025
Алматыда мүгедектердің жайын ескерген қанша нысан бар?
Алматы қаласындағы 4323 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысанда мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Тұтынушыларға тегін тамақ таратқан дәмханаға айыппұл салынды
Жуырда Алатау қаласының Жетіген шағын ауданында орналасқан дәмханалардың бірінің әкімшілігі мекеменің ашылуына орай іс-шара өткізген, деп жазады Egemen.kz.