Соңғы жаңалықтар
Экономика • 29 Қыркүйек, 2025
Алтын - құнын жоғалтпайтын актив
Алтын – қанша уақыт өте де құнын сақтап қала алатын санаулы активтердің бірі. Бұл әсіресе біздің елдегі инвесторларға аса маңызды. Өйткені ұлттық валютаның құбылмалылығы қаржы нарығына үнемі әсер етіп отырады. Сондықтан да Қаржыгерлер қауымдастығының бас сарапшысы Рамазан Досовтың сөзінше, алтынға уақытында назар аудару керек, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысы жылыту маусымына 100 пайыз дайын
Жылуға жауаптылардың мәлімдеуінше, Түркістан облысы 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына толық дайын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – қоғам дамуының негізі
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына кері әсерін тигізетін қауіпті құбылыс. Ол қоғамның тұрақтылығына, заң үстемдігіне және азаматтардың билікке деген сеніміне нұқсан келтіреді.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Сатып алушыны алдаған автосалон жазасын тартты
Петропавлда сатып алушы өзін алдаған автосалонды сотқа беріп жеңіп шықты деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Президент Жаслан Мәдиевке цифрлық технологияларды дамыту бойынша тапсырма берді
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салық • 29 Қыркүйек, 2025
Өзін-өзі жұмыспен қамтитындарға жаңа салық режімі енгізілді
Елімізде келер жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 29 Қыркүйек, 2025
Алматыда ІІМ Академиясының 300 курсанты Ант қабылдады
Алматы қаласындағы 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бірінші курс курсанттары Ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2025
720 ресейлікке заңсыз жолмен ЖСН берілген
Солтүстік Қазақстан облысында Ресейдің 720 азаматына заңсыз жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілгені анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 29 Қыркүйек, 2025
«Айбалта-2025»: Барлау бөлімшелері тактикалық атыс нормативтерін орындады
«Айбалта» оперативтік-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері тактикалық атыс бойынша кешенді нормативтерді орындады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Шымкент халықаралық әуежайы жаңа мәртебе алды
Шымкент халықаралық әуежайы RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесін алды. Әуежай жүк тасымалдау саласында Еуропалық одақтың қатаң авиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 29 Қыркүйек, 2025
Декларацияны жасырғандарға айыппұл салынады
Елімізде келер жылдан бастап жеке тұлғаларға арналған жаңа салық талабы күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Ернар Лазар Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды
Ернар Лазар ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 29 Қыркүйек, 2025
Астанада LRT пойызы сынақ режімінде іске қосылды
29 қыркүйектен бастап Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесін сынақ режімінде пайдалану басталды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Саясат • 29 Қыркүйек, 2025
Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасын тапсырды
Италия Президенті Серджо Маттарелла Қасым-Жомарт Тоқаевқа Италияның ең жоғары наградасы – «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденін тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Тоқаев Италия Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелланы І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қыметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Италия Президенттері БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Президенті Серджо Маттарелла БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 29 Қыркүйек, 2025
«Реал» «Қайратқа» қарсы қандай құрамда ойнайды
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Алматыға Мадридтің әйгілі «Реал» клубы келді. Оларды әуежайдан қарсы алуға құлшынған жанкүйерлердің қатары өте көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 29 Қыркүйек, 2025
Қостанайға қар түсіп, электр желілері істен шықты
Қостанай қаласы мен Қостанай, Меңдіқара, Федоров аудандарында таңертеңнен бері қар жауып тұр. Толассыз жауған қардың салдарынан жапырағы сарғайып үлгермеген ағаш бұтақтары сынып, электр желілерінде апаттық жағдайлар тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Италия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Италия арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық берік саяси диалогқа, қарқынды экономикалық серіктестікке және тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарға арқа сүйейтінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Атыраудағы қонақүйде мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры қайтыс болды
Атыраудағы қонақ үйдің бірінде мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов өмірден өтті. Оның қазасына жүрек талмасы себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді
1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 15 054 шетел азаматы еңбек етіп жүр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Шымкентте интернет алаяқтардың қылмыстық тобы қолға түсті
Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес бастады. Соның аясында Шымкент, Алматы қаласы мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Тексеру барысында күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген материалдық шығын жалпы сомасы 141 миллион теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда халықаралық конференция өтіп жатыр
Ұлытау облысында қыркүйек айының 27–29 күндері аралығында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 29 Қыркүйек, 2025
«Qaitadan» фильмі миллиардтық табысқа жетті
Қазақстан киноиндустриясында жаңа тарихи жетістік тіркелді. Режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды «QAITADAN» фильмі прокатқа шыққан үш аптаның ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, мемлекеттен бөлінген қаражатты бес есеге артығымен қайтарған алғашқы жоба атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістанда триатлоннан Азия кубогы өтті
26–28 қыркүйек күндері Түркістанда Asia Triathlon Cup Turkestan 2025 жарысы өтті. Түркі дүниесінің рухани астанасында ұйымдастырылған додаға Азиямен қоса Еуропаның мықты триатлеттері жиналды. Барлығы 12 елдің спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Ақордада Италия Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 29 Қыркүйек, 2025
Астанада әскери психологтар жиналысында жасанды интеллект негізінде әзірленген AI-sulu Telegram-боты таныстырылды. Бұл жаңа қызмет әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы анонимді түрде көмек көрсетуге арналған, деп жазады Egemen.kz
Білім • 29 Қыркүйек, 2025
Жаңа оқулықтарға сараптама жүргізіледі
Жаңа мектеп оқулықтарын сараптауды Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады. Бүгін басталатын шара 34 пилоттық мектепте жүргізіліп, 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтарды қамтиды, деп жазады Egemen.kz.