Соңғы жаңалықтар
Алматы • 03 Қыркүйек, 2025
Әлеуметтік жауапкершілік көрінісі
Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өскелең ұрпаққа қамқорлықты күшейту туралы тапсырмасына сәйкес маңызды әлеуметтік нысанның құрылысы басталды.
Көрме • 03 Қыркүйек, 2025
Мемлекеттік орталық музейде қазақ бейнелеу өнерінің дара тұлғасы, көрнекті суретші Молдахмет Кенбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жарқын бояулар шебері» атты көркемөнер көрмесі есік ашты.
Театр • 03 Қыркүйек, 2025
Өмірін қазақ сахнасы мен киносына арнаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті актер Айдос Жұмаділдәұлы Бектемір шеберлік шыңына қалай көтерілгеніне зер салсақ, сахнаның өзегіндегі асау рух, сырлы сөз, шынайы бейнелердің қалай туғанын тереңірек ұғынамыз.
Сұхбат • 03 Қыркүйек, 2025
Серік АҚШОЛАҚОВ: Нейрохирургияның инновациялық өрісі кеңейіп келеді
Ұлттық нейрохирургия орталығы әлемдегі таңдаулы медициналық ұжымдардың алдыңғы легінде аталады. Себебі мұнда жыл сайын 5000-нан астам операция жасалып, сырқатына шипа іздеген жандардың жүрегіне шуақ сыйлайды. Мақтанышпен айтар жайт, елімізде алғаш рет нейрохирургияның ілкімді бағыты саналатын микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық және функционалдық нейрохирургия салалары да өріс алды. Осыдан 20 жыл бұрын жерлестеріміз шетелдің алдыңғы қатарлы нейрохирургиялық орталықтарында операция жасатса, бүгінде дамыған елдердің де азаматтары Астанаға ат байлап, сырқатына шипа табады. Ұлттық нейрохирургия орталығында 17 жыл ішінде 70 мыңнан астам науқасқа ем жүргізіліп, 50 мыңнан астам операция жасалған. Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлттық нейрохирургия орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен дидарласып, ол жетекшілік ететін іргелі ұжымның тыныс-тіршілігі, даму үдерісі туралы әңгіме өрбітудің орайы туды.
Тұлға • 03 Қыркүйек, 2025
«Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда…»
Албырт шағынан өзгеге ұқсамайтын кестелі поэзиясымен танылған жыр жампозының бірі – Жұмекен Нәжімеденов. Ақынның кіндік қаны тамған жеріне арнаған өлеңдерінен сағынышы мен қоңыр мұңы аңғарылады. Бұған атасы Нәжімеден қарттың тәлімді тәрбиесін көп көргені, бәлкім, өнегеге толы әңгімесін көп тыңдағаны әсер еткен шығар.
Ғалам ғажаптары • 03 Қыркүйек, 2025
Қытайдың Хуацзян каньонында әлемдегі ең алып көпір салынып жатыр. Құрылыс қыркүйек айының соңында аяқталады деп жоспарланған.
Таным • 03 Қыркүйек, 2025
Білім-ғылым жолы – ең ізгі, ең бағалы жол. Ежелгі Шығыс кітабы «Кәлила мен Димнәда» ғылым жолындағыларды сыйламаған адамды тоғышарға жатқызады.
Шымкент • 03 Қыркүйек, 2025
Биыл ел Конституциясының қабылданғанына – 30 жыл. Осынау даталы күнге орай Шымкент қаласының «Қызғалдақ» сарайында «Ата заңым – айбыным» атты мерекелік кеш өтті. Оған мәслихат депутаттары, жергілікті әкімдік қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар мен қала қонақтары қатысты. Салтанатты жиын ту көтеру рәсімімен басталды. Еліміздің гимні шырқалып, патриоттық рух асқақтады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков сахна төріне көтеріліп, жиналған көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, бүгінге дейін жеткен жетістіктер туралы баяндады.
Шымкент • 03 Қыркүйек, 2025
1 қыркүйек – Білім күні мерекесінде Шымкентте бірнеше мектептің ашылу салтанаты өтті. Солардың ішінде қаланың Қаратау ауданы әкімдігіне қарасты Таскен тұрғын алабындағы №151 жалпы орта мектебін ерекше атауға болады. Бұл білім ошағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп, жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.
Ғалам ғажаптары • 03 Қыркүйек, 2025
Қазан қаласында «аспан тракторы» деп аталатын агродрон сынақтан өтіп, көпшілікті таңғалдырды. Кәдімгі доңғалақты техникалар батпаққа батып жүре алмай жатқанда, бұл дрон жаңбырдан кейін де еркін ұшып, егістікті емін-еркін өңдей береді.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Ауыл тұрғындары алысқа сабылмайды
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты 2 мыңға жуық тұрғыны бар Көктерек ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұған дейін ауыл тұрғындары қарапайым тексерулер үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болып келсе, енді алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан-ақ ала алады.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2025
Болгарияның бас шаһары – Софияда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Жарысты еліміздің құрамасы бес жүлдемен қорытындылап, 1 алтын, 1 күміс, 3 қолаға қол жеткізді.
Спорт • 03 Қыркүйек, 2025
Алтынды аңсаған ширек ғасыр...
13–21 қыркүйек аралығында Хорватияның астанасы – Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Елімізде балуандық өнердің бай дәстүрі бар екенін барша жұрт жақсы біледі. КСРО дәуірінде Анатолий Колесов, Валерий Анисимов, Владимир Бакулин, Валерий Резанцев, Анатолий Назаренко, Анатолий Быков, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыхановтың есімдері әлемдік спорттық шежіреде алтын әріптермен жазылды. Сол жеңіспен өрілген дәстүр тәуелсіздік алғаннан кейін де жалғасты.
Ғалам ғажаптары • 03 Қыркүйек, 2025
«Google Translate» тіл үйретеді
«Google» аударма қызметін жаңартып, тікелей аударма мен тіл үйрену функцияларын іске қосты. Енді қолданушылар сервистің көмегімен тыңдалым мен сөйлеу машықтарын жетілдіре алады.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде күзгі жиын-терім жұмыстары қыза түскен. Бұған дейін негізінен пияз өсірумен айналысқан өңір шаруалары кейінгі жылдары ауыл шаруашылығын әртараптандыруға бет бұра бастады.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Павлодарда қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына, Конституцияның 30 жылдығына орай музыкалық кеш өтті. Өзге ұлт өкілдері композитордың әндерін орындап, Достық үйін думанға бөледі.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2025
Президент Әкімшілігінің келісімімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Нұрлан Кеңесов облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Ресейдің «Челябинск-Новосибирск» автотрассасының қазақстандық участогында тапа-тал түсте жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Қыркүйек, 2025
Бейжіңде тұңғыш рет Қазақстан мәдени орталығы ашылды
Бүгін Қытай астанасы Бейжің қаласында тарихта тұңғыш рет Қазақ мәдени орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2025
Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қаза тапты
Таразда мектеп оқушысы пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 02 Қыркүйек, 2025
Алматыда әйелдерді құлдыққа сатпақ болған қылмыстың жолы кесілді
Алматы қаласы прокуратурасының, ҰҚК қала бойынша Департаментінің үйлестіруімен, сондай-ақ Интерполдың және Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің жәрдемдесуімен, Қазақстан Республикасының азаматшасын шетелге еңбекке пайдалану үшін заңсыз тарту және әкету әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасы мәлім етті.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Елімізде 5,9 млн тонна астық жиналды
Бүгінгі таңда дәнді дақылдардың 4,2 млн гектары жиналып, бұл жалпы егіс алқабының 26 пайызын құрайды. Жалпы 5,9 млн тонна астық бастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
«AMANAT» партиясы мыңдаған балаға мектепке дайындалуға көмектесті
Жаңа оқу жылының қарсаңында «AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» жобасы аясында 16 жыл қатарынан «Баланы мектепке дайындайық!» республикалық қайырымдылық акциясын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 02 Қыркүйек, 2025
Еліміздегі әлеуметтік саясаттың жүйелі шаралары мен нәтижелері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында әлеуметтік сала мен еңбек нарығын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Сенатор Геннадий Шиповских: Әлеуметтік желідегі алаяқтыққа заң аясында нақты шара қажет
Сенат депутаты Геннадий Шиповских Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында әлеуметтік желілердегі заңсыз ойындар, лотереялар және онлайн жарнамалар жасап жүргендерге қатысты пікірін білдірді. Депутат бұл мәселені алдағы жалпы отырыста арнайы көтеретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шахмат • 02 Қыркүйек, 2025
Жас шахматшылар халықаралық турнирде топ жарды
11 жастағы Әлімжан Жауынбай БАӘ қаласы Эль-Фуджейрада өткен халықаралық шахмат фестивалінде чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 02 Қыркүйек, 2025
Жанарбек Әшімжанов: «Қайраттың» жеңісі – елге ортақ қуаныш
Алматылық «Қайрат» клубының УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуі отандық футбол тарихындағы сенсациялық жаңалық болды. Алматылық команданың, әсіресе шотландиялық «Селтикпен» болған соңғы ойындағы жеңісін тарихи сәт десек қателеспеспіз, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда несие алу тәртібіне жаңа талаптар енгізілді
Қазақстанда ірі көлемдегі несиеге өтініш берген қарыз алушыларға шешімін қайта қарастыруға қосымша уақыт беріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 02 Қыркүйек, 2025
Несие төлемін 1 ай кешіктіргендерге жаңа қарыз берілмейді
Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдары несие беру ережелерін қатаңдатады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) жаңа қаулысы халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алуға бағытталған. Егер қарыз алушының айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болса, оған несие рәсімделмейді. Сондай-ақ адамның барлық несиелері айлық табысының 50%-ынан асып кетсе, жаңа қарыз алу мүмкін болмайды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Қыркүйек, 2025
Қытай ресейліктер үшін бір жыл бойы визасыз режим енгізеді
Бейжің 15 қыркүйектен бастап тұрақты шетелдік төлқұжаты бар Ресей азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.